Об областной программе «Поддержка хозяйств – семенных репродукторов в растениеводстве (подсолнечника)» Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық "Өсімдік шаруашылығында (күнбағыс) тұқым репродукторлар - шаруашылықтарды қолдау" бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы мәслихатының 2007 жылғы 1 маусымдағы № 45/25 шешімімен.
Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы Б.Б. Асайынованың облыстық "Өсімдік шаруашылығында (күнбағыс) тұқым репродукторлар – шаруашылықтарды қолдау" бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Өсімдік шаруашылығында (күнбағыс) тұқым репродукторлар - шаруашылықтарды қолдау" бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылық департаменті күнбағыстың аудандастырылған сортты элиталық тұқымына зүрулікті ескеріп, бағдарламаға "элиталық" деген сөзден кейін "және репродукциялы" сөзін қосып өзгертулер енгізілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы департаменті өсімдік шаруашылығында (күнбағыс) тұқым репродукторлар - шаруашылықтарды бұдан әрі қолдап, осы бағдарламаға сәйкес ішкі рынокты көнбағыс майымен толтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы департаменті 2001 жылы бағдарламаны дер кезінде
қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
табиғатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына
(Рамазанов Ж.Р) жүктелсін.
Басқа 6. "Өсiмдiк шаруашылығында (күнбағыс)
тұқым өндiретiн шаруашылықтарды қолдау"
ОБЛЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық Мәслихат сессиясының
2001 жылғы 13 наурыздағы шешiмiне
қосымша
"Өсiмдiк шаруашылығында (күнбағыс)
тұқым өндiретiн шаруашылықтарды қолдау"
ОБЛЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт
Бағдарламаның аталуы: Өсiмдiк шаруашылықтарында (күнбағыс) тұқым
өндiретiн шаруашылықтарды қолдау
Дайындауға негiз: Облыс әкiмi жанындағы алқаның 2000 жылғы 3
наурызда өткен мәжiлiсiнде мақұлданған 2000 -
2001 жылдарға арналған облыс ауыл шаруашылығын
дамыту Бағдарламасы
Негiзгi дайындаушылар: Облыс ауыл шаруашылығы департаментi
Мақсаты: Көнбағыс өндiрудiң көлемiн арттыру
Мiндеттерi: Импорт алмастыру, облыс рыногын өз көнбағыс
жармасымен молайту
Қаржыландыру көздерi: Ауылшаруашылық товар өндiрушiлерiнiң өз
қаражаттары, облыстық бюджет қаражаты
Күтетiн нәтижелер: Бағдарламаны жүзеге асыру облыс тұрғындарының
күнбағыс майын тұтынуын қамтамасыз ететiн
күнбағысты» майлылығы жоғары тұқымы өндiрiсiн
ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе
Павлодар облысы - республикада күнбағыс дақылын және күнбағыс майын дәстүрлi түрде мол өндiретiн әрi өндiрушiлерiнiң бiрi. Төлем дағдарысы, соңғы жылдары аграрлық секторда өндiрiстiк байланыстардың ажырауы осы бағалы май дақылының көлемiн азайтуға әкелiп соқты. Шаруашылықтардың көбi сапалы тұқым материалын сатып алуға қаржының жетiспеуiнен күнбағыс өсiрудi тоқтатты.
Күнбағыстың товарлы астығының аз болуы май тұқымын өңдеуге керi әсер еттi, шикiзаттың сапасыздығына байланысты облыста өндiрiлетiн күнбағыс майы бағасы бойынша бәсекеге шыдай алмайтын болды.
Облыста товар күнбағысының өндiрiсi Железинка, Қашыр, Павлодар, Успенка және Шарбақты аудандарында шоғырланған. Бұл аудандардағы күнбағыс өндiрiсiнiң пайдалылығы 19-20 пайыз аралығында болды.
Облыста Павлодар ауданының Киров атындағы және Тельман атындаєы ұжымшарлары элиталық тұқым өсiрумен айналысты. Олар Шығыс Қазақстан облысының тәжiрибелi станцияларының Павлодар облысындағы күнбағыстың элиталық тұқымын өндiру жөнiндегi базалық шаруашылықтары болып саналады.
