Об утверждении Правил закупа услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств и медицинских изделий единым дистрибьютором в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системе обязательного социального медицинского страхования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил закупа услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств и медицинских изделий единым дистрибьютором в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системе обязательного социального медицинского страхования
- Атауы (қаз.)
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 515
- Қабылданған күні
- 08.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2021 91553_527045.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000515
- ЭКБ идентификаторы
- 91553
- Редакция идентификаторы
- 91553_527045
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:12
0 Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 515 қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін таңдау тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
2
2) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;»;
3
3) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;
4
4) екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын конкурс (бұдан әрі – конкурс) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ең төменгі бағасын айқындауға бағытталған, әлеуетті өнім берушіні осы Қағидаларға сәйкес аукционды қолдана отырып таңдау тәсілі;
5 5) конкурстық өтінім – техникалық ерекшелікке және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;
6
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт – бірыңғай дистрибьютор тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен – Қазақстан Республикасының резидентімен жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
7 7) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінде барлық мүдделі талаптармен электрондық құжаттар алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;
8
8) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
9
9) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;
10 10) аукцион – ең төмен бағаны айқындау мақсатында әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;
11
11) әлеуетті өнім берушілердің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
12 12) техникалық ерекшелік – сатып алынатын көрсетілетін қызметтер сәйкес келуге тиіс талаптардың сипаттамасы;
13
13) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет – операциялық қоймалардың және (немесе) бөлу орталықтарының арасында тауарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тапсырыс берушілерге қызмет көрсету туралы шарт шеңберінде тауарды қабылдаумен, сақтаумен, есепке алумен және тасымалдаумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің бірыңғай дистрибьюторға көрсетілетін қызметі;
14
14) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны – көрсетілетін қызметтің осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметті сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша тауар бағасынан он екі пайыздан аспайтын мөлшердегі құны;
15
15) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;
16 16) бірлесіп орындаушы – әлеуетті өнім беруші тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету шартын бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
17
17) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметін көрсету шарты – тиісті қаржы жылына арналған барлық қосымшаларына тараптардың қолдары қойылған, жазбаша нысанда тіркелген, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бірыңғай дистрибьютормен және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметтерін жеткізушінің арасында жасалған шарт;
18
18) бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – шешiмдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар адам (ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген адам;
19
19) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) – дәрілік заттарды өндірушіден бөлшек саудада өткізуді немесе медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда халыққа босатуды жүзеге асыратын субъектілерге дейін сақтау мен тасымалдауды қоса алғанда, беру тізбегінің барлық кезеңдерінде дәрілік заттардың сапасына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі;
20
20) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамсыз етумен байланысты есепке алуды, сақтауды, халыққа өткізуді (рецептімен босату) қамтамасыз ететін қызметі;
21
21) сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы;
22 22) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
23 23) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасқан, кәсіпкерлік қызметтер жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
24 24) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
25 25) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
26 26) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;
27 27) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
28 28) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
29
29) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың сипаттамалары, өлшем бірліктер, бөліп салынуы, өндірушінің атауы, өндірушінің елі, бір бірлік үшін бірыңғай дистрибъютордың үстеме бағасын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы көрсетілген тауарлар тізімінен, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудадағы және халықаралық патенттелмеген атауына немесе құрамына, медициналық бұйымдардың сауда атауынан немесе құрамынан медициналық бұйымдар үшін саудадағы атауынан немесе құрамынан тұратын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін тауарларға баға ұсынысы;
30
30) медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
31 31) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жеткізу шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме баға;
32 32) тауарларды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтердің нақты бағасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет бағасы) – тауарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер құнының мына формула бойынша есептелген ақшалай мәні:
сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша (W) = Wj*(S1+S2), мұндағы Wj – өңірге қарай конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан
1 паллета орынның құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета орындардың саны; S2 – арнайы температуралық режимі жоқ паллета орындардың саны;
тасымалдаудың көрсетілетін қызметі бойынша (T) = Cij * K1 * K2, мұндағы Cij – автокөлік құралының жүк көтеру қабілетіне (i) және өңірге (j) қарай тасымалдаудың 1 км үшін конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан құны, К1 – тауарды тасымалдау үшін температура реттелетін жабдықты пайдалану қажет болғанда түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы); К2 – қысқы дизель отынын пайдаланылған кезде қысқы маусымдағы түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы);
тиеу-түсіру жұмыстары бойынша (L) = Lj * Lki, мұнда Lj – конкурс нәтижесі бойынша қалыптасқан өңірге (j) қарай тиеу және түсіру жұмыстарының 1 нормо сағаты үшін құны; Lki – тоннаға (i) байланысты автомобильді түсіру/тиеу үшін жұмсалатын нормо сағаттардың саны;
33
33) тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің құны – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасының есебінен көрсетілетін қызмет бағасын пайдалана отырып есептелген қызметтің құны;
34
34) тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет (теңге/паллета орын), тасымалдау (теңге/километр) және тиеу-түсіру жұмыстары (теңге/норма-сағат) көрсетілетін қызметтер бойынша кемінде үш прайс-парақты (баға немесе коммерциялық ұсыныстарды) ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор қалыптастыратын тиісті қаржы жылына көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома. Көрсетілетін қызметтердің нарықтық ұсыныстарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тапсырыс берушілердің бастапқы өтінімдерін және тиісті қаржы жылына бірыңғай дистрибьюторға ұсынылған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептеулерін жинау кезінде алынған көлемдері қолданылады;
35
35) бөлу орталығы (фармацевтикалық хаб) – бірыңғай дистрибьютордың дәріханалық қоймасы (меншік құқығында немесе өзге заттай құқықта, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетудің ұзақ мерзімді шарты негізінде бірыңғай дистрибьюторға тиесілі қойма) немесе сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер шеңберінде тауар жеткізушілерден тауарды, оның ішінде төмендемейтін қорды және ауыспалы қалдықтарды қабылдауды, есепке алу мен сақтауды қызмет көрсету өңірінде орналасқан операциялық қоймаларға және (немесе) тапсырыс берушілерге және тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тауарларды босату мен тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің дәріханалық қоймасы;
36 36) қызмет көрсету өңірі – бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікті қамтитын (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана), олардың бірінде бірыңғай бөлу орталығы орналасқан Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;
37
37) операциялық қойма – әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан, бөлу орталығынан және (немесе) жеткізушіден тауарды қабылдауды, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумағында орналасқан тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге және тауарларды есепке алуды, сақтауды, тапсырыс берушілерге босатуды және тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің дәріханалық қоймасы;
38
38) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты – тиісті қаржы жылына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғамен немесе бірыңғай дистрибьютор немесе Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен бірыңғай дистрибъютор жасасатын қызмет көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
39
39) тапсырыс берушілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға тиесілі денсаулық сақтау субъектілері;
40
40) тапсырыс берушілердің қажеттілігі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге орталық мемлекеттік органдар ұсынған тапсырыс берушілердің бастапқы өтінімдерінің және қажеттілікті жиынтық алдын ала есептеу сомасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бірыңғай дистрибьюторға мәлімделген тауарлардың көлемі;
41 41) паллета-орын – бір паллетаны сақтаудың көрсетілген қызметтері үшін есептеу бірлігі, мұнда паллета – жүктерді жинау, жинақтау, қайта тиеу және тасымалдау үшін негіз ретінде пайдаланылатын, қатты алаңы және ірілендірілген жүк бірлігін құру үшін жеткілікті орны бар көліктік ыдыс;
42
42) норма-сағат – жұмыстарды орындау уақытының бірлігі, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жасайтын тиеу-түсіру жұмыстары үшін есептеу бірлігі: көлік құралын босату, тауарды сақтауға орналастыру, тауарды тиеу/орнын ауыстыру үшін жинақтау (жинау), паллеттеу (паллетаға орналастыру және қаптау материалымен орау), көлікке тиеу, жеткізу орнында түсіру.
3 3. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:
1 1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2 2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы әділетті бәсекелестік;
4 4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5 5) Қазақстан Республикасының халқын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету.
4 4. Бірыңғай дистрибьютор көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мынадай:
1 1) екі кезеңдік конкурс;
2 2) бір көзден сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
5
5. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады. Бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік рәсімді бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды пайдалана отырып, конкурс ұйымдастырады және өткізеді.
6 6. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің қажеттілігі негізінде бірінші қыркүйектен кешіктірмей:
бөлу орталықтары арқылы және (немесе) операциялық қоймалар арқылы тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметті. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет бірыңғай дистрибьютордың бөлу орталықтары арқылы Қазақстан Республикасындағы көлік коммуникациясының қолжетімділігін ескере отырып, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларында сатып алынады. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет операциялық қоймалар арқылы бөлу орталықтары орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктерді (облыстарды) қоспағанда, әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыста) сатып алынады;
тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсіміне кіріседі.
7
7. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесін бірыңғай дистрибьютор заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оның интернет-ресурсына орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Мыналар:
1 1) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары немесе көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат беруі;
2 2) жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтаруы;
3 3) екінші орын алған әлеуетті қызмет берушілердің осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтаруы;
4
4) бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету шартын бір жақты тәртіппен бұзуға әкелген, олармен жасалған қызметтер көрсету шарттары бойынша міндеттемелерді өнім берушілердің орындамауы немесе тиісінше орындамауы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін негіздемелер болып табылады.
Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген әлеуетті қызмет берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану негіздемесінің туындағаны туралы хабардар болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
8 8. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, бірыңғай дистрибьютор бір лот үшін:
тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді операциялық қойма арқылы сатып алу кезінде, әкімшілік-аумақтық бірлікті (облыс);
тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бөлу орталығы арқылы сатып алу кезінде өңірді айқындайды.
Бөлу орталығы қызмет көрсету өңірінде тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан жері бойынша операциялық қойманың функциясын атқарады.
Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді операциялық қойма арқылы сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, бөлу орталығы қызмет көрсетілетін өңірдің осындай әкімшілік-аумақтық бірлігінде (облыста) немесе қызмет көрсетілетін тұтас өңірде тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор бір лот үшін әкімшілік-аумақтық бірлікті (облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана) айқындайды.
9
9. Тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі, бұл ретте әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 3), 11) тармақшаларында белгіленген есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2 2-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
10 10. Көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1 1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2
2) айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет қызметтің түрін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
3 3) төлем қабілеттілігі – салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;
4 4) оңалту, банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызметі конкурс өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрған болмауға тиіс;
5 5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болмауы;
6 6) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
7 7) тиісті дистрибьюторлық практика (GDР) талаптарына сәйкестік (3 жыл мерзімге тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
8 8) бірыңғай дистрибьютордың техникалық ерекшелігіне сәйкес сақтау және тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы;
9 9) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді ақпараттық есепке алу жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коомуникациялық инфрақұрылымның болуы (есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
10 10) соңғы екі жыл ішінде жасасқан қызметтер көрсету шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмауы;
11 11) осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шектеулердің болмауы.
Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі осы тармақтың 1) – 8), 10), 11) тармақшаларындағы талаптардан басқа, бірыңғай дистрибьютор әзірлейтін тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкес келуге тиіс. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігінде бірыңғай дистрибьютор тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету объектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік өнім берушінің ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді.
11 11. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарды қомайды.
12 12. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне бірлесіп орындаушыларды тартуға және өткізілетін конкурстың нысанасы болып табылатын қызметтерді көрсетудің қандай да бір көлемін оларға беруге тыйым салынады.
13 13. Бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, сондай-ақ үлестес тұлғалары осы Қағидалармен реттелетін көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыспайды.
Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы оның бір лоты бойынша конкурстың қатысушы ретінде әрекет ете алмайды.
Әлеуетті өнім беруші, егер:
1 1) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылса;
2
2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларды басқарумен, құрумен, олардың жарғылық капиталына қатысумен байланысты болса;
3 3) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;
4 4) конкурсқа қатысуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім беруші заңды тұлғаның басшысы болса;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрса;
6 6) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болса, сатып алуға қатыспайды.
3 3-тарау. Екі кезеңдік конкурс өткізу тәртібі
14 14. Екі кезеңдік конкурс өткізу туралы хабарландыру өтінімдер қабылдаудың аяқталған күніне дейін күнтізбелік жиырма күн қалғанда мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жарияланады.
