Об утверждении Правил передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд
- Атауы (қаз.)
- Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2015 91842_25708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011656
- ЭКБ идентификаторы
- 91842
- Редакция идентификаторы
- 91842_25708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:54
0 Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 89 қаулысымен
бекітілді
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру
қағидалары
1
1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2
2. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорына ақша түсімдерінің есебінен болашақта қайтару талабымен бес жұмыс күні ішінде өз қаражатының есебінен исламдық сақтандыру қорына ақшаны береді.