Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил приобретения и использования имущества гражданской обороны

Бұйрық · № 510 · қабылданған 08.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91916/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил приобретения и использования имущества гражданской обороны Қолданыста Бұйрық ·№ 510 ·08.06.2015
15.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил приобретения и использования имущества гражданской обороны

Қолданыста Бұйрық ·№ 510 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил приобретения и использования имущества гражданской обороны
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
510
Қабылданған күні
08.06.2015
Көрсетілген редакция
15.08.2025 91916_780835.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011587
ЭКБ идентификаторы
91916
Редакция идентификаторы
91916_780835
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:43

0 Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 08 маусым
№ 510 бұйрығымен
бекітілді
Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидалары «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 50) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану тәртібін белгілейді.

2 2. Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

2 2-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу

3 3. Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.

4 4. Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.

4-1 4-1. Азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, ал тиісті аумақта төтенше жағдай қаупі туындаған және төнген кезде – төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын есепке алып айқындалады.

4-2

4-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.

3 3-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру

5

4 4-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану

7 7. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүліктің, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.

8 8. Азаматтық қорғаныс мүлкін соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарында белгіленеді.

Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта пайдалану төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында белгіленеді.

9

9. Азаматтық қорғаныс жоспарларында және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдастыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.

Қолданыстағы