Облыс iшiнде қымбат бағалы тұқымдық материалды өткiзудегi қиындықтар осы шаруашылықтардың элиталық тұқым шаруашылықтары ретiндегi өз қызметтерiн тоқтатуға мәжбїр еттi. Бұдан әрi тұқым шаруашылығы болып бұрынғы Павлодар ауданының "Маяк" ӨҚ-i белгiлендi. Бұл шаруашылыұ 1998 жылға дейiн Шығыс Қазақстан облысының тәжiрибелi өндiрiстiк шаруашылықтарынан элиталық тұқым сатып алып, облыстың ауыл-шаруашылық товар өндiрушiлерiне 1 өсiмпаз тққымын өткiзетiн. Қазiр оның қаржының жоқтығынан республиканың тәжiрибелi шаруашылықтарынан қымбат баєалы өсiмпаз тұқымдықтар сатып алуға мүмкiндiгi жоқ.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
3. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
Соңғы 5 жылғы (1995 - 1999 жылдары) күнбағыс егiстiк алаңы мен өндiрiс көлемiне жасалған талдауға қарағанда 1999 жылы егiстiк алаңы 1995 жылмен салыстырғанда 76 пайызға, жалпы түсiмi 21 пайызға азайды.
Облыс тұрғындарының күнбағыс майына сұранысы ең төменгi тұтыну бюджетi есебiмен алғанда жыл сайын 6,3 мың тонна немесе оны астыққа шаққанда жылына 21,3 мың тонна құрайды.
1999 жылы облыс бойынша 4,3 мың тонна күнбағыс товарлы астық дақылы өндiрiлдi. Импорт бойынша 1 мың тонна күнбағыс астығы әкелiндi, оның 0,1 мың тоннасы экспортқа шығарылды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында және Үкiметтiң товарлар импорты бойынша қойған мiндеттерiне сәйкес бар резервтердi пайдаланып, дәндi дақылды өсiру технологиясын жетiлдiру арқылы күнбағыс өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту жоспарлануда.
2000 – 2002 жылдарға арналған облыстың ауыл шаруашылығын дамыту
Бағдарламасында күнбағыс өндiрiсiн ұлғайту мүмкiндiктерiне жасалған талдау
келтiрiлген, ол бұл дақылдың өнiмдiлiгiнiң жеткiлiктi екенiн және iшкi
және сыртқы рыноктарда жоғары сұранысқа ие екенiн көрсетедi.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Күнбағыс астығы өндiрiсiнiң көлемiн арттыру Бағдарламаның негiзгi
мақсаты болып табылады.
Бағдарламаны орындау мына мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi:
импорт алмастыру, өзiмiз өндiретiн күнбағыс майымен iшкi рынокты
молайту;
өнiмнiң бәсекеге түсе алуын қамтамасыз ету;
қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы ауылдың әлеуметтiк жағдайын
жақсарту;
дақыл өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы есебiнен ауылшаруашылық товар
өндiрушiлердiң қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ету;
облыстың өңдеу кәсiпорындарының қуатын пайдалануды арттыру;
бюджеттi толықтыру үшiн салық салынатын негiздi кеңейту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негiзгi баєыттары мен жүзеге асыру тетiктерi
5. Бағдарламаның негiзгi баєыттары мен жүзеге асыру тетiктерi
Бағдарламада белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мыналар
көзделуде:
күнбағыс егiстiгiнiң көлемiн ұлғайтатын аудандар мен шаруашылықтарды»
тiзбесiн анықтау;
тұқымның қосымша көлемiн, оның iшiнде тұқым шаруашылығын әрi қарай
жүргiзу үшiн анықтау;
тұқым сатып алатын көздердi анықтау;
өңдеу кәсiпорындарының өзара iс-қимылдарын қамтамсыз ету.
Элиталық тұқымды сатып алудың негiзгi шарты - оларды облыстың 1 өсiмпаз тұқым товарлы шаруашылықтарындағы тұқымдық учаскелерде егу, көбейту, өткiзу және күнбағыстың товарлы астығының көлемiн арттыру.
Республиканың басқа аймақтарынан "Заря", "Солнечный-20", "Казахстанский-1" сияқты 150 тонна элиталық тұқымды аудандастырылған сорттар мен гибридтердi сатып алу көзделiп отыр. Аталған сорттар мен гибридтердi енгiзу бiр гектардан 3 центнер өнiм алуға қол жеткiзедi, бұл күнбағыстың майлылығын 44 пайызға көтерiп, 28-ден 42 пайызға дейiн май шығарады.
2001 жылы сатып алынған элиталық тұқым себiлген алаң 15 мың гектарға немесе аталған әрбiр ауданда 3 мың гектарға ұлғаяды.
Жалпы облыс бойынша күнбағыс егiлген алаңдар Бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы жылы 55 мың гектарға дейiн ұлғаяды. 13,2 тонна мөлшерiндегi күнбағыс тұқымының жалпы жиыны Бағдарламаны жүзеге асыруға қатыстырылған шаруашылықтарды 800 тонна мөлшерiндегi өз тұқымымен қамтамасыз етуге, 300 тонна тұқым материалын басқа товар шаруашылықтарына өткiзуге және 9540 тоннасын өңдеуге жiберуге мүмкiндiк бередi.
Бұл облыс тұрғындарын 2001 жылы ең төмен тұтыну бюджетi бойынша өзiмiзде өндiрiлген маймен 80 пайызға қамтамасыз етуге жол ашады.
