Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечня организаций здравоохранения по изъятию, заготовке, хранению, консервации, транспортировке тканей (части ткани), или органов (части органов) и трансплантации тканей (части тканей) или органов (части органов)

Бұйрық · № 534 · қабылданған 29.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92348/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечня организаций здравоохранения по изъятию, заготовке, хранению, консервации, транспортировке тканей (части ткани), или органов (части органов) и трансплантации тканей (части тканей) или органов (части органов) Күшін жойған Бұйрық ·№ 534 ·29.06.2015
25.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечня организаций здравоохранения по изъятию, заготовке, хранению, консервации, транспортировке тканей (части ткани), или органов (части органов) и трансплантации тканей (части тканей) или органов (части органов)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 534 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечня организаций здравоохранения по изъятию, заготовке, хранению, консервации, транспортировке тканей (части ткани), или органов (части органов) и трансплантации тканей (части тканей) или органов (части органов)
Атауы (қаз.)
Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
534
Қабылданған күні
29.06.2015
Көрсетілген редакция
25.11.2020 92348_495099.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011743
ЭКБ идентификаторы
92348
Редакция идентификаторы
92348_495099
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:20

0 Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)

ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау,
сақтау, консервациялау, тасымалдау және
тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау
жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының
тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 170-бабының 5-6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында трансплантологиялық көмекті одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 534 бұйрығымен бекітілген
Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу,
дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің
бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі
денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) донорлық стационар – ағзаларды және/немесе тіндерді транспланттау мақсатында ағзаларды мультиағзалық алуға кадаврды дайындау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;

3 3) транспланттау орталығы – тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;

4 4) транспланттау бригадасы – «Жалпы хирургия» (трансплантология) немесе «Кардиохирургия» мамандығы бойынша сертификаты бар операция жасаушы хирургтан және көмекші хирургтардан, анестезиологтан, операциялық медбикеден, сондай-ақ, басқа мамандардан тұратын медицина персоналы тобы;

5 5) тіндер мен жасушалар банкі – кейіннен транспланттау үшін тіндерді (тіннің бөлігін) даярлауды және сақтауды жүзеге асыратын медициналық ұйым, медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

6

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТЖТМҚҮРО) – тиімді ұлттық ағзалық донорлық жүйесін құруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы;

7 7) реципиенттің өміршеңдігі – ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттаудан кейінгі науқастар тобындағы өмір сүру ұзақтығын көрсететін биостатистикалық көрсеткіш;

8 8) транспланттау – тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) организмдегі басқа жерге немесе басқа организмге қондыру, сіңістіру;

9

9) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

10 10) жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер.

2 2-тарау. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

3 3. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау мен қарастыру және ұсыныстар беру үшін Қор сараптамалық кеңес құрады.

4 4. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – транспланттау орталығы) төмендегілерге сәйкес келеді:

1 1) трансплантология бейініне сәйкес бейінді бөлімшелері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылымдылық бөлімшелері бар (кардиологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гепатологиялық және басқа) көп бейінді медициналық ұйымның базасында орналасқан;

2 2) ағзалық функциялардың жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін кемінде 10 төсегі бар;

3 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қосымша мамандандырылған медициналық жабдықтармен жарақтандырылған;

4 4) штатында транспланттау жүргізу үшін кем дегенде екі операциялық бригадасы бар (2 трансплантолог дәрігер, 4 хирург дәрігер, 2 ангиохирург дәрігер, 2 операциялық мейіргер);

5 5) транспланттау орталығының мамандары мен көп бейінді медициналық ұйымдардың мамандары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ең төменгі біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді;

6 6) медициналық лицензияға «трансплантология» мамандығы бойынша қосымшасы бар.

5 5. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы қордың сараптамалық кеңесіне қарауға мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

1

1) ЖТМҚ көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының кадрлары мен жабдықталуының ұсынылған құжат негізіндегі денсаулық сақтау ұйымының сипаттамасында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін бағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті аумақтық департаментінің оң қорытындысы;

2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

3 3) қосымша мамандандырылған жабдықтың тізбесі;

4 4) үй-жайдың болуы туралы құжаттардың көшірмелері;

5 5) медицина персоналы туралы мәліметтер (жеке еңбек шарттарының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері, мамандардың сертификаттарының көшірмелері, білімдері туралы, оның ішінде біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері);

6 6) транспланттау бригадаларын тасу және тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау үшін мамандандырылған санитариялық автокөліктің болуы туралы мәлімет.

