Құжат мәтініне өту

Об изменении границ города Усть-Каменогорска и Глубоковского района Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 149 · қабылданған 22.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91598/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об изменении границ города Усть-Каменогорска и Глубоковского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 149 ·22.06.2015
22.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ города Усть-Каменогорска и Глубоковского района Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 149 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ города Усть-Каменогорска и Глубоковского района Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
149
Қабылданған күні
22.06.2015
Көрсетілген редакция
22.06.2015 91598_14929.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15V0004029
ЭКБ идентификаторы
91598
Редакция идентификаторы
91598_14929
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:27

0 Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласының және
Глубокое ауданының
шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және «Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 556 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы шешімге және қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округінің Комсомольское ауылының жалпы алаңы 334 гектар, оның ішінде 63 гектар елдi мекендердің жері, 22,94 гектар өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер, 91,59 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 156,47 гектар босалқы жерлерді Өскемен қаласының шегіне берумен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекаралары өзгертілсін.

2 2. Өскемен қаласының және Глубокое ауданының әкімдері жер–есебі құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.

3 3. Осы шешім және қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «22» маусымдағы
№ 149 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы «1»шілдедегі
№ 29/354-V шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерінің Өскемен
қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы
Аудан атауы
Ауыл атауы
Өскемен қаласының шегіне қосылатын жерлер алаңы (гектар)
оның ішінде:
елдi мекендердiң жері
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
босалқы жерлер
Глубокое
Ушаново ауылдық округінің Комсомольское ауылы
334
63
22,94
91,59
156,47
Барлық жерлер:
334

Қолданыстағы