2002 жылы күнбағыс егiлетiн алаңды 15 мың гектарға ұлғайтып,
Бағдарламада аталған аудандардың шаруашылықтарының өз тұқымын пайдалану
есебiнен, сондай-ақ товар шаруашылықтарына өткiзiлген тұқым есебiнен 70
мың гектарға дейiн жеткiзу жоспарлануда.
19,6 мың тонна алған астықтыѕ 1,0 мың тоннасын тұқымға қоюға, 14,4
мың тоннасын iшкi шаруашылық қажеттiлiктердi қамтамасыз етiп өңдеуге
жолдауға көзделуде. Бұл мөлшер облыс тұрғындарын ең төмен тұтыну бюджетi
бойынша күнбағыс майымен толық қамтамасыз етуге жеткiлiктi болады және
күнбағыс астығының бiр бөлiгiн экспортқа жiберу мүмкiндiгiн көздейдi.
Тарау 6. 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
2001 жылы қосымша енгiзiлетiн
күнбаєыс егiстiгi - 15000 гектар
1 гектарға егiлетiн норма - 0,1 центнер
Күнбағыстың қажеттi элиталық тұқымының»
қажеттi мөлшерi - 150 тонна
1 тоннаның бағасы - - 100 мың теңге
Талап етiлетiн қаржының жалпы сомасы - 15000 мың теңге
Ауылшаруашылық товар өндiрушiлердiң өз
қаражаттары - - 7500 мың теңге
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру қажеттiлiгi - 7500 мың теңге
1 өсiмпаз тұқымды көбейту және өткiзу үшiн 2002 жылы 7800 мың теңге қажет
болады.
Маркетингтiк зерттеудiң мәлiметiне қарағанда күнбағыстыѕ элиталық
тұқымының бағасы 100 мың теңгеге жуық.
Қымбат бағалы тұқым қорларын сатып алуға облыстың ауылшаруашылық товар өндiрушiлерiнiң айналым қаражаттарының жеткiлiксiз болуына және мемлекеттен демеуқаржы берiлмеуiне байланысты осы Бағдарламаны орындау үшiн оларға облыс бюджетiнен қаржы бөлiнуi, сондай-ақ Бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы жылында күнбағыстың элиталық тұқымын сатып алу баєасын арзандатуєа және көбейтуге демеуқаржы беру түрiнде қолдау қажет.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi үшiн дайындалған әдiстемелiк нұсқауларға және бюджет жобасын дайындау үшiн шығындар құрылымына сәйкес ауылшаруашылық товар өндiрушiлерiне демеуқаржы бөлу және қаржылай көмек көрсетудi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi дамыту бағдарламасы шеңберiнде қайтарусыз және өтеусiз негiзде жүзеге асырылуы керек.
2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 114 бұйрығымен бекiтiлген "Ауылшаруашылық товар өндiрушiлерiне демеуқаржы бөлу" 39-бағдарламасы бойынша күнбағыстың элиталық тұқымы құнына 50 пайыз немесе 7,5 млн. теңге (15 млн. теңге х 50 %) демеу қаржы бөлуге болады. 2001 жылы демеу қаржыға сұралатын сома (шамамен) – 7,5 млн. теңге, 2002 жылы – 7,8 млн. теңге.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Қаржы Министрiнiң 2000 жылғы 27 желтоқсандағы "Өсiмдiк шаруашылығында тұқым репродукторларын қолдау" 10.257.31. - бағдарламасы бойынша № 30 Бiрыңғай бюджеттiк классификацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы № 568 бұйрығына сәйкес товарларға мемлекеттiк тапсырыс түрiнде орындалады. Тұқым осы өнiмдi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурста жеңiмпаз атанған жеткiзушiден сатып алынады. Ақысы төленгеннен кейiн тұқым ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне берiлетiн болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтетiн нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтетiн нәтиже
Осы Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесiнде қажеттi көлемде күнбағыс өндiрiп, облыс тұрғындарының май сұранысын толық өтеп, оның сапа жөнiндегi бәсеке қабiлетiн арттырып, сырттан әкелiнуiн азайтып, рынокқа шығуға және Ресейдiң көршi аймақтарына жеткiзуге мүмкiндiк туады.
Облыстың ауылшаруашылық құрылымдары жоғары егiстiк және сапалы
сорттар қорымен қамтамасыз етiледi. Сонымен бiрге өңдеу кәсiпорындары
толық қуатында жұмыс iстеуге мүмкiндiк алады. Ауылда және өңдеу
кәсiпорындарында қосымша жұмыс орындары ашылады. Нәтижесiнде көзделген
шаралар ауылдағы әлеуметтiк мәселелердi шешуге оң ықпал етедi.