Об установлении льготного проезда на городском общественном транспорте для пенсионеров города Павлодара Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қаласының зейнеткерлеріне қоғамдық көлікте жүрулеріне жеңілдік белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Қалалық қоғамдық көлікте жүруге мемлекеттік жеңілдік берілетін зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында және ардагерлердің көлікте жүруге берілетін жеңілдіктің құнын төмендету туралы өтініштеріне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық орталықты – Павлодар қаласында – 1998 жылдың жазғы-күзгі уақытына (шілденің 1-і қыркүйектін 30-ы аралығында) жеңілдіктер берілмейтін зейнеткерлерге қалалық қоғамдық көлікте бір рет жүру құны 5 теңге болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласының жолаушылар тасымалдыу субъектілерінің кезенде зейнеткерлердің қалалық қоғамдық көлікте жүрулеріне жеңілдік беру жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындардың 50 процентін өз қардылары есебінен жөніндегі аймақтық қорлың қардысы есебінен төлеу туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 3
3. Павлодар қаласының әкімі көлікте жүруді есепке алу тәртібін, зейнеткерлердің көлікте жүрулеріне жеңілдік берумен байланысты шығындарға ақы төлеу жүйесін жасап, осы мақсатқа пайдаланылуына бақылау орнататын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне жүктелсін.