Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 14.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2015 92106_97619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LGM05062
- ЭКБ идентификаторы
- 92106
- Редакция идентификаторы
- 92106_97619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:08
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 13 шілдедегі №130 ұсынысына сәйкес Бесарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұсақ малдар арасында «Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы» және «Пастереллез» ауруының анықталуына байланысты Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округiнің Бесарық ауылының аумағында шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдау сұралсын.
3 3. Шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылыєы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Жаңақорған аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
И. Ахметов_____________
«14» шілде 2015 жыл