Об утверждении объемов и структуры государственных ресурсов зерна
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 4-1/302
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов и структуры государственных ресурсов зерна
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi мен құрылымын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-1/302
- Қабылданған күні
- 02.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 91643_486478.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011572
- ЭКБ идентификаторы
- 91643
- Редакция идентификаторы
- 91643_486478
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:38
0 Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi мен құрылымын бекiту туралы
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналардың көлемi мен құрылымы:
мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы « »