Құжат мәтініне өту

Об утверждении системы оценки управления рисками объектов высокой эпидемической значимости, освобождаемых от проверок проводимых по особому порядку

Бұйрық · № 413 · қабылданған 29.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91901/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении системы оценки управления рисками объектов высокой эпидемической значимости, освобождаемых от проверок проводимых по особому порядку Күшін жойған Бұйрық ·№ 413 ·29.05.2015
15.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении системы оценки управления рисками объектов высокой эпидемической значимости, освобождаемых от проверок проводимых по особому порядку

Күшін жойған Бұйрық ·№ 413 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении системы оценки управления рисками объектов высокой эпидемической значимости, освобождаемых от проверок проводимых по особому порядку
Атауы (қаз.)
Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
413
Қабылданған күні
29.05.2015
Көрсетілген редакция
15.04.2021 91901_519302.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011639
ЭКБ идентификаторы
91901
Редакция идентификаторы
91901_519302
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:50

0 Ерекше тәртіп бойынша

жүргізілетін тексерулерден
босатылатын эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілердің
тәуекелдерін басқарудың бағалау
жүйесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын

эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқаруды бағалау жүйесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 413 бұйрығымен
бекітілген
Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқаруды бағалау жүйесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқаруды бағалау жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2

2. Жүйе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты олардың ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылу негіздемесін айқындау мақсатында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі:

1 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

2 2) зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелерін сақтауға негізделеді.

2 2. Жүйені қолдану

3 3. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер осы Жүйеге сәйкес ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылады.

4 4. Эпидемиялық маңызы бар объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мына негіздемелер бойынша жүргізіледі:

1 1) субъектінің (объектінің) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;

2 2) 12 ай бойы объектінің қызметімен байланысты инфекциялық және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық емес аурулар мен уланулар, оның ішінде тамақтан улану жағдайлары және (немесе) расталған шағымдардың тіркелуінің болмауы.

5 5. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерде жүргізілген зертханалық-құрал-саймандық зерттеулердің нәтижелері бойынша оң сынамалардың тіркелуі болмауы қажет.

Қолданыстағы