Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема, восстановления и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 495 · қабылданған 30.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91937/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема, восстановления и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 495 ·30.05.2015
31.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема, восстановления и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 495 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема, восстановления и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
495
Қабылданған күні
30.05.2015
Көрсетілген редакция
31.03.2020 91937_456679.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011632
ЭКБ идентификаторы
91937
Редакция идентификаторы
91937_456679
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:49

0

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»;

2

3

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 152 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9320 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде № 121 (28345) болып жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9625 болып тіркелген) «Юридическая газета» 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2713); «Заң газеті» 2014 жылғы 26 қыркүйекте №145 (2539) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
1-қосымша
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-1 2-1. Өтініштерді қабылдау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;

Нәтижесін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) «Мемлекеттік корпорацияның қызметкері» арқылы жүзеге асырылады.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған.

4

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесімен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі болып табылады.

6

6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексереді. Қабылданған өтінішті өтініш бланкісінде тіркеу нөмірін қоя отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруші адамдарды есепке алу журналына тіркейді.

7 7. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес талон беріледі.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:

1 1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);

2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);

3 3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД), ҚАІІО бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша.

9 9. Әрбір рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны туралы талондыбереді;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 7 күн ішінде:

қабылданған материалдарды тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырады.
төлем қабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне банк мекемесіне сұрау салуды жолдайды;
«Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арналары арқылы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды;
тексеруді:
ішкі істер органдарының есептері бойынша;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша жүзеге асырады.
Жолданған материалдарды мемлекеттік органдармен келісуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады;

3

3) мүдделі органдардан жауаптар алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 10 күні ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытынды не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады;

4 4) күнтізбелік 7 күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытындыны не бас тарту туралы дәлелденген жауапты ПД не ҚАІІб бастығы немесе оның орынбасарының бекітуі;

5 5) қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде жолданады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.

11

11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.

12

4 4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:

Көрсетілетін қызметті алушы;
Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері;
Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

1 Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
1-кесте
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1
Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны)
1
2
2
ҚФБ атауы
ІІО, Мемлекеттік корпорация
ІІО, Мемлекеттік корпорация
3
Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
Істі қалыптастыру және оны КҚҚҚ-ға жолдау
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)
Журналға тіркеу және алғаны туралы талон беру
Ілеспе хат
5
Орындау мерзімі
30 минут
3 күн
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1
3
4
5
6
2
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСжАЕАКБ
КҚҚБ
3
ҰҚКД-де «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы «Бүркіт-ІІМ» және ҚСжАЕАКБ кіші жүйесінде тексеру
материалдарды келісу
Өтініш берушіні арнайы есептер бойынша тексеру
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау
4
Сұрау салуды жолдау
КҚҚБ-ге «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы «Бүркіт-ІІМ» кіші жүйесінде жауап беру
КҚҚБ-ға жауап
Дәлелді қорытынды
5
3 күн
30 күн
15 күн
7 күн
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1
7
8
9
10
2
ІІД басшылығы
КҚҚБ
ІІО
ІІО
3
Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы қорытындыны бекіту
Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлама.
Теріс шешілген кезде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жолдау
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріледі/не рұқсат беруден бас тартылады
Тіркеу есебіне қою
4
Қорытындыны бекіту
Өтініш берушіге хабарлау
Рұқсат беру
«Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу
5
10 күн
3 күн
10 минут
10 минут

2 Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің Анықтамасы

«Шетелдiктер мен
азаматтығыжоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
Анықтамасы

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
2-қосымша

3 Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу

4 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2015 жылғы 27 мамырда № 11203 болып тіркелген) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

1.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.

6

6. Қызметті алушының қызметті берушіге қағаз тасымалдағышта берілген Стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілетін құжаттармен бірге босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 1) жиырма минут ішінде арызды орындаушының онда көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі;

2 2) он минут ішінде арызды орындаушының қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған арызды тіркеуі;

3 3) он минут ішінде қызметті берушінің басшылығының жауапты орындаушыны таңдауы;

4 4) Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін ұсыну жөніндегі материалдарды келісу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – ҰҚКД) орындаушының жолдауы;

5 5) Комиссияның шешімі негізінде тоқсан жұмыс күні ішінде босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту не мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тарту;

6 6) қызметті берушінің төрт жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы қызметті алушыға хабарлауы;

7 7) төрт жұмыс күні ішінде босқынның куәлігін қызметті алушыға беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;

3 3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;

4 4) қызметті берушінің бастығы;

5 5) ҰҚКД қызметкерлері.

10 10. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы:

1 1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;

2 2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;

3 3) қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;

4 4) орындаушының істі Комиссия қарауына өңдеуі;

5 5) Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба және ҚФБ осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

11

11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

1 Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру
және ұзарту» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет
логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы
1. Қызметті алушының құжаттарды жинауы
2. Құжаттарды қабылдау (көші-қон полициясы қызметкері) --- иә
3. Арнайы есептер бойынша тексеру (көші-қон полициясы қызметкері)
4. Комиссияда қарау
5. Босқын мәртебесін беру туралы қорытынды шығару
6. Қабылданған шешім туралы хабарлау
7. Босқын мәртебесін беруде бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдану

2 мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

Қолданыстағы