Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на животноводческой ферме товарищества с ограниченной ответственностью «Победа» Орловского сельского округа
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 1
·
17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на животноводческой ферме товарищества с ограниченной ответственностью «Победа» Орловского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Орловка ауылдық округінің «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 17.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2015 91892_73564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PMI04612
- ЭКБ идентификаторы
- 91892
- Редакция идентификаторы
- 91892_73564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:34
0 Орловка ауылдық округінің «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Орловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында орналасқан «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозының анықталуымен байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ауыл шаруашылық министрлігінің
ветеринарлық бақылау және қадағалау
комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы
Г.Фисенко
17 маусым 2015 жыл