6

6. Өтінім Қор кеңсесіне «Қордың сараптамалық кеңесіне арналған» белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

7 7. Өтінім:

1 1) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

8 8. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

9 9. Сараптамалық кеңес:

1 1) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

2 2) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

10 10. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

11 11. Оң шешім қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

12 12. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды уәкілетті органның Медициналық-экономикалық кеңесінің (бұдан әрі – МЭК) қарауына енгізеді.

13 13. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен транспланттау орталықтарының тізбесіне енгізіледі.

14 14. Уәкілетті орган бекіткен транспланттау орталықтарының тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

15 15. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тарту жібереді.

3 3-тарау. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

16 16. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру үшін қордың сараптамалық кеңесі құрылады.

17

17. Қордың сараптамалық кеңесі транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі медициналық қызметтерді көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау және қарастыруды жүзеге асырады.

18 18. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – донорлық стационар) төмендегілерге сәйкес келеді:

1 1) құрамында бейінді бөлімшелері (реанимация, қарқынды терапия, инсульт орталықтары, полижарақаттар) бар көп бейінді медициналық ұйым болып табылады;

2 2) бейінді мамандары оқытудан өткен және бас миының өлімін растау бойынша тәжірибелік дағдылары бар.

19

19. Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге алғаш рет үміткер денсаулық сақтау ұйымы сараптамалық кеңестің қарауына мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

1 1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

2 2) медициналық қызметпен айналысуға лицензияның көшірмесі;

3 3) бірінші жетекші бекіткен және ұйым мөрімен куәландырылған ұйымдастырушылық құрылым.

20

20. Өтінім Қор кеңсесіне «Қордың сараптамалық кеңесіне арналған» белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

21 21. Өтінім:

1 1) осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

22 22. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

23 23. Сараптамалық кеңес:

1 1) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

2 2) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келмеген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

24

24. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаврды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

25 25. Оң қорытынды қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

26 26. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды уәкілетті органның МЭК қарауына енгізеді.

27 27. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен донорлық стационарлар тізбесіне енгізіледі.

28 28. Уәкілетті орган бекіткен донорлық стационарлардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

29

29. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) мультиағзалық алуға кадаверды дайындау жөніндегі медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тартуды жібереді.

4 4-тарау. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

30 30. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервацилау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымының құжаттарын қабылдау, қарастыру үшін қордың сараптамалық кеңесі құрылады.

31 31. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – тіндер мен жасушалар банкі) төмендегілерге сәйкес келеді:

1 1) тіндерді (тіннің бөлігін) сұйық азотта сақтаған жағдайда сақтауға арналған үй-жайлар газ анализаторының дабылы бойынша автоматты түрде қосылатын сору желдеткіші мен апатты желдеткіштің дербес жүйесімен жабдықталады;

2 2) тіндер мен жасушалар банкінің электр жабдығы электр жабдығының резервтік көзінің болуын көздейді.

32 32. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы қордың сараптамалық кеңесіне қарауға мынадай құжаттардың тізбесі қоса тіркелген өтінімді жібереді:

1 1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі);

2 2) медициналық лицензияға «трансплантология» мамандығы бойынша қосымшаның көшірмесі;

3 3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тіндер мен жасушалар банкінің мамандандырылған жабдығының тізбесі;

4 4) үй-жайдың болуы туралы құжаттардың көшірмесі.

33

33. Өтінім Қор кеңсесіне «Қордың сараптамалық кеңесіне арналған» белгісімен, тігілген және нөмірленген түрде, түзетулерсіз және бүлінулерсіз ұсынылады, бұл ретте соңғы беті жетекшінің немесе оның сенімді тұлғасының қолымен куәландырылады және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

34 34. Өтінім:

1 1) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес құжаттар пакеті дұрыс ресімделмеген жағдайда қабылданбайды.

35 35. Қордың сараптамалық кеңесі құжаттар пакетін келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінің ішінде қарастырады.

36 36. Сараптамалық кеңес:

3 3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған;

4 4) денсаулық сақтау ұйымы осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес келмеуген жағдайда теріс қорытынды шығарады.

