Вопросы залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кепілдігінің қамтамасыз етілуі ретінде коммуналдық меншіктегі объектілерді пайдалану мәселелері” атты 07.07.2000 жылғы N1028 Қаулысына сәйкес және кәсіпкерлікті дамыту мақстаныда:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кепілдігінің қамтамасыз етілуі ретінде коммуналдық меншіктегі объектілерді пайдалану Ережелері бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 2
2. “Бизнес-Инкубатор” КМК жанындағы кепілдік қорына берілген коммуналдық меншіктегі объектілердің тізілімі бекітілсін және кепілдік қоры құрылсын (N2 қосымша).
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншіктегі объектілер есебінен несие беру кепілдігі қамтамасыз етілетін шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын таңдау Комиссиясының құрамы бекітілсін (N3 қосымша)
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмысшы органы болып “Бизнес-Инкубатор” КМК белгіленсін.
Тармақ 5
5. Коммуналдық меншік басқармасының Департаменті ( Иванов В.Н ) бір ай мерзім ішінде кепілдік қор меншігіне берілген коммуналдық меншіктегі объектілерді түгендеу жұмыстарын өткізсін
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің “Бизнес-Инкубатор” КМК-ны жанынан кепілдік қорын ашу туралы” 2000 жылдың 21 тамызындағы N143 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ж. Т. Таласпековке жүктелсін.
Басқа 8. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуын кепілдік қамтамасыз ететін коммуналдық меншік объектілерін пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қарағанды облысы әкімінің 2001 жылғы 28.04. N 74 шешіміне N1 қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуын кепілдік қамтамасыз ететін коммуналдық меншік объектілерін пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуға кепілдік ретінде беретін коммуналдық меншік объектілерін пайдалануының бірынғай негізін анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.07.2000 жылғы N1028 Қаулысына сай дайындалған.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуына коммуналдық меншік объектілерінің кепілдігін қамтамасыз етуді “Бизнес-Инкубатор” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жанынан кепілдік Қорын ашу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік Қорына беру шешімін облыс әкімі (бұдан әрі Әкім) қабылдайды.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алу кепілдігін қамтамасыз етуге коммуналдық меншік объектілерін кепілдік ретінде пайдалану үшін “Бизнес-Инкубатор” КМК өзінің кәсіпкерлік тәуекелінің қамсыздандыруын жасағанда ғана жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепілдік мүліктерін таңдап алу және оны бағалау
2. Кепілдік мүліктерін таңдап алу және оны бағалау
Тармақ 5
5. Әкім жыл сайын коммуналдық меншік объектілерін түгендейді, сонымен қатар объектілердің атауы, оналасқан жері, баланстағы құны жцне басқа да жағдайларды көрсетіп, коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін жасайды және оны бекітеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентінің “Банктер мен банктік істер туралы” 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығына сай кепілдікті қамтамасыз етуге коммуналдық меншік объектілері құнының несие беруші ұйымдарының талаптарына сәйкестігін ескере отырып, жылжымайтын мүліктер орталығының немесе тәуелсіз сарапшыларды қатыстыра отырып, объектілер тізілімін жасайды.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік ретінде несие алуға беретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік ретінде несие алуға беретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің шешімімен коммуналдық меншік объектілерін кепілдік ретінде несие алуға беретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алатын комиссия (бұдан былай Комиссия) құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссияны әкім басқарады.
Тармақ 9
9. Лауазымы бойынша “Бизнес-инкубатор” КМК директоры Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы ұсынатын 5 адамнан тұратын Комиссияның дербес құрамын Әкім бекітеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар дайындайды, өз құзыреті шегінде Комиссия шешімінің орындалысын қамтамасыз етеді. Комиссия мүшелерінің және комиссия жұмысына шақырылған мамндар жұмыстарын үйлестіреді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алуда олардың тапсырыстарын тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алуды қамтамасыз ету 3 кезеңмен өтеді. Алғашқы кезеңде жұмыс органы жобалардың экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік, қаржылық жағына талдау жасайды және сараптама мен қорытынды жасайтын неисе беруші ұйымдарға несие беру мүмкіндігін қарастыруға құжаттар тапсырады. Несие беруші ұйымдардан жақсы баға алған тапсырыстар жөнінде жұмыс органы алдын-ала экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасымен келіседі. Несие беруші ұйымдардың қорытынды құжатымен бірге келісімге ие болған тапсырыстар қарауға Комиссия отырысының белгіленген уақытынан 3 күн бұрын жұмыс органына ұсынылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша Комиссия өз іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) комиссия жұмысына ғалымдар ішінен сарапшылар мен консультанттар, беделді кәсіпкерлер, басқару органдарының өкілдері мен басқа да мамандарды тартады;
Тармақша 2
2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшы және жұмысшы топатрын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) қажетті ақпараттық, талдау, аныктама-с истикалық материалдарды, сонымен қатар ведомстволық нормативтік –құқықтық актілерді алады.
Тармақ 13
13. Жобаларды тандап алуда төмендегідей талаптар ескерілуі қажет:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бюджетке қарызының жоқтығы;
Тармақша 2
2) егер бар болса, несие алу жұмысындағы қолайды істері мен жетістіктері;
Тармақша 3
3) жыл сайын облыс әкімі бекітетін аймақты дамытудың индикативтік жоспарының жобасы мен аймақта шағын бизнесті дамытудың басымдық бағыттарына сәйкестігі.
