Құжат мәтініне өту

«Об утверждении положения о государственном учреждении «отдел ветеринарии Мактааральского района»

Қаулы · № 793 · қабылданған 14.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92409/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
«Об утверждении положения о государственном учреждении «отдел ветеринарии Мактааральского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 793 ·14.07.2015
20.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Об утверждении положения о государственном учреждении «отдел ветеринарии Мактааральского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 793 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об утверждении положения о государственном учреждении «отдел ветеринарии Мактааральского района»
Атауы (қаз.)
«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
793
Қабылданған күні
14.07.2015
Көрсетілген редакция
20.05.2016 92409_88627.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UG003287
ЭКБ идентификаторы
92409
Редакция идентификаторы
92409_88627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:08

0 «Мақтарал ауданының ветеринария

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанхановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мақтарал ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «14» шілдедегі
№793 қаулысымен бекітілген
«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

3 3. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4

4. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық, құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7

7. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінінң мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітеледі.

9 9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев көшесі, № 28 үй, индекс 160500.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11 11. Осы Ереже «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мінднттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14 14. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15 15. Міндеттері:

«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.

16 16. Функциялары:

1

1) облыстың жергілікті өкілді органына жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу туралы қағидаларын әзірлеп, бекіту үшін аудан әкіміне ұсыну;

2 2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3 3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4 4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5 5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

6

6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссиялврды ұйымдастыру;

7 7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

8 8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылғын (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттаң құнын иелеріне өтеу;

9 9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларыпайдв болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес карантинді немесе шектеу іс-шараларын ұйымдастыру;

10

10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарының жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынның ұсыны бойынша аудан әкімдігінің қауылысына сәйкес шектеу іс-шараларының немесе карантинді тоқтатуды ұйымдастыру;

11 11) аудан әкімдігіне бекіту үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне ветеринариялық-санитариялық қортынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін ұсыну;

12 12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардын Қазақстан Республикасының ветеринария саласында занамасын сақтауын мелекттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

13 13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

14 14) эпизоотиялық зерттеп-қарау актісін беру;

15 15) ішкі сауда обьектілерінде Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласындағы заннамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

16

16) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырлатын (тасмалданатын) обьектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өндеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай ақ оларды тасмалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигенялық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

17 17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

18 18) аудан аумағында жануарлардын энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

19 19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардын аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу жіне оларда диаоностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

20 20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінідегідерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

21 21) ауыл шауашылығы жануарларның жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындап, аудан әкімдігіне ақпарат беру;

22 22) ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық есепке алып аудан бойынша жинақталған ақпаратты облыстың жергілікті атқарушы органына жолдау үшін аудан әкімдігіне мәлімет беру;

23 23) аудан әкімдігіне жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша сетеринариялық іс-шаралар жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

24 24) облыстың жергілікті атқару органына ұсыну үшін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі туралы мәліметті аудан әкімдігіне беру;

25 25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда бюджет қаражаты есебінен матып алынған ветеринприялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

26 26) аудан әкімдігіне тиісті әкімшідік-аумақтық бірлігі аумағында ветеринариялық-санитприялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныс енгізу;

27 27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

28 28) ветеринариялық саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

29

29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шмкізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

30 30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын белгіленген жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттікткрді жүзеге асыру кіреді.

17 17. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінң отырыстарына қатысады:

2 2) «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

3 3) «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18 18. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орныдалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19 19. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мақтарал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20 20. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21 21. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1 1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді;

2 2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3 3) сенімхаттар береді;

4 4) заңнамамен бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5 5) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6 6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7 7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8 8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9 9) Қазақсатан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10 10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22 22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23 23. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

24 24. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25 25. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26 26. Егер заңнамада көзделмесе, «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27 27. «Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) Мақтарал ауданы ветеринария бөлімінің «Мақтарал ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны.

Қолданыстағы