Об утверждении регламента государственной услуги «Прием работ на соискание премий в области науки, государственных научных стипендий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Прием работ на соискание премий в области науки, государственных научных стипендий»
- Атауы (қаз.)
- «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 09.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 91798_466815.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011627
- ЭКБ идентификаторы
- 91798
- Редакция идентификаторы
- 91798_466815
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:42
0 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды,
мемлекеттік ғылыми стипендияларды
алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 370 бұйрығымен бекітілген
«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11107 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстардың қабылданғаны туралы тіркеу нөмірі және күні көрсетілген анықтама беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2 2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) ұсынуы негіз болып табылады.
5 5. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әр рәсімді (іс-қимылды) өтудің мазмұны.
Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін:
1 1)1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
2 2)2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетеді;
3 3)3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін курьер арқылы жолдайды.
Барлық өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін:
1 1) 1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын жинақтау секторына жолдайды;
2 2)2-рәсім – жинақтау секторының қызметкері 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жеткізеді;
3 3)3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетеді;
4 4)4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы Мемлекеттік корпорацияға жеткізеді.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
1 1) Мемлекеттік корпорация;
2 2) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3 3) Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі.
7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттар топтамасын қабылдап, көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
2 2) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі конкурстық құжаттарды қабылдап тіркейді де, оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;
3 3) Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі конкурстық құжаттарды тіркеу журналына тіркейді де, 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады.
4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8 8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді;
2 2) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне толық құжаттар топтамасын 15 минут ішінде ұсынады;
3 3) Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 минут ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын қабылдайды және мемлекеттік қызметтің түрін анықтап, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді;
4 4) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге курьер арқылы жолдайды.
Басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қабылдап, жинақтау секторына жолдайды;