Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 01.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 92086_16416.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001183
- ЭКБ идентификаторы
- 92086
- Редакция идентификаторы
- 92086_16416
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:16
0 Алматы қаласында спорттық-бұқаралық,
ойын-сауық, мәдени-бұқаралық
іс-шаралар өткізілетін орындарда
шыны ыдыстағы өнімдерді сату
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
2 2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімінің
2015 жылғы «_01__»_07____
№_2___шешімімен бекітілді
Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда
шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес әзірленді және Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін белгілейді.