15 15. Екі кезеңдік қайталама конкурс жүзеге асырылған жағдайда конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына хабарландырудың мәтіні орналастырылады.
16 16. Екі кезеңдік конкурс өткізу туралы хабарландыруда мыналар қамтылады:
1 1) бірыңғай дистрибьютордың атауы мен мекенжайы;
2 2) бірыңғай дистрибьютордың банктік деректемелері;
3 3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі екі кезеңдік конкурстың атауы;
4 4) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы, медициналық бұйымдардың атаулары немесе құрамы, олардың сипаттамалары және (немесе) техникалық сипаттамалары мен көлемдері көрсетілген әрбір лот бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы;
5 5) екі кезеңдік конкурсқа қатысуға арналған өтінім қабылдаудың басталған және аяқталған күні, уақыты мен орны;
6 6) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақты және орны;
7 7) әрбір лот бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
8 8) екі кезеңдік конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімінің кепілдікті қамтамасыз етуін ұсыну тәртібі;
9 9) тиісті қаржы жылына әрбір лот бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома.
Бұл ретте, тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің әрбір лоты бойынша бөлінген сома тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құнынан аспайды:
бөлу орталығы арқылы қызмет көрсетілетін тиісті өңірдің тапсырыс берушілерінің қажеттілігінен екі пайыздан аспайтын және тапсырыс берушінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы) бөлу орталығының орналасқан жері бойынша тапсырыс берушілердің қажеттілігінен бір пайыздан аспайтын соманы құрайды;
операциялық қойма арқылы сома тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) тапсырыс берушілерінің қажеттілігінің бір пайызын құрайды.
Тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сома тауарлардың шекті бағасы бойынша есептелген лоттың жалпы сомасының он екі пайызын құрайды;
10 10) көрсетілетін қызметтерді ұсыну орны және мерзімдері;
11 11) сатып алынатын қызметтер көрсетілуге тиіс әрбір лот бойынша елді мекендердің тізбесі (тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
12 12) денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі және мекенжайы (тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
13 13) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 2-тарауының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы талап.
17 17. Бірыңғай дистрибьютордың екі кезеңдік конкурс өткізу тәртібі мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1 1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
комиссияны құру, комиссияның хатшысын айқындау;
бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
конкурстық өтінімдерді, конкурстық өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді және бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау, ашу және алдын ала қарау, сарапшыны тарту (қажет болған кезде);
конкурстық өтінімдерге толықтыруларды қабылдау және қарау;
ең төмен бағаны айқындау рәсіміне (бұдан әрі – аукцион) жіберу үшін әлеуетті өнім берушілерді айқындау;
2 2) екінші кезеңде:
әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру арқылы аукцион;
екі кезеңдік конкурстардың қорытындысын шығару жүзеге асырылады.
18 18. Екі кезеңдік конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамын әрбір конкурсқа жеке бекітеді, хатшыны айқындайды.
19 19. Комиссияны құру және оның хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын адам) қабылдайды.
20
20. Бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы Комиссия төрағасы болып айқындалады. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
21 21. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілдері (келісім бойынша), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) қызметкерлері және (немесе) өкілдері енгізіледі.
22 22. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап әрекет етеді және тиісті қаржы жылында тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты немесе есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер көрсету шарты жасалған күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
23 23. Төраға комиссия отырыстарына басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. Ол болмаған жағдайда төрағаның функцияларын оның орынбасары атқарады.
24
24. Комиссияның хатшысы хабарландыруды орналастырады, конкурстық өтінімдері, оларға қоса берілетін толықтырулар салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібін, қажетті құжаттар мен материалдарды қалыптастырады, комиссия отырысы өткеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну уақыты мен күнін, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (конкурстық өтінім салынған конвертті ұсынған адамның) тегі, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын және конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді тіркеу журналын жүргізеді.
Келіп түскен конкурстық өтінімдерді және конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген болуға тиіс.
25
25. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Комиссия отырысының хаттамаларына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары және хатшы қол қояды және оның әр парағына бұрыштама қол қояды.
26
26. Комиссия құрамынан біреу болмаған жағдайда, хаттамада оның болмау себебі көрсетіледі және оның болмау себебін растайтын құжат қоса беріледі. Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарауды бастағанға дейін комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін алмастыру бөлігінде өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
27 27. Бірыңғай дистрибьютор қажет болған кезде сарапшыны және екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізу кезінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге сараптамалық қорытынды алу үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды тартады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сарапшыны және бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды айқындайды және олардың екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді.
28
28. Сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің немесе тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне конкурстық өтінімнің техникалық бөлігі бойынша қорытынды береді.
29 29. Сарапшы комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатысады. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшының сараптамалық қорытындысын комиссия әлеуетті өнім берушіні аукционға жіберу кезінде қабылдайды.
4 4-тарау. Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну, өзгерту және кері қайтару
30
30. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға хабарландырудың шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған конкурстық өтінімді және жеке конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді желімделген түрде ұсынады.
31
31. Бірыңғай дистрибьютор тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметке техникалық ерекшелік әзірлейді. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігінде бірыңғай дистрибьютор тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметті көрсету объектісіне, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді.
32 32. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінім ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады, бұл ретте келіп түскен өтінімдерді тіркеу журналына конкурстық өтінімнің ұсынылған уақыты белгіленеді.
33 33. Әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік қырық бес күн болуға тиіс. Мерзімі екі кезеңдік конкурс шарттарында көрсетілген қолданылу мерзімінен қысқа конкурстық өтінім қабылданбайды.
34 34. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі екі бөліктен тұрады: негізгі, техникалық және бастапқы баға ұсынысы.
35 35. Негізгі және техникалық бөліктер жеке тігіледі және нөмірленеді, соңғы беттеріне бірінші басшы немесе өнім берушінің уәкілетті адамы қол қояды және әлеуетті өнім берушінің мөрмен расталады.
Конкурстық өтінімінің барлық үш бөліктері бір конвертке желімденеді.
Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсынған кезде, әлеуетті өнім берушінің мұндай конкурстық өтінім қаралмай кері қайтарылады.
36
36. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі және ол «Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілетін конкурс______________ (конкурстың атауы көрсетіледі)» және «________________________ дейін ашпаңыз» (хабарламада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтуға тиіс.
37 37. Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тігілмейді және конвертке желімделмейді, конкурстық өтінімнен бөлек ұсынылады және конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету журналында тіркеледі.
38
38. Әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде, конвертте жолдар арасында ешқандай қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстарындағы грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуге жол берілмейді.
39 39. Конкурстық өтінімнің негізгі бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1 1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);
2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен ерте берілмеген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінің үзінді ұсынылады);
4 4) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
5
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6
6) конкурсты хабарлау күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;
7
7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып енгізілген) екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
8 8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;
9 9) қолданыстағы GDP сертификатының көшірмесі (3 жыл мерзімге тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
10
10) есепке алу жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде, қажет болған жағдайда – «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дәріханалық практика сертификатының (GPP) көшірмесін ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;
11
11) бірлесіп орындаушылармен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету ниеті туралы шарттарының және (немесе) бірлесіп орындаушылармен қызметтерді көрсету кезеңіне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бөлшек саудасы объектілерінің атауларын, мекенжайларын; лицензияны және оларға қосымшаларды беру нөмірін және күнін, ұйым басшысының тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, екі кезеңдік конкурс өткізу арқылы тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарлама орналастырылғаннан кейін жасалған шарттардың көшірмелерін. Бір қаржы жылында бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып қайтадан тендер өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер бірлесіп орындаушылармен қызметтерді көрсету кезеңіне екі кезеңдік конкурс өткізу арқылы тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарлама орналастырылғаннан кейін жасалған шарттар ұсынылады;
12 12) бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 10-тармағының 8) – 10) тармақшаларына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
13 13) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес үлестестіктің болмауы туралы кепілдік хат;
14 14) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметтер көрсету шартын бұзуға келісу туралы хат;
15 15) әлеуетті өнім берушінің оңалту, банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқ екенін, әлеуетті өнім берушінің жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болмауын растайтын әлеуетті өнім берушінің кепілдік хаты;
16
16) конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларда да денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді ақпараттық есепке алу жүйесін жүргізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету міндеттемесін растайтын кепілдік хаты (есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
17 17) конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату міндеттемесін растайтын кепілдік хаты (сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
18 18) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе уәкілетті адамы қол қойған және әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық ұсынымы.
40 40. Конкурстық өтінімнің техникалық бөлігі хабарландыруда көрсетілген ұсынылатын қызметтердің техникалық ерекшеліктерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
41 41. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын бір рет ұсынған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің басшысы немесе уәкілетті адам қол қойған бір лот бойынша бір бастапқы, түпкілікті, қосымша баға ұсынысын береді.
42 42. Түпкілікті баға ұсынысы (қажет болған кезде қосымша) аукцион өткізілетін күні ұсынылады.
43 43. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына (бастапқы, түпкілікті немесе қосымша) бірыңғай дистрибьюторға тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді немесе есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстар енгізіледі.
44 44. Әлеуетті өнім берушіге тиісті баға ұсынысын беру оның хабарландыруда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қызметтерді көрсету шартының үлгілік нысанында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы келісімін білдіру нысаны болып табылады.
45 45. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгертуге, кері қайтаруға, сондай-ақ конкурстық өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін қайтаруға құқығы бар.
46 46. Әлеуетті өнім берушінің Конкурстық өтінімді кері қайтару туралы хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
47 47. Бірыңғай дистрибьютордың ескертулерінің негізінде конкурстық өтінімге осы Қағидаларға сәйкес өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдерге және олардың қамтамасыз етулеріне конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
5 5-тарау. Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету
48
48. Әлеуетті өнім беруші сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін әрбір лоттың сомасынан үш пайыз мөлшерде; есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әрбір лоттың сомасынан бір пайыз мөлшерде бірыңғай дистрибьюторға конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті өнім беруші өтінім сомасынан үш пайыз мөлшерде конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда, әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсына алады. Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі екі кезеңдік конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мерзімінен кем болмауға тиіс.
49 49. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда, осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі үш жұмыс күні ішінде қаралмай кері қайтарылады.
50 50. Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1 1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы түрінде ұсынылады.
51 51. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғада енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап қою құқығының туындауына әкелетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.
52 52. Бірыңғай дистрибьютор кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1 1) екі кезеңдік конкурстың атауы (лот нөмірі);
2 2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3 3) кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу күні мен уақыты.
53 53. Егер әлеуетті өнім беруші:
1 1) конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе (осы Қағидаларға сәйкес комиссияның ескертулерінің негізінде конкурстық өтінімге өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда);
2 2) конкурстың жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтарса;
3 3) жеңімпаз тиісті қаржы жылына арналған қызметтер көрсету шартын және/немесе қосымша келісімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбеген не уақтылы енгізбеген жағдайда;
4 4) осы лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан асатын сомада баға ұсынысын берсе;
5 5) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бастапқы баға ұсынысын ұсынбаса;
6 6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтарса;
7
7) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші қызметтер көрсету шартын жасасып, тиісті қаржы жылына арналған қызметтер көрсету шартын және/немесе қосымша келісімді орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбесе, конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тиісті лоттар бойынша кері қайтарылмайды.
54 54. Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге:
1 1) әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық өтінімін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2 2) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына екі кезеңдік конкурс қорытындыларының (жеңімпаздың және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда) хаттамасын орналастырылған;
3 3) қызметтерді көрсету шарты күшіне енген және жеңімпаз қызметтерді көрсету шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша қайтарылады.
Конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге оның жазбаша өтініші бойынша жеңімпаз қызметті көрсету шартының кепілдікті қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін қайтарылады. Бұл ретте, бірыңғай дистрибьютор жеңімпаз қызметті көрсету шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей екінші орын алған жеңімпазды жеңімпазбен қызметті көрсету шартының күшіне енгені туралы хабардар етеді.
6 6-тарау. Конкурстық өтінімдерді ашу және қарау
55 55. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуды комиссия конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні, уақытта және орнында жүргізеді.
Конверттерді ашқан күннен кейінгі келесі күні комиссия регламентті бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру арқылы осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді өткізу орнын, уақытын және күнін көрсете отырып, регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді.
56 56. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауы тиіс.
