Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры

Қаулы · № 45 · қабылданған 16.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92108/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры Күшін жойған Қаулы ·№ 45 ·16.06.2015
26.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры

Күшін жойған Қаулы ·№ 45 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры
Атауы (қаз.)
Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45
Қабылданған күні
16.06.2015
Көрсетілген редакция
26.08.2019 92108_420049.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0005066
ЭКБ идентификаторы
92108
Редакция идентификаторы
92108_420049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:35

0 Мәдениет саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің регламенттерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11238 нөмірімен тіркелген).

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы 16 маусымдағы
№45 қаулысымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10320 болып тіркелген) бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларының» (бұдан әрі – қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы
22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11238) бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді бас тарту).
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) (бұдан әрі – оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі немесе портал арқылы электрондық құжат нысанында сұраныс жолдауы.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттардың топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді, көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады (он минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің келісімін алады;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және сараптау комиссиясының қарауына құжаттарды және заттарды ұсынады (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды сараптау комиссиясының қарауына ұсыну;

5

5) сараптау комиссиясы құжаттарды және заттарды қарайды, толық талдаудан кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ұсынады (бес жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушіге сараптау комиссиясының қорытындысын ұсыну;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде куәлікті немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына куәлікті немесе дәлелді бас тартуды ұсыну;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке немесе дәлелді бас тартуға қол қояды (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он минуттан аспайды). Рәсімнің

(іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және сараптау комиссиясының іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын сараптау комиссиясы және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

4 4) сараптау комиссиясы.

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

8 8. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты (бұдан әрі – электрондық сұраныс) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес жолдайды. Рәсімнің

(іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы электрондық сұранысты тіркейді, көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» электрондық сұраныстың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама жолдайды (он минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және құжаттардың қабылданғаны туралы мәртебе көрсету;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және сараптау комиссиясының қарауына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды сараптау комиссиясының қарауына жолдау;

6

6) сараптау комиссиясы құжаттарды және заттарды қарайды, толық талдаудан кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ұсынады (бес жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушіге сараптау комиссиясының қорытындысын ұсыну;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде куәлікті немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына куәлікті немесе дәлелді бас тартуды ұсыну;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке немесе дәлелді бас тартуға қол қояды (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;

9

9) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» жолдайды (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» жолдау.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

42 «Мәдени құндылықтарды уақытша

әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

43 «Мәдени құндылықтарды уақытша

әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

44 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «16» маусымдағы № 45 қаулысымен
бекітілген
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет», www.elicence.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім хатын беру (бұдан әрі – келісім).

Келісімді қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.

4 4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілінің) (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11238 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы сұраныс жолдауы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:

жеке басты куəландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттардың топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты, сонымен қатар құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартуды (бұдан әрі – уәжді түрде бас тарту) береді (екі жұмыс күні ішінде);

5 5) орындаушы келісімді дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бір жұмыс күні ішінде);

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келісімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келісімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он бес минуттан аспайды).

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) орындаушы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерініңресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10 10. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс (бұдан әрі – электрондық сұраныс) пен стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды жолдайды:

электрондық сұранысқа қоса тiркелетiн, тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзі арқылы алады;

2 2) орындаушы электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, электрондық сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (он бес минуттан аспайды);

3 3) электрондық сұраныс пен құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-6) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» жолдайды (он бес минуттан аспайды).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

75 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Орындаушы
Орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтініш көшірмесін береді
құжаттарды қарайды
құжаттардың толықтығын тексереді
келісімді дайындайды
келісімге қол қояды
келісімді тіркейді
4
Келесі рәсімді
(іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды орындаушыға жолдайды
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне уәжді түрде бас тартуды береді
келісімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
келісімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
келісімді көрсетілетін қызметті алушыға
не оның өкіліне береді
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды
2 жұмыс күні ішінде
11 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды

76 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде

ғылыми- реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар)
реттілігінің сипаттамасы

77 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

78 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы