Об утверждений норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждений норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукций
- Атауы (қаз.)
- Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 13.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2023 92065_637138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003266
- ЭКБ идентификаторы
- 92065
- Редакция идентификаторы
- 92065_637138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:08
0 Сатып алынатын
ауылшаруашылық
өнімдерінің бірлігіне
арналған субсидиялар
нормативтерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
7 Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 217 қаулысына қосымша
Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар
нормативі
Сатып алынатын шикі сүт үшін, теңге/килограмм
Сары май өндіру үшін
Қатты ірімшік өндіру үшін
Құрғақ сүт өндіру үшін
(майы алынбаған /майы алынған)
43
21
20