57 57. Хабарландыруда көрсетілген мерзімде және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
58 58. Конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
59 59. Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері комиссияны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудиожазба мен бейнетүсірілімнің техникалық құралдары туралы хабардар етеді.
60 60. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия отырысында:
1
1)комиссияның хатшысы қатысушыларды: комиссияның құрамы; конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген, конкурстық өтінімдерін белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер; әлеуетті өнім берушілердің сұратудың бар-жоғы туралы хабардар етеді; осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2 2)төраға не комиссия мүшелері қатарынан төраға айқындаған адам: конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашады және құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын жария етеді.
61 61. Комиссия хатшысы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді және ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялайды.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында:
1 1) конкурстық өтінімдер салынған конвертті ашу күні мен уақыты;
2 2) конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
3 3) ұсыну уақыты мен күні көрсетілген конкурстық өтінімді және конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4 4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өздерінің конкурстық өтінімдерін кері қайтарып алған әлеуетті өнім берушілердің атауы (бар болса);
5 5) конкурстық өтінімдердің қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы (бар болса);
6 6) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімдерді ашу рәсіміне қатысқан басшысының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушінің атауы;
7 7) әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік конкурсқа қатысу үшін ұсынған конкурстық өтінімдердің тізімдемесі;
8 8) олар қатысатын лоттардың нөмірлерін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын көрсете отырып, конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы көрсетіледі.
62 62. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы жарияланған күннен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның хатшысы конкурстық өтінімдерді сарапшыға қарау үшін ұсынады.
63 63. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдердің және конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін алдын ала қарайды.
64 64. Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурстық өтінімдерді сәйкес келтіру үшін, бірақ бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына алдын ала қарау хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болу бөлігінде қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
65 65. Осы Қағидалардың 13-тармағын бұзған әлеуетті өнім берушілерге комиссия конкурстық өтінімдерді сәйкес келтіру үшін мерзім бермейді.
66 66. Комиссия енгізілген конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді:
1 1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2 2) комиссияға:
конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді ұсынған адамды;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізетін конкурстың атауын;
конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, банктік кепілдік түрінде ұсынылған оны ұсыну шарттарын;
конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынған адамды;
пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды белгілеуге мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3 3) енгізілген конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету сомасы осы Қағидалардың 49-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
67 67. Конкурстық өтінімдерді қарау аяқталғаннан кейін алдын ала қарау хаттамасы жасалады.
Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы – он жұмыс күні ішінде, қайталама конкурс өткізілген кезде конкурстық өтінімдер салынған конверттердің ашылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады, онда:
1 1) конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау орны, күні және уақыты;
2 2) конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
3 3) олар қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстары;|
4 4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті қызмет берушілердің атауы;
5 5) конкурстық өтінімдеріне себептері көрсетілген ескертулер бар әлеуетті
өнім берушілердің атауы;
6 6) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
7 7) алдын ала қарау хаттамасын ашуды жариялау күнін қоспағанда, үш
жұмыс күнінен аспайтын ескертулерді жою мерзімі;
8 8) кемінде екі конкурстық өтінім ұсынылған лоттардың нөмірлері көрсетіледі.
68 68. Алдын ала қарау хаттамасына конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қойылады.
Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады.
69
69. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімдерде конкурстық өтінімді берген кезде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген комиссияның ескертулері бойынша конкурстық өтінімге толықтырулар ұсынады. Әлеуетті өнім берушінің алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың ескертулерінен басқа, конкурстық өтінімге толықтыруларын комиссия қарамайды.
70 70. Конкурстық өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Толықтыруларды ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
71 71. Толықтырулар салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
72
72. Комиссия толықтырулары бар конкурстық өтінімдерді конкурстық өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік қайталама конкурс кезінде конкурстық өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
73 73. Комиссия конкурстық өтінімдерді қайта қараған кезде:
1 1) конкурстық өтінімдерді және оларға толықтыруларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру толықтығы және ескертулерді жою тұрғысынан қайта қарайды;
2 2) конкурстық өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3
3) конкурстық өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша бір ғана әлеуетті өнім беруші Қағидаларға және хабарландырылған шарттарға сәйкес келген жағдайда, оның жеңімпаз деп айқындайды және онымен аукцион өткізбей қызметтер көрсету шарты жасалады. Бұл ретте, мұндай әлеуетті өнім берушіден лот бойынша қызметтерді сатып алу оның конкурстық өтініміне сәйкес автоматты түрде жүзеге асыралады және лоттағы қызметтің бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
74 74. Конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық нысанда қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
Комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырумен, конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен, конкурстық өтінімдерді осы Қағидалардың 64-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген сәйкес келтірумен байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-әрекетіне жол берілмейді.
75 75. Қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және ол қайта қарау мерзімі өткеннен кейін келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады.
76 76. Аукционға жіберу хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1 1) аукцион өткізу орны, күні мен уақыты;
2 2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3 3) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетіліп, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4 4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5 5) конкурстық өтінімдерге комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ конкурстық өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
6 6) себептерін көрсете отырып, конкурстық өтінімдері осы Қағидаларға сәйкес тұтастай немесе лот бойынша кері қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
7 7) бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлері;
8 8) әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілер ұсынған бастапқы баға ұсынысының сомасы;
9 9) әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу туралы комиссияның шешімі.
