Об утверждении регламента государственной услуги «Государственный учет научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Государственный учет научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 09.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 91796_476045.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011628
- ЭКБ идентификаторы
- 91796
- Редакция идентификаторы
- 91796_476045
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:42
0 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар
мен бағдарламаларды және олардың
орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік
есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 371 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) № 11105 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде тіркелген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 207 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.
Құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмірімен тіркеу картасы беріледі;
ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифрымен куәлік беріледі;
ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды орындау бойынша есептерге – түгендеме нөмірімен ақпараттық карта беріледі;
ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне – мемлекеттік тіркеу нөмірімен өтінім беріледі.
4 4. Осы регламентте қолданылған түсініктер мен қысқартулар:
- ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және бағдарлама – жоспарланған жұмыстарды жүргізудің ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мақсаты мен міндеті, маңыздылығы, жаңашылдығы, ғылыми-тәжірибелік маңызы мен пайдасы көрсетілген жоспарланған ғылыми-техникалық жұмыстың мазмұны бар құжат;
- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне (бұдан әрі – ҒТҚН) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпараттық тасымалдағышта тіркелген жаңа білімдер мен шешімдер, ғылыми талдамаларды және технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа өнім, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
- ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ҒТБ МТ) – Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет, олардың орындалуы жөніндегі есептердің есебінен іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тізбесі.
2 2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойнша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарсттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы негіз болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1 1) 1-процесс – ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, олардың орындалуы жөніндегі есепті және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін есепке алу және тіркеу үшін құжаттар топтамасын қабылдау.
2 2) 2-процесс – ұсынылған құжаттар топтамасының тізімге сәйкестігін, тапсырыс берушіге берілген (бар болса), мазмұнын және толтырылуының дұрыстығын, белгіленген заңдылық талаптарына сәйкес, қағаз жүзіндегі және электронды түріндегі тексеру;
3 3) 3- процесс:
- тиісті шифр беру арқылы ҒТБ-ны тіркеуден өткізу және күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде тіркеу туралы куәлік беру және бағдарламаны ҒТБ МТ-ге қосу;
- ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жіберу:
- «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп» ГОСТ 7.32-2001 Халықаралық стандартына (2006 ж. өзгертулер) сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаның орындалуына байланысты есепті тіркеуден өткізу, мемлекеттік тіркеудің түгендеме нөмірін беру және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы-ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді;
- ҒТҚН мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және МТ деректеріне енгізу.
4
4) 4-процесс – МТ-ге ақпаратты енгізу: жүзеге асырылған ҒТБ, орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ҒТҚН есептері туралы; орындаушы ұйым (орындаушы) туралы деректер, көрсетілетін қызметті беруші берген тіркеу және түгендеу нөмірлері, ғылыми жетекші (жобаның, бағдарламаның, есептің т.б.) туралы ақпарат;
5 5) 5-процесс – мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік есебінің және олардың орындалуы бойынша есептерінің деректері бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жүзеге асырылады;
6 6) 6-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы қысқаша ақпарат қызметті берушінің интернет-ресурсына салынады.
7 7) 1-шарт – тіркелген жобаға түзетулер енгізу барысында орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрдегі хабарлама (ескерту) жібереді;
8 8) 2-шарт – орындалу барысындағы жобаны жасырын түрде ұстау қажет болса орындаушы ұйым (орындаушы) 10 (он) күн мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге ҒТБ МТ-не тиісті белгі қою үшін жазбаша түрде хабарлама жібереді;
9 9) 3-шарт – ҒТҚН-ге құқығы тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қызметті берушіге ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мемлекеттік тізілімінен ҒТҚН шығарыл туралы хабарлама жібереді.
3 3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері қатысады:
1 1) Көрсетілетін қызметті берушінің канцеляриясы.
2 2) Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті.
3 3) Инновациялық технологиялар департаменті.
8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімнің (әрекеттің) бірезділігінің сипаттамасы.
1 1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркейді және құжаттар топтамасын (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды.
2 2) Ілеспе хат тіркелгеннен кейін құжаттар топтамасы (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне қарауға жолданады.
Құжаттар топтамасы толық берілмеген және лайықты толтырылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер толығымен түзелмейінше құжаттар тіркелмейді.
Ұсынылған құжаттар қайтаруға жатпайды.