37 37. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі 3 жұмыс күнінің ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

38 38. Оң қорытынды қабылдаған жағдайда қордың сараптамалық кеңесі уәкілетті органға Тізбеге енгізу туралы ұсыныспен шешім хаттамасын жібереді.

39 39. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қордың сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар құжаттарды МЭК қарауына енгізеді.

40 40. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен тіндер мен жасушалар банктерінің тізбесіне енгізіледі.

41 41. Уәкілетті орган бекіткен тіндер мен жасушалар банктерінің тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

42 42. Теріс қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трапспланттау жөніндегі қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымға жазбаша бас тартуды жібереді.

43 43. Тіндер мен жасушалар банктері таратылған немесе қайта құрылған жағдайда қорды бір айдың ішінде ескертеді.

44 44. Тізбе уәкілетті органмен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бекітіледі және уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.

45

45. Қордың сараптамалық кеңесі жылына бір рет, 1 қарашадан кешіктірмей, транспланттау орталықтарының қызметіне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмысты бағалау индикаторларына сәйкестігіне талдау жүргізеді, оларды уәкілетті орган мынадай жылға арналған транспланттау орталықтарының тізбесін қалыптастыру кезінде есепке алады.

46 46. Жұмысты бағалау индикаторларына сәйкес келмеген жағдайда, транспланттау орталығына ескертпе жасалады немесе ол транспланттау орталықтарының тізбесінен алынып тасталады.

47 47. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы трансплантологияны дамытудағы қажеттілікті есепке ала отырып, Тізбені өзгерту бойынша шешім қабылдауға құқылы.

48 48. Ағзаны (ағзаның бөлігін) алу мен транспланттаудың жағымсыз нәтижесінің әрбір жағдайы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізуге жатады.

1 Транспланттау орталығының құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша
Транспланттау орталығының құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі

1 1) консультациялық-диагностикалық бөлімше (кабинет);

2 2) қабылдау бөлімшесі;

3 3) клиникалық-диагностикалық зертхана;

5 5) микробиологиялық зертхана;

6 6) функционалдық диагностика бөлімшесі;

7 7) эндоскопия бөлімшесі;

8 8) эфференттік терапия бөлімшесі;

9 9) сәулелік диагностикалық бөлімше;

10 10) қан құю бөлімшесі (қан банкі);

11 11) зарарсыздандыру бөлімшесі;

12 12) анестезиология-реаниматология бөлімшесі;

13 13) операциялық блок;

14 14) инфекциялық бақылау кабинеті;

15 15) оңалту және қалпына келтіре емдеу бөлімшесі;

17 17) дәріхана;

18 18) патологиялық-анатомиялық зертхана.