7 7-тарау. Конкурстық өтінімді қабылдамау негіздемелері
77 77. Комиссия:
1 1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2 2) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінім ұсынылған;
3 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;
4 4) заңды тұлғаға арналған жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен ерте емес берілген құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;
5 5) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмаған (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) ұсынылмаған;
6
6) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге арналған рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;
7
7) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы құжат ұсынылмаған;
8
8) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;
9 9) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;
10 10) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан артық созылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болған;
11 11) қолданыстағы GDP сертификатының көшірмесі (3 жыл мерзімге тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) ұсынылмаған;
12
12) есепке алу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, қажет болған жағдайда – «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі ұсынылмаған (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс), әлеуетті өнім беруші тиісті дәріханалық практика сертификатының (GPP) көшірмесін ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;
13 13) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;
14 14) осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
15 15) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және хабарланған шарттарға сәйкес техникалық ерекшелікті ұсынбаған;
16 16) сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыруға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынған;
17 17) біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
18 18) әлеуетті өнім берушіге қатысты банкроттық не тарату рәсімін жүргізу фактісі анықталған;
19 19) егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі хабарланған екі кезеңдік конкурстың шарттарында көрсетілгенге қарағанда қысқа болса;
20 20) егер бастапқы баға ұсынысы ұсынылмаса не қол қойылмай және әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілмей ұсынылған;
21 21) тиісті лот бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан жоғары баға ұсынысы ұсынылған;
22
22) әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған көрсетілетін қызмет сипаттамаларының және/немесе техникалық ерекшелігінің осы Қағидаларда және сатып алынатын көрсетілетін қызметке техникалық ерекшелікте белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған сарапшының немесе сарапшылардың ұсынымдары қабылданған;
23 23) осы Қағидаларға сәйкес мұндай көрсетілетін қызметтерді алдыңғы сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші қызметтер көрсету шартын немесе сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетудің ұзақ мерзімді шартын жасасудан жалтарған;
24 24) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушінің (өнім берушілердің) тізбесінде тұрған;
25 25) осы Қағидалардың 39-тармағының 11) – 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық өтінімді тұтастай немесе жеке лот бойынша қабылдамайды.
8 8-тарау. Аукцион
78 78. Төмендетуге арналған аукцион аукционға рұқсат хаттамасында көрсетілген уақыт бойынша басталады. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынымдарын ұсынуға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
79 79. Тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша аукцион өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің құнын төмендетуге қарай өзгерістер ұсынады.
Тауарды өткізуді есепке алу жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша аукцион өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызмет үшін сыйақы мөлшері бойынша бастапқы, түпкілікті баға ұсынысын төмендетуге қарай өзгерістер ұсынады.
80 80. Хатшы не комиссия мүшесі екі кезеңдік конкурсқа қатысушыларға лот бойынша аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің барлық бастапқы баға ұсыныстарын хабарлайды, одан кейін бастапқы баға ұсыныстарын азайтуды және түпкілікті баға ұсынысын беруді ұсынады.
81
81. Түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын қабылдауға оларды қабылдаудың басталғаны хабарланған сәттен бастап есептелетін бес минутқа дейін уақыт беріледі. Егер бастапқы баға ұсынысын енгізген әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын енгізбесе, оның бастапқы ұсынысы түпкілікті ретінде қабылданады.
82 82. Екі және одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсыныстары берілген жағдайда, ең төмен бағаны айқындау үшін түпкілікті деп есептелетін қосымша баға ұсынымын беруге жол беріледі.
83 83. Егер, әлеуетті өнім беруші лот бойынша екі және одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсынысын ұсынған жағдайда, конкурстық өтінімді бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
84 84. Ең төмен баға ұсынысынан кейін екі және одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсынысын ұсынған жағдайда, конкурстық өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші екінші орын алған әлеуетті өнім беруші деп танылады.
85 85. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі түпкілікті баға ұсынысының негізінде айқындалады.
86 86. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайда айқындалмайды.
87 87. Аукцион өткізу кезінде лот бойынша баға ұсынысын қабылдамау негіздемелері:
1 1) түпкілікті (қосымша бар болса) баға ұсынысының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
2 2) лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан жоғары түпкілікті баға ұсынысының (бар болса қосымша) берілуі.
Бұл ретте, егер лот бойынша аукционға екі әлеуетті өнім берушіден аз қатысса, комиссия бәсекелестік ортаның болмауына байланысты мұндай лотты өткізілмеген деп таниды және бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
88
88. Сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукцион қадамы әлеуетті өнім беруші ұсынатын бастапқы баға ұсынысынан кемінде бес (5%) пайызды, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын бастапқы баға ұсынысынан кемінде үш (3%) пайызды құрайды.
89 89. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
90 90. Екі кезеңдік конкурстың қорытындылары шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия қорытындылар хаттамасына қол қояды, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1 1) аукционның күні, басталу және аяқталу күні, уақыты;
2 2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;
3 3) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері (мекенжайы);
4 4) лоттардың атауы және қысқаша сипаты;
5 5) әрбір лот (болған кезде) бойынша конкурс қорытындылары бойынша айқындалған ең төмен баға;
6 6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші лотының бағасы (ол айқындалған жағдайда);
7 7) сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің сомасын (бар болса) көрсете отырып, әрбір лот бойынша жеңімпаздардың атаулары (бар болса);
8 8) әрбір лот бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы (ол айқындалған жағдайда);
9 9) конкурс не оның жекелеген лоты өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);
10 10) аукционға қатысқан кезде негіздемесі көрсетіле отырып қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);
11 11) осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартына қол қойылуға тиіс мерзім.
91 91. Комиссия қол қойғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды хаттамасы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
92 92. Екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1 1) ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаса;
2 2) аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
3 3) егер аукцион өткізу кезінде аукционға қатысатын екі әлеуетті өнім берушіден аз қалса;
4 4) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
93
93. Осы Қағидалардың 9-тарауының талаптары ескеріле отырып, бірыңғай дистрибьютор мен конкурс жеңімпазының арасында екі кезеңдік конкурс қорытындыларының негізінде қызметтер көрсету бойынша шарттар немесе сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шарты үш жылға дейінгі мерзімге жасалады.
94 94. Егер екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай:
1 1) екі кезеңдік конкурсты қайта өткізу туралы;
2 2) екі кезеңдік конкурстың шарттарын өзгерту және екі кезеңдік конкурсты қайта өткізу туралы;
3 3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Қайталама екі кезеңдік конкурс осы Қағидаларға сәйкес конкурс өткізу тәртібіне сай өткізіледі.
9 9-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1 1-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
95 95. Бірыңғай дистрибьютор мынадай:
1 1) екі кезеңдік конкурс тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өткізілмеді деп танылған;
2 2) егер екі кезеңдік конкурстың жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде беру шартына немесе сақтау және тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына қол қоймаса немесе жалтарса;
3 3) сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты қызметтер көрсету шартын бұзған;
4 4) бірыңғай дистрибьютор көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысын жасағанға дейінгі кезеңде бірыңғай дистрибьюторда алпыс күндік қажеттілікке дейін көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілігі туындаған;
5 5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға және тасымалдауға, есепке алуға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген жағдайларда бір көзден алу тәсілмен сатып алуды жүзеге асырады.