Тармақ 14
14. Комиссия несие беруші ұйымдардың қолдауына ие болған тапсырыстарды тіркеуден өткен сәттен бастап екі ай уақыт ішінде қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссия төрағасы комиссия отырысын қажетті жағдайда немесе тоқсанына бір реттен кем емес мезгілде өткізеді. Ашық дауыс беру жолымен қатысушылардың 2/3 бөлігі қолданға, комиссия шешімі қабылданған болып танылады. Комиссия шешіміне төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері болса,жазба түрде рәсіңмделіп, Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелері жобалар мен ұсыныстарды тандап алуда қабылданатын шешімдері үшін Қазақстан Республикасы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” 02.06.1998 жылғы Заңы мен тағы да басқа Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес жауап береді.
Тармақ 17
17. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алуда оларға кепілдік берілмеген жағдайда жобаларды тандап мезгіліне сәйкес жұмыс органы 3 күн ішінде рұқсат берілмеу себебін көрсетіа, шағын кәсіпкерлік субъектілерін жазбаша түрде хабардар етуі тиіс.
Тарау 4. 4. Кепілдіктерді қамтамасыз етуді рәсімдеу
4. Кепілдіктерді қамтамасыз етуді рәсімдеу
Тармақ 18
18. Комиссияның хататмалық шешімі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммуналдық меншік объектілерін несие алуға кепілдік ретінде береретіндігі туралы келісім-шарт жасасуы “Бизнес-Инкубатор” КМК-ның шешім қабылдауының негізі болып табылады.
Тармақ 19
19. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие алушыларға кепілдік беруші “Бизнес-Инкубатор” КМК-ны болып табылады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жылжымайтын мүліктер ипотекасы туралы” 1995 жалдың 23 желтоқсанындағы N2723 Жарлығына сай жобаларды қаржыландыру жөнінде шешім қабылданса, “Бизнес-Инкубатор” КМК шағын кәсіпкерлік субъектілері және несие беруші ұйымдармен ипотектік келісім жасайды.
Тармақ 21
21. Ипотектік келісімде кепілдік заты, оның кепілдік мүлік ретіндегі белгісі, бағасы, негізгі міндеттемелері мен олардың көлемі мен орындалу мерзімі, екі жақтың құқығы мен міндеттері, оның ішінде “Бизнес-Инкубатор” КМК-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау құқығына иелігі көрсетілуі тиіс.
Тармақ 22
22. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммуналдық меншік объектілерін несие алуға кепілдік ретінде пайдаланғаны үшін “Бизнес-Инкубатор” КМК-на беретін сыйақысы мүддесі) алынған несиенің 0,1%-ы мөлшерінде белгіленеді.
Басқа 2. “Бизнес-Инкубатор” КМК –ны жанынан ашылған кепілдік қорының меншігіне берілген коммуналдық меншіктегі объектілер тізілімі
Қарағанды облысы әкімінің 28.04.2001 ж. N 74 шешіміне N 2 қосымша “Бизнес-Инкубатор” КМК –ны жанынан ашылған кепілдік қорының меншігіне берілген коммуналдық меншіктегі объектілер тізілімі Рет саны Атаулары Мекен-жайы Қарағанды қаласы 1. Облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ержанов көшесі, 8 а 2. “Шалкыма” концерттік залы Костенко көшесі, 7 3. Цирк Комиссаров көшесі, 45 4. Неке қию сарайы Чкалов көшесі, 7 5. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы Бұқар-жырау даңғылы, 30 6. Гоголь атындағы әмбебап кітапхана Ерубаев көшесі, 44 7. Демалыс және мәдениет саябақтары басқармасы Мичурин көшесі, 21 а 8. Станиславский атындағы театр Бейбітшілік даңғылы, 9. Музыкалық комедия театры Бұқар-жырау даңғылы, 31/2 10. Қарағанды облыстық өлкетану муражайы Ерубаев көшесі, 44 11. “Сары Арқа” облыстық мәдениетті демалу кешені Қазақстанның 40 жылды- ғы көшесі, 4 12. Ә. Молдағұлова атындағы облыстық арнайы мекте- интернат Комиссаров көшесі, 13. “Орталық Қазақстан” газетінің редакциясы Ермеков көшесі, 33 14. “Индустриальная Караганда” газетінің редакциясы Ермеков көшесі, 33 15. “Аврора” кинотеатры Құрысшылар даңғылы 6 г. Жезказган 16. Мұражай Алашахан даңғылы, 22 17. Драмтеатр Сәтбаев көшесі, 1 18. Сейфуллин атындағы ғылыми әмбебап кітапхана Совет көшесі, 9а Қаражал қаласы 19. “Горняк” мәдениет үйі Ленин көшесі, 19 Теміртау қаласы 20. Металлургтердің мәдениет және техника Сарайы Ленин көшесі, 38
Басқа 3. Кепілдікпен қамтамасыз ететін коммуналдық меншік объектілерін несие беретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алу жөніндегі комиссия құрамы
Қарағанды облысы әкімінің 2001 жылғы 28.04. N 74 шешіміне N3 қосымша Кепілдікпен қамтамасыз ететін коммуналдық меншік объектілерін несие беретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдап алу жөніндегі комиссия құрамы Мұхамеджанов Камалтин Ескендірұлы - комиссия төрағасы, Қарағанды облысының әкімі; Таласпеков Жомарт Секенұлы - комиссия төрағасының орынбасары ,облыс әкімінің орынбасары; Нұрғалиев Қайрат Қожахметұлы - комиссияның хатшысы, “Бизнес-Инкубатор” КМК-ның директоры; Комиссия мүшелері: Сыздықов Елқайыр Қабылкәрімұлы - экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасының бастығы; Жонкин Талғат Рысқұлұлы - экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы бастығының орынбасары; Иванов Виктор Николаевич - коммуналдық меншік басқармасы Департаментінің директоры; Нұрланова Жанетта Түгелбайқызы - экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы бөлімінің бастығы.