2 Транспланттау орталығы үшін жабдықтау тізбесі

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша
Транспланттау орталығы үшін жабдықтау тізбесі
Р/с N
Ата­уы
Та­лап еті­ле­тін са­ны, дн.
жү­рек­ті транс­плант­тау үшін
1.
Ге­мо­ди­а­лиз бен ге­мо­ди­а­филь­тра­ци­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат
ке­мін­де 2
2.
Аор­та­і­ші­лік бал­лон­ды контр­пуль­са­тор үшін ап­па­рат
2
3.
Қан­ның цен­три­фу­га­лық сор­ғы­шы
ке­мін­де 2
4.
До­нор­лық жү­рек­ті та­сы­мал­дау үшін ап­па­рат
1
ба­уыр­ды транс­плант­тау үшін
5.
Бай­пас – ай­нал­ма қа­най­на­лы­мы­на ар­нал­ған ап­па­рат
1
6.
Мо­ле­ку­ла­лық-ад­сорб­ци­я­лау-ай­на­лу жүй­е­сі
1
өк­пе­ні транс­плант­тау үшін
7.
Экс­тра­кор­по­рал­дық мем­бра­на­лық ок­си­ге­на­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат
1
бүй­рек пен ұй­қы бе­зін транс­плант­тау үшін
8.
Ла­зер­лік ли­то­т­рип­тер
1
9.
Пнев­ма­ти­ка­лық ли­то­т­рип­тер
1
10.
Ри­гид­тік фиб­ро­уре­те­ро­скоп­пен неф­ро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған жиын­тық
1
11.
Иіл­гіш фиб­ро­уре­те­ро­скоп­пен неф­ро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған жиын­тық
1
жал­пы жаб­дық
12.
Масс-спек­тро­метр
1
13.
4-ар­на­лық ағым­ды ци­то­спек­тро­флю­о­ри­метр
1
14.
Көп ар­на­лы ам­пли­фи­ка­тор (тер­мо­цик­лер)
1
15.
Блот-ги­бри­ди­за­тор
1
16.
Нақ­ты уа­қыт­та­ғы ПТР ар­нал­ған көп ар­на­лы тер­мо­цик­лерм
1
17.
Ав­то­мат­ты им­му­но­фер­мент­тік ана­ли­за­тор
1
18.
До­плер­мен са­рап­та­ма кла­сын­да­ғы уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка­лау ап­па­ра­ты
ке­мін­де 2
19.
Ком­пью­тер­лік то­мо­граф (ба­уыр кө­ле­мін во­лю­мет­ри­я­ны-есеп­ке ала оты­рып)
1
20.
Маг­нит­тік-ре­зо­нан­стық то­мо­граф
1
21.
Ан­гио­граф
1
22.
Қан­ды та­за­лау және ауто­транс­фу­зи­я­ла­у­ға ар­нал­ған жүйе
2
23.
В/і ері­т­ін­ді­лер мен қан пре­па­рат­та­рын қы­зды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат
2
24.
Мо­биль­дік рент­ге­но­гра­фи­я­лық жүйе
1
25.
Опе­ра­ци­я­лық ко­а­гу­ля­тор
2
26.
Хи­рур­ги­я­лық ас­пи­ра­ци­я­лық сор­ғы
2
27.
Тө­сек жа­нын­да­ғы мо­ни­тор (АҚ ин­ва­зи­ви­я­лық анық­та­у­мен және газ ана­ли­за­тор­ла­ры­мен)
4
28.
Тө­сек жа­нын­да­ғы мо­ни­тор (АҚ ин­ва­зи­ви­я­лық анық­та­у­мен және газ ана­ли­за­тор­ла­ры­мен)
4
29.
Дә­рі­лік заттар­ды мөл­шер­ле­гіш (FM-station)
10
30.
Жы­л­жы­ма­лы кө­лік­тік кон­тей­нер
ке­мін­де 4
31.
Суық эле­мент­тер­мен изо­тер­ми­я­лық кон­тей­нер
ке­мін­де 5
32.
Кө­лік­тік то­ңа­зыт­қыш
6
33.
Ста­ци­о­нар­лық то­ңа­зыт­қыш
ке­мін­де 2
34.
До­плер­мен са­рап­та­ма кла­сын­да­ғы мо­биль­дік уль­тра­ды­быст­ық ап­па­рат
1 (+1)
35.
Қыш­қыл-сі­л­ті­лік жағ­дай ана­ли­за­то­ры
1
36.
Ав­то­мат­тық ре­жім­де­гі үш ар­на­лы элек­тро­кар­дио­граф
1
37.
Же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке ар­нал­ған пор­та­тив­ті өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты
2
38.
Ар­найы даб­ыл­ды са­ни­та­ри­я­лық кө­лік (ар­найы жаб­дық­тал­ған)
ке­мін­де 1
39.
Ме­ди­ци­на­лық үстел­дік та­ра­зы­лар
2
40.
Би­но­ку­ляр­лық лу­па­лар (2,5х, 4х, 6х)
5
41.
Мик­ро­хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы
2
42.
Та­мыр­лық құ­рал­дар жиын­тығы
2
43.
Ка­ви­та­ци­я­лық уль­тра­ды­быст­ық хи­рур­ги­я­лық ас­пи­ра­тор
1
44.
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған нар­коз­дық ап­па­рат
2
45.
С-до­ға рент­ге­но­ло­ги­я­лық ап­па­рат
1
46.
Ар­го­но­плаз­ма­лық ко­а­гу­ля­тор
1
47.
Тұт­қа­лар жиын­тығ­ы­мен гар­мо­ни­ка­лық уль­тра­ды­быст­ық скаль­пель
2
48.
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған опе­ра­ция үсте­лін­де­гі па­ци­ент­ті жы­лы­ту жүй­е­сі
2
49.
Эн­до­бей­не­хи­рур­ги­че­ских ла­па­ро­ско­пи­я­лық ара­ла­су­лар­ға ар­нал­ған ті­рек (до­нор­лар­дан ағ­за­лар­ды алу – ба­уыр, бүй­рек)
1
50.
Хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар жиын­тығы – ми­ни­ас­си­стент (жа­ра­ны ке­ңейт­кіш­тер)
1
51.
Ар­те­ри­я­лық қы­сым­ды, элек­тро­кар­дио­грм­ма­ны, ба­қы­лау, от­те­гі­мен қа­нық­ты­ру өл­шем­де­рі­мен па­ци­ент­ті ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған мо­ни­тор
2
52.
Па­ци­ент­тің құр­ғақ мас­са­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған та­ра­зы
1

