Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 198 · қабылданған 01.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92162/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 198 ·01.07.2015
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 198 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198
Қабылданған күні
01.07.2015
Көрсетілген редакция
30.06.2020 92162_472000.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003291
ЭКБ идентификаторы
92162
Редакция идентификаторы
92162_472000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:17

0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 193 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2743-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 20 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.

Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Е. Айтаханов
С.Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева

8 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 198 қаулысына
қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары және қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.

5 5. Қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңдері:

1

1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2

2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды).
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (жұмыс күні ішінде);

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) орындаушы құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде ұсынады;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

8 8) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9 9) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық–цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш пен Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) «жеке кабинетіне» құжаттардың қабылданғаны және қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама-есеп жолданады (он бес минуттан аспайды);

3 3) электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы осы регламенттің 5-тармағының 6) – 7) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке «кабинетіне» жолдайды (он бес минуттан аспайды).

Портал арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

39 Шартты белгілер:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:

40 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
8
Мемле- кеттік корпора- цияның жұмыс- шысы
Мемле- кеттік корпо- рация жұмыс-
шысы
Мемле- кеттік корпора- цияның жинақтау секторы
Қызмет берушінің кеңсе қызмет-
кері
Қызмет берушінің басшы- лығы
Жауапты орын- даушы
Қызмет берушінің басшы- лығы
Қызмет берушінің кеңсе қызмет- кері
Мемле- кеттік корпора- цияның жинақ-
таушы секторы-
ның жұмыс- шысы
Өтінішті
тіркейді, құжаттар-
ды қабыл-
дағаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және қабылдан- ған құжаттар-
ды Мемле- кеттік корпора- цияның жинақтау секторына табыстайды
Қызмет алушы Стандарт-
тың 9-тарма-
ғында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар-
дың топтама- сын толық ұсынбаған жағдайда құжат- тарды қабылдау-
дан бас тарту туралы қолхат береді
Сол жұмыс күні ішінде құжат- тарды қызмет берушіге жолдайды
Келген құжат- тарды ақпарат-
тық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 15-минут ішінде құжат- тарды басшы-
лыққа ұсынады
30-минут ішінде жауапты орындау-
шыны айқындап, құжат- тарды қарауға жолдайды
Құжат-
тардың толықты-
лығын тексеріп, Стандарт- тың
4-тармағы- мен белгілен-
ген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшы- лыққа ұсынады
Сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтиже- сіне қол қояды
Сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтижесін ақпарат- тық жүйеде белгілей отырып, Мемле- кеттік корпо- рацияға жолдайды
Құжат- тарды сканерлі штрихкод-
тың көмегімен ақпарат-
тық жүйеде белгі соғады да, сол күні құжаттарды беру секторы- ның жұмысшы-
сына қызмет алушыға беру үшін жолдайды
9
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы
Қызмет алушыға қызметтің нәтижесін береді

Қолданыстағы