Об установлении размера платы за пользование жилищем из коммунального жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из коммунального жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 136
- Қабылданған күні
- 08.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2015 92116_16879.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GI002696
- ЭКБ идентификаторы
- 92116
- Редакция идентификаторы
- 92116_16879
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:43
0 Коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Сарысу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 08 маусымдағы
№136 қаулысына қосымша
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi
№
Мекенжай
Төлем мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін)
1
1 шағын аудан 7 үй
17 теңге
2
1 шағын аудан 8 үй
10 теңге
3
1 шағын аудан 19 үй
31 теңге
4
1 шағын аудан 31 үй
31 теңге
5
1 шағын аудан 32 үй
28 теңге
6
1 шағын аудан 33 үй
27 теңге
7
3 шағын аудан 25/22 үй
12 теңге