3 Транспланттау орталығының мамандарына қойылатын ең төменгі біліктілік сипаттамалары

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша
Транспланттау орталығының мамандарына қойылатын ең төменгі
біліктілік сипаттамалары
Р.с. №
Бей­і­ні бой­ын­ша транс­плант­тау ор­та­лы­ғы
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
1
Ба­уыр­ды транс­плант­тау
1) «Жал­пы хи­рур­гия» (ко­ло­пр­ок­то­ло­гия) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын та­сы­мал­дау бой­ын­ша, ба­уыр­ды транс­плант­тау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Га­стро­эн­те­ро­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша эн­до­ско­пия, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка) (ере­сек­тер)», «Га­стро­эн­те­ро­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша эн­до­ско­пия, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
4) «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кар­дио­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, ин­тер­вен­ци­я­лық кар­дио­ло­гия, ин­тер­вен­ци­я­лық арит­мо­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Кар­дио­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, ин­тер­вен­ци­я­лық кар­дио­ло­гия, ин­тер­вен­ци­я­лық арит­мо­ло­гия) (ба­ла­лар)», оның ішін­де ин­тер­вен­ци­я­лық», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка», «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
5) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
2
Бүй­рек­ті транс­плант­тау
1) «Жал­пы хи­рур­гия» (транс­план­то­ло­гия) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын та­сы­мал­дау бой­ын­ша, бүй­рек­ті транс­плант­тау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Эн­до­кри­но­ло­гия (ере­сек­тер)», «Эн­до­кри­но­ло­гия (ба­ла­лар)»; «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кар­дио­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, ин­тер­вен­ци­я­лық кар­дио­ло­гия, ин­тер­вен­ци­я­лық арит­мо­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Кар­дио­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, ин­тер­вен­ци­я­лық кар­дио­ло­гия, ин­тер­вен­ци­я­лық арит­мо­ло­гия) (ба­ла­лар)», оның ішін­де ин­тер­вен­ци­я­лық», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка», «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі 3 жыл­дан кем емес;
4) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
3
Жү­рек­ті транс­плант­тау
1) «Кар­дио­хи­рур­гия», «Жал­пы хи­рур­гия» (то­ра­кал­дық хи­рур­гия, транс­план­то­ло­гия) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын (жү­рек­ті неме­се өк­пе­ні, «жү­рек-өк­пе» ке­ше­нін) та­сы­мал­дау бой­ын­ша, жү­рек­ті транс­плант­тау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Эн­до­кри­но­ло­гия (ере­сек­тер)», «Эн­до­кри­но­ло­гия (ба­ла­лар)», «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка», «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
4) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
4
«Жү­рек-өк­пе» ке­ше­нін транс­плант­тау
1) «Кар­дио­хи­рур­гия», «Жал­пы хи­рур­гия» (то­ра­кал­дық хи­рур­гия, транс­план­то­ло­гия) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын (жү­рек­ті неме­се өк­пе­ні, неме­се «жү­рек-өк­пе» ке­ше­нін) та­сы­мал­дау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Кар­дио­ло­гия» (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, ин­тер­вен­ци­я­лық кар­дио­ло­гия, ин­тер­вен­ци­я­лық арит­мо­ло­гия) (ере­сек­тер және (или) ба­ла­лар), «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка» «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
4) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
5
Ұй­қы бе­зін транс­плант­тау
1) «Жал­пы хи­рур­гия» (транс­план­то­ло­гия) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын та­сы­мал­дау бой­ын­ша, ұй­қы бе­зін транс­плант­тау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Эн­до­кри­но­ло­гия (ере­сек­тер)», «Эн­до­кри­но­ло­гия (ба­ла­лар)», «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка» «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
4) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
6
Мөл­дір­қа­бық­ты транс­плант­тау
1) «Оф­таль­мо­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, до­нор­лық ағ­за­лар­ды (тін­дер­ді) та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам ағ­за­ла­рын (тін­де­рін) та­сы­мал­дау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру, мөл­дір­қа­бық­ты қон­ды­ру, оның ішін­де, мөл­дір­қа­бық­ты транс­плант­тау бой­ын­ша оқы­ту;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­гер» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.
7
Тін­ді транс­плант­тау
1) «Жал­пы хи­рур­гия» (транс­план­то­ло­гия, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка) ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты, транс­план­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, ка­дав­ра­дан ағ­за­лар­ды алу және до­нор­лық ағ­за­лар­ды та­сы­мал­дау, оның ішін­де адам тін­де­рін та­сы­мал­дау бой­ын­ша, тін­ді транс­плант­тау бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­на оты­рып бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру;
2) «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия) (ере­сек­тер)», «Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (пер­фу­зио­ло­гия, ток­си­ко­ло­гия, нео­на­тал­дық ре­ани­ма­ция) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
3) «Га­стро­эн­те­ро­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша эн­до­ско­пия, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка) (ере­сек­тер)», «Га­стро­эн­те­ро­ло­гия (негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша эн­до­ско­пия, негіз­гі ма­ман­дық бей­і­ні бой­ын­ша уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка) (ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
4) «Те­ра­пия (жа­сө­спі­рім­дер те­ра­пи­я­сы, ди­е­то­ло­гия)», «Кар­дио­ло­гия (ере­сек­тер)», «Кар­дио­ло­гия (ере­сек­тер)», оның ішін­де ин­тер­вен­ци­я­лық», «Трав­ма­то­ло­гия-ор­то­пе­дия (кам­бу­стио­ло­гия) (ере­сек­тер, ба­ла­лар)», «Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Ге­ма­то­ло­гия (ере­сек­тер)», «Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка», «Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка», «Па­то­ло­ги­я­лық ана­то­мия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты;
5) «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Мей­ір­гер ісі (мей­ір­би­ке/мей­ір­гер, жал­пы прак­ти­ка мей­ір­би­ке­сі/мей­ір­ге­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мей­ір­би­ке/мей­ір­гер)» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та бі­лік­ті­лік дең­гейі бар ма­ман сер­ти­фи­ка­ты.

4 Тіндер мен жасушалар банкіне арналған мамандандырылған медициналық жабдық тізбесі

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша
Тіндер мен жасушалар банкіне арналған мамандандырылған медициналық
жабдық тізбесі
Р/с N
Ата­уы
Та­лап еті­ле­тін са­ны (дн.)
1.
Дью­ар крио­қой­ма­сы
1
2.
Бағ­дар­ла­ма­ла­на­тын крио­мұз­да­ту­ға ар­нал­ған ап­па­рат
1
3.
Ре­фри­же­ра­тор­лық цен­три­фу­га­лар
1
4.
Тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­лы ре­фри­же­ра­тор­лар
1
5.
Тем­пе­ра­ту­ра ре­жи­мін ав­то­мат­ты мо­ни­то­ринг­те­умен то­ңа­зыт­қыш қон­дыр­ғы­ла­ры
1
6.
Ағын­ды-сор­ғы­лы жел­де­туі бар ла­ми­нар­лық шкаф
1

5 Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша
Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау,
сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды
(ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі
1. Ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лі­гін) алу, дай­ын­дау, сақ­тау, кон­сер­ва­ци­я­лау, та­сы­мал­дау және ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лі­гін) транс­плант­тау рұқ­сат еті­л­ген ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры
Р.с. №
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның ата­уы
Транс­плант­тау *
бүй­рек
ба­уыр
жү­рек
өк­пе
жү­рек-өк­пе
ұй­қы бе­зі
ере­сек­тер­ге
ба­ла­лар­ға
ере­сек­тер­ге
ба­ла­лар­ға
ті­рі до­нор­дан
мәй­іт­тік до­нор­дан
ті­рі до­нор­дан
мәй­іт­тік до­нор­дан
ті­рі до­нор­дан
мәй­іт­тік до­нор­дан
ті­рі до­нор­дан
мәй­іт­тік до­нор­дан
1
2
3*
4*
5*
6*
7*
8*
9*
10*
11*
12*
13*
14*
2. Ба­за­сын­да мәй­іт­тер­ден транс­плант­тау мақ­са­тын­да тін­дер­ді және (неме­се) ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лі­гін) алу және кон­сер­ва­ци­я­лау жүр­гі­зі­ле­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры (до­нор­лық ста­ци­о­нар­лар)
Р.с. №
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның ата­уы
Заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма, же­ке кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік (тір­кеу № және бе­ру кү­ні)
Ме­кен­жайы, те­ле­фон­да­ры
1
2
3
4
5
2. Тін­дер­ді (тін­нің бө­лі­гін) алу, дай­ын­дау, сақ­тау, та­сы­мал­дау және транс­плант­тау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры (тін­дер мен жа­су­ша­лар банк­те­рі)
Р.с. №
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның ата­уы
Заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма, же­ке кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік (тір­кеу № және бе­ру кү­ні)
Ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны
Тін­нің (тін­нің бө­лі­гі­нің), жа­су­ша­лар­дың ата­уы
1
2
3
4
5
3-14-бағандарда «рұқсат етілді», «тыйым салынды» деген сөздер жазылады.

