Об утверждении Правил применения поправочного коэффициента
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения поправочного коэффициента
- Атауы (қаз.)
- Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2025 91964_736652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011651
- ЭКБ идентификаторы
- 91964
- Редакция идентификаторы
- 91964_736652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:55
0 Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Түзету коэффициентін қолдану қағидалары бекітілсін.
2 2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 92 қаулысымен
бекітілді
Түзету коэффициентін қолдану қағидалары
1
1. Осы Түзету коэффициентін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты) бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде түзету коэффициентін қолдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.
2 2. Егер сақтандыру оқиғасы (сақтандыру оқиғалары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсі бойынша орын алған жағдайда, Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.
3
3. Түзету коэффициенті міндетті сақтандыру шартын жасау күнінің алдындағы соңғы 3 (үш) жыл ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны және міндетті сақтандыру шартын жасау күніне сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері Заңның 17-1-бабының 2-тармағында белгіленген.
4 4. Заңның 17-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген міндетті сақтандыру шартына қосымша келісімді жасаған кезде төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысына негізгі міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде төленген сақтандыру сыйлықақысын есептеген кезде айқындалған түзету коэффициенті қолданылады.
5
6
6. Зардап шеккен қызметкерлердің санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін 30–100 пайыз аралығында қоса алғанда белгілеуге не оның өліміне алып келген, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 190-бабының 1-тармағына сәйкес сақтанушының кінәсі бойынша орын алған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделген сақтандыру оқиғаларының саны ескеріледі.
7
7. Егер сақтанушының қызметінен ерекшеленетін қызметті жүзеге асыратын сақтанушының филиалы (филиалдары) болған жағдайда, түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс берушінің және оның филиалының (филиалдарының) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептеледі.