Об утверждении Правил ведения регистра потенциально опасных химических, биологических веществ, запрещенных к применению в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения регистра потенциально опасных химических, биологических веществ, запрещенных к применению в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 406
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 91670_499726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011522
- ЭКБ идентификаторы
- 91670
- Редакция идентификаторы
- 91670_499726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:55
0 Қазақстан Республикасында
қолдануға тыйым салынған
әлеуетті қауіпті химиялық,
биологиялық заттардың тіркелімін
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 29 мамыр
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 406 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін
жүргізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін (бұдан әрі – тіркелім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібі
2. Тіркелімді жүргізу деп:
1) жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға ұсынған ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына енгізу;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының тiркелімге енгiзу туралы немесе енгiзуден бас тарту туралы шешiмдi қарауы, қабылдауы;
3) әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар туралы мәліметтер өзгерген кезде тіркелімді жаңарту;
4) тіркелімді интернет-ресурста орналастыру және оны жүйелі түрде жаңарту түсініледі.
3. Тiркелімге енгiзу үшiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
3) жеке кәсiпкер үшiн жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiк.
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
5. Өтінішті, ұсынылған құжаттарды қарау және химиялық және биологиялық заттардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының немесе ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өтiнiш берушiнi тiркелімге енгiзу немесе тiркелімге енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
6. Тiркелімге енгiзу туралы шешiм халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығы нысанында ресiмделедi.
Тiркелімге енгiзген немесе Тiркелiмге енгiзуден бас тартқан кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өтiнiш берушiге осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген мерзiм ішінде Тiркелімге енгiзу туралы хабарламаны немесе дәлелді түрде бас тартуды жiбередi.
7.Тiркелімге енгiзуден бас тарту үшiн негіз:
1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң дұрыс болмауы және (немесе) толық болмауы;
3) химиялық және биологиялық заттардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының немесе ғылыми сараптамасының нәтижелері болып табылады.
8. Тiркелімге енгiзуден бас тарту үшін негiз болған себептердi жойғаннан кейiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қайта ұсынады.
9. Тiркелімнен алып тастау үшiн негіз:
1) жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның тіркелімнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
3) тiркелімге енгiзу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат ұсыну;
4) химиялық және биологиялық заттардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының немесе ғылыми сараптамасының нәтижелері болып табылады.
10. Тiркелімнен алып тастау туралы хабарлама жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға тiркелімнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жiберiледi.
11. Тіркелімді жүргізуді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы жүзеге асырады.
12. Тіркелім жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай мерзімді баспасөз басылымдарында және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының интернет – ресурсында жариялануға жатады.
1 Қазақстан Республикасында
қолдануға тыйым салынған
әлеуетті қауіпті химиялық,
биологиялық заттардың тіркелімін
жүргізу қағидаларына
қосымша
нысан
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімі
Р/с
№
Әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттың атауы
Енгізу күні
Алып тастау күні
Халықтың денсаулығы үшін қауіпті зиянды қасиеттері туралы мәліметтер
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың немесе ғылыми сараптаманың күні мен нөмірі
1
2
3
4
5
6