6 Транспланттау орталықтарының жұмыстарын бағалау индикаторлары*

Тіндерді (тіннің бөлігін) (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау, алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 6-қосымша
Транспланттау орталықтарының жұмыстарын бағалау индикаторлары*
Транс­плант­тау
Са­ны бой­ын­ша ба­ға­лау
Са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лау
Жы­лы­на орын­дал­ған транс­плант­та­у­лар са­ны
Ба­ға­лау нәти­же­сі
Ре­ци­пи­ент­тің, транс­план­тат­тың өмір­шең­ді­гі, өлім­ге ұшы­ра­уы
Ба­ға­лау нәти­же­сі
бүй­рек
Жы­лы­на 10 опе­ра­ци­ядан аз
ес­керт­пе
Ре­ци­пи­ент­тер­дің бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 90% кем
ес­керт­пе
Транс­план­тат­тың бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 80% кем
2 жыл қа­та­ры­нан 10 опе­ра­ци­ядан аз
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Ре­ци­пи­ент­тер­дің екі жыл­дық өмір­шең­ді­гі 85% кем.
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Транс­плант­тат­тың екі жыл­дық өмір­шең­ді­гі 75% кем
хи­рур­ги­я­лық се­беп­тер­мен өлім­ге ұшы­рау опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі 15-30 күн­нің ішін­де
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
ба­уыр
Жы­лы­на 5 опе­ра­ци­ядан аз
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Ре­ци­пи­ент­тер­дің бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 75% кем
ес­керт­пе
Ре­ци­пи­ент­тер­дің екі жыл­дық өмір­шең­ді­гі 65% кем
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
жү­рек
Жы­лы­на 5 опе­ра­ци­ядан аз
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Ре­ци­пи­ент­тер­дің бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 75% кем
ес­керт­пе
жү­рек-өк­пе
3 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
ес­керт­пе
Па­ци­ент­тің өмір­шең­ді­гі бі­рін­ші жыл­да <40%
ес­керт­пе
5 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау,
өк­пе
Жы­лы­на 2 опе­ра­ци­ядан аз.
ес­керт­пе
Ре­ци­пи­ент­тер­дің бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 50% кем
ес­керт­пе
3 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
5 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Ре­ци­пи­ент­тер­дің екі жыл­дық өмір­шең­ді­гі 40% кем
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
ұй­қы бе­зі
Жы­лы­на 1 опе­ра­ци­ядан аз неме­се 3 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
ес­керт­пе
Ре­ци­пи­ент­тер­дің бір жыл­дық өмір­шең­ді­гі 85% кем
ес­керт­пе
5 жыл­дың ішін­де опе­ра­ци­я­лар­дың бол­мауы
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Ре­ци­пи­ент­тің екі жыл­дық өмір­шең­ді­гі 75% кем
Транс­плант­тау ор­та­лық­та­ры­ның ті­зі­мі­нен алып та­стау
Кадр­лар­ды да­яр­лау
Әр­бір транс­плант­тау ор­та­лы­ғы жыл сай­ын ке­мін­де бір транс­план­то­лог­тың бей­і­ні бой­ын­ша ұз­ақ­ты­лы­ғы ке­мін­де 216 са­ғат­ты құ­рай­тын бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­ді
* Бұл бағалау индикаторлары балалар трансплантологиясы бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты емес.

Қолданыстағы