96 96. Бірыңғай дистрибьютор:
1 1) екі кезеңдік конкурс осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша өткізілмеді деп танылған күннен бастап;
2 2) екі кезеңдік конкурстың жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоймағанда немесе жалтарғанда;
3 3) сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауы, тиісінше орындамауына байланысты қызметтер көрсету шартын бұзған күннен кейін;
4
4) бірыңғай дистрибьютор көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысын жасағанға дейінгі кезеңде бірыңғай дистрибьюторда алпыс күндік қажеттілікке дейін көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілігі туындаған кезде бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдайды.
97 97. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1 1) баға ұсынысын;
2 2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.
98
98. Өткізілмеген екі кезеңдік конкурстар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін ұсынған баға ұсынысы, оның аукцион жүргізу кезінде берген түпкілікті баға ұсынысынан, ал түпкілікті баға ұсынысы болмаған жағдайда бастапқы баға ұсынысынан аспайды. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілген кезде, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор қызметтерді тиісті лоттар бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан аспайтын құн бойынша сатып алады.
99 99. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді:
1 1) бірыңғай дистрибьютордың осы тәсілді қолдануды негіздемесімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауы;
2 2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құру;
3 3) көрсетілетін қызметтің әлеуетті өнім берушісіне бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберу;
4
4) әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алуға қатысу туралы шақыру күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алуға қатысу туралы келісімін немесе себептерін көрсете отырып қатысудан бас тарту туралы хат жіберуі. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша құжаттарды ұсыну күнін күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Бұл ретте осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тарту деп есептеледі;
5 5) әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алуға қатысу туралы шақыру күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде баға ұсынысын және әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды жіберуі;
6 6) әлеуетті өнім беруші ұсынған, олардың осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау;
7 7) әлеуетті өнім берушілермен көрсетілетін қызмет құнын азайту жайында келіссөздер жүргізу. Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды;
8 8) әлеуетті өнім беруші қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру, онда мыналар көрсетіледі:
комиссияның құрамы мен хатшысы;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу негіздемелері;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
көрсетілетін қызметтің, лоттың, қызметтер құнының атауын көрсете отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің атауы;
сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына, ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қойылуға тиіс мерзім;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған лоттардың атауы;
9
9) әлеуетті өнім берушімен бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде қызмет көрсету шартын жасасу. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша қызмет көрсету шарттары осы Қағидалардың 9-тарауының талаптары ескеріле отырып жасалады.
100 100. Бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор өзінің интернет-ресурсында хабарландыру жариялайды.
Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру өтінімдер қабылдау аяқталардан үш жұмыс күні бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
101 101. Бір көзден сатып алу тәсілімен қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жарияланады.
Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін шақырылған әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік конкурсқа қатысуға жіберілген жағдайда біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбауға құқылы.
2 2-параграф. Екі кезеңдік конкурс тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өткізілмеді деп танылған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
102
102. Қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу кезінде ұқсас қызметтерді іс жүзінде көрсететін әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бір мезгілде оны бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыра отырып шақыру жібереді не бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру туралы шешім қабылдайды.
103
103. Аукционға бір де бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі себебінен екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік конкурс тәсілімен ұқсас қызметтерді іс жүзінде көрсететін әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіге, бір мезгілде оны бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыра отырып шақыру жібереді шақыру жібереді не бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру туралы шешім қабылдайды.
104
104. Аукционға қатысуға бір ғана әлеуетті өнім берушінің жіберілуі себебінен екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
105
105. Аукцион жүргізу кезінде бір әлеуетті өнім берушінің қалуы себебінен екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әлеуетті өнім берушіге бір мезгілде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыра отырып шақыру жібереді.
3 3-параграф. Екі кезеңдік конкурстың жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (болған кезде) белгіленген мерзімде қызметтерді көрсету шартына немесе қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына қол қоймағанда немесе жалтарғанда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
106
106. Екі кезеңдік конкурстың жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (болған кезде) белгіленген мерзімде сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоймағанда немесе жалтарғанда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік конкурсқа қатысқан, аукционда жеңімпаздан және екінші орын алған өнім берушіден кейін ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіге (болған кезде) шақыру жібереді.
107
107. Осы тараудың 106-тармағына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін шақырған әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік конкурсқа аталған қатысушының осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте, шақыруда қамтылған мәліметтер екі кезеңдік конкурстың шарттарына сәйкес келуге тиіс.
108
108. Егер, аукционға лот бойынша сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоймаған немесе жалтарған екі әлеуетті өнім беруші ғана жіберілген жағдайда, бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алу кезінде ұқсас қызметтерді іс жүзінде көрсететін әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіге бір мезгілде оны бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыра отырып шақыру жібереді не бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор осы тараудың 1-параграфында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.
4 4-параграф. Қызмет көрсету шарты немесе қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өзінің міндеттемелерін орындамауы, тиісінше орындамауына байланысты қызметтер көрсету шартын бұзу кезінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
109
109. Сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын бұзу кезінде бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік конкурс тәсілімен ұқсас қызметтерді іс жүзінде көрсететін әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіге бір мезгілде оны бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыра отырып шақыру жібереді не бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор осы тараудың 1-параграфында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.
Осы шақырылған өнім берушінің баға ұсынысы қызметтер көрсетудің бұзылған шарты сомасынан аспайды.
5 5-параграф. Бірыңғай дистрибьютор қызметтерді сатып алу қорытындысын жасағанға дейінгі мерзімде бірыңғай дистрибьюторда алпыс күндік қажеттілікке дейін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілігі туындаған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
110
110. Бірыңғай дистрибьютор көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысын жасағанға дейінгі кезеңде бірыңғай дистрибьюторда алпыс күндік қажеттілікке дейін көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілігі туындаған кезде бірыңғай дистрибьютор өзінің интернет-ресурсына бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру туралы шешім қабылдайды.
