О повышении тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Темиртау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Темиртау
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/1
- Қабылданған күні
- 04.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2024 91542_706608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KC003308
- ЭКБ идентификаторы
- 91542
- Редакция идентификаторы
- 91542_706608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:46
0 Теміртау қаласында жолаушыларды
және багажды қалалық автомобильмен
тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру
туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 – бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 – баптарын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі жетпіс теңге көлемінде белгіленсін.
2 2. «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Акулова Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте осы қаулыны орындау бойынша шаралар жүргізсін.
3
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 39/1 «Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашадағы «Теміртау» газетінің № 44 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қалалық мәслихатының
хатшысы
_______________ В. Свиридов
« 4 » маусым 2015 жыл