Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану туралы” Заңының 14,15,16-баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 16 ақпандағы "Балық шаруашылығы суайдындарында балық және теңіз аңын (тюленді) аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" № 158 Қаулыларына сәйкес және тендерлік комиссияның Ұсыныс шешімі негізінде 31.03.2001ж. хаттама), Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы от 09.04.2001 г. № 4-91 (Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы)
1. 2001 жылға кәсіпшілік балық аулау құқығы берілсін және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде шекаралары, балық аулау лимиті көрсетіле отырып, суайдындары табиғат пайдаланушыларға № 1,2 қосымшаларға сай бекітіліп берілсін.
2. Балық түрлерін аулау лимиті былайша белгіленсін:
-ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін — 55 тонна, оның ішінде Қаз БШ ҒЗИ-на Балқаш көлінен-40 тонна, Сасықкөл көлінен-10 тонна, Алакөл көлінен — 5 тонна;
- балық өсіру мақсаты үшін өсіріп-өндірумен айналы мемлекеттік кәсіпорындарға Балқаш көлінен 50 тонна;
- спорттық-әуесқой балық аулашылар үшін 100 тонна, оның ішінде Балқаш көлінен 50 тонна, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінен 10 тонна, Алакөл көлінен 30 тонна.
3. Алматы облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (Дүйсенбеков Ж.):
-Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде 2001 жылға белгіленген балық аулаудың көлемін табиғат пайдаланушыларға
жеткізсін;
-балык аулау учаскелсрінің шекараларын жоне балық ресурстарын пайдалану тәртібін көрсете отырып, табиғат пайдаланушылармен шарт жасассын;
-төлемдердің түсуіне, бекітілген суайдындарында (учаскелерде) санитарлық (окологиялық) тазалықтың сақталуына табиғат пайдаланушыларға бөлінген балық аулау лимитінің игерілуіне және балық аулау бригадасы (зиеносы) журналы бақылауды қамтамасыз етсін;
-балық аулаушы ұйымдар бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шарттағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, облыс Әкіміне учаскелер мен балық аулау көлемін қайта бөлу және кәсіпшілік балық аулау құқығын қайта ұсыныс енгізсін;
- табиғат пайдаланушылар шарттағы міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, оларға Балқаш пен Алакөл көлдеріндегі бөлінбеген көлемнен қосымша лимит бөлуді қарастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Енгізуші:
Облыстық орман және
биресурстар жөніндегі
аумақтық басқарма
Ж. Дүйсенбеков
Келісілді:
Жіберілсін: салық комитетіне, обл. орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаға,заң бөліміне-3.
Жіберілді: 2001 ж. « __»_______