111 111. Бірыңғай дистрибьютор осы тараудың 1-параграфында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады. Бұл ретте аталған әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы әрбір лот бойынша қызметтер көрсетуге алпыс күндік қажеттілік сомасынан:
тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде – тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтердің алдын ала құнынан;
тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде – тауарлардың шекті бағасы бойынша есептелген лоттың жалпы сомасынан он екі пайыздан аспайтын әрбір лот бойынша бөлінген сомадан аспайды.
6 6-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп тану негіздемелері
112 112. Мынадай жағдайларда:
1 1) егер әлеуетті өнім берушінің құжаттары осы Қағидалардың талаптарына және сатып алу шарттарына сәйкес келмесе;
2 2) егер әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 12, 13-тармақтарында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болса;
3 3) әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартса, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.
113 113. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1 1) екі кезеңдік конкурс тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
2 2) екі кезеңдік конкурс шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайталама өткізу туралы;
3 3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды қайталама жүзеге асыру туралы;
Егер бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді операциялық қойма арқылы сатып алу лоты бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, онда бірыңғай дистрибьютор қызмет көрсететін өңірдің (облыстардың) осындай әкімшілік-аумақтық бірліктерінде немесе қызмет көрсетудің барлық өңірінде бөлу орталығы арқылы қызмет көрсетуге шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.
10 10-тарау. Қызметтер көрсету шартын жасасу тәртібі
114 114. Бірыңғай дистрибьютор сатып алудың қорытындысы шығарылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға, өнім берушіге қабылдау-беру актісі бойынша мыналарды:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған, қол қойылған сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын (сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартында немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартында тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің немесе тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтердің құнын өтеу тәртібі мен мерзімі жазылады);
қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің ұзақ мерзімді шартында қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімнің қол қойылған жобасын береді.
115
115. Жеңімпаз сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын немесе қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына қосымша келісімді алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларға қол қояды және қабылдау-беру актісі бойынша бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы тармақта белгіленген мерзімдерде сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоймаса, бірыңғай дистрибьютор жеңімпаздың сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоюы үшін осы тармақта айқындалған мерзім аяқталғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге оларды қабылдау-беру актісі бойынша береді.
Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартының немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартының жобасына қол қояды және сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартының немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартының жобасы берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны қабылдау-беру актісі бойынша бірыңғай дистрибьюторға береді.
Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде бірыңғай дистрибьюторға қол қойылған сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын немесе сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын жасасып, сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын жасасудан жалтарған болып танылады.
116
116. Жасалған сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына немесе қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге өзгерістер енгізу арқылы өнім берушіні таңдау үшін негіз болған көрсетілетін қызмет бағасын және (немесе) көрсетілетін қызмет құнын ұлғайтуға жол берілмейді.
117
117. Бірыңғай дистрибьютор сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қойылғанға дейін жеңімпазбен не екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартының немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартының бағасын азайту тұрғысында келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тартуы мүмкін, бұл бірыңғай дистрибьютордың сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартына немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.
118
118. Бірыңғай дистрибьютор сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартын жасасқан жағдайда, қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімді ресімдеу арқылы әрбір келесі қаржы жылы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. Қосымша келісім сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті қаржы жылына жасалады.
119 119. Тапсырыс берушілердің ұсынған қажеттілігіне сәйкес ағымдағы қаржы жылымен салыстырғанда алдағы қаржы жылында тауар көлемі өзгерген жағдайда бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен қосымша келісімге қол қойғанға дейін:
қойма және (немесе) қоймалар мекенжайының және (немесе) алаңдарының өзгеруі;
бірлесіп орындаушылар санының өзгеруі тұрғысында келіссөздер жүргізеді.
Бұл ретте осы тармақта көзделген өзгерістер жағдайында, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға объектілердің осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына және техникалық ерекшелікке сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге өзгерістер енгізу арқылы өнім берушіні таңдау үшін негіз болған бағаны және (немесе) көрсетілетін қызметтің құнын ұлғайтуға жол берілмейді.
120
120. Бірыңғай дистрибьюторға объектілердің осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына және техникалық ерекшелікке сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша қойманың мекенжайын және (немесе) қойманың және (немесе) қоймалардың алаңын, көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушылардың санын өзгертуге жол беріледі. Бұл ретте, болжамды объектілердің мекенжайлары қызмет көрсету өңіріне немесе хабарландыруда көрсетілген елді мекендердің тізбесіне сәйкес келеді. Қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге өзгерістер енгізу арқылы өнім берушіні таңдау үшін негіз болған бағаны және (немесе) көрсетілетін қызметтің құнын ұлғайтуға жол берілмейді.
121
121. Қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімде өнім берушінің уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қосымша келісімнің сомасынан үш (3%) пайыз мөлшерде тиісті қаржы жылына қызмет көрсету шартын орындауды қамтамасыз етуді енгізу бойынша міндеттемелері көзделеді.
Өнім беруші қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімде көрсетілген құнынан үш пайыз (3%) мөлшерде сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз ету енгізілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынады.
Өнім беруші сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын орындауды қамтамасыз етуді қолданыстағы сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартына арналған қосымша келісімге сәйкес тиісті қаржы жылына енгізеді және өнім берушінің онымен жасалған сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтынына кепіл болып табылады.
122 122. Өнім беруші сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын орындауды қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1 1) бірыңғай дистрибьютордың банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігі.
123
123. Әлеуеттi өнiм берушiнің сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкелетін іс-әрекеттерді жасауына жол берiлмейдi.
124 124. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіге мынадай:
1 1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шарты немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шарты бұзылған;
2
2) сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартында немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартында көзделгендерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын орындауды қамтамасыз етуді қайтармайды.
125 125. Мыналар:
1 1) сақтау және тасымалдау жөнінде қызмет көрсету шартында немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
2 2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан (хабарламалардан) айыру (кері қайтарып алу);
3 3) өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуы сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету шартын немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету шартын бұзу үшін негіздеме болып табылады.
374 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 515 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
1
2
2. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 8-9, 50-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.».
3
3. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 70-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асыратын жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы ауруларымен ауыратын тұрғындарды, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі адамдардың профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, осы Қағидалардың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дәрiлiк заттарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.».
4
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 515 қаулысымен
бекітілген
2 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 515 қаулысымен
бекітілген