Құжат мәтініне өту

Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан

Бұйрық · № 196 · қабылданған 15.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92440/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан Қолданыста Бұйрық ·№ 196 ·15.04.2015
15.04.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан

Қолданыста Бұйрық ·№ 196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
15.04.2015
Көрсетілген редакция
15.04.2015 92440_32461.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011562
ЭКБ идентификаторы
92440
Редакция идентификаторы
92440_32461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:27

0 Азаматтарды жалпыға бiрдей

әскери оқыту бағдарламасын
бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз

басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайтына орналастырсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
күзет қызметінің бастығы
генерал-майор
А. Күреңбеков
2015 жылғы 15 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н. Әбіқаев
2015 жылғы 1 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 28 сәуір

9 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
бағдарламасы
Р/с №
Тақырыптың атауы
Уақыты
Өткізу нысаны
1
2
3
4
1. Кіріспе
1.
Туған Отанын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті
1 сағат
Дәріс
2. Азаматтық қорғаныс
2.
Қазіргі заманғы зақымдау құралдары. Төтенше жағдайларда халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар. Жеке және ұжымдық қорғау құралдары
2 сағат
Дәріс
3.
Зілзалалар, олардың сипаты мен болжамды салдары, зілзалалар туралы халықты хабардар ету тәртібі
1 сағат
Дәріс
4.
Жараланған, жарақаттанған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Таңу, қан кетуді тоқтату құралдары мен тәсілдері
2 сағат
Практикалық
сабақ
5.
Жеке қорғау құралдары. Олардың жіктелуі
2 сағат
Практикалық
сабақ
3. Тактикалық даярлық
6.
Жалпыәскери ұрыс негізі.
Оқ ату жүйесі
1 сағат
Дәріс
7.
Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылдары. Сарбаз шабуылда
1 сағат
Дәріс
8.
Сарбаз қорғаныста. Бөлімше қорғаныста
1 сағат
Дәріс
Р/с №
Тақырыптың атауы
Уақыты
Өткізу нысаны
1
2
3
4
4. Оқ ату даярлығы
9.
Атыс қаруының материалдық бөлігі (Калашников автоматы, Макаров пистолеті, танкіге қарсы
қол гранатаатқышы). Автоматты (оқшашарды) бөлшектеу және жинау
2 сағат
Практикалық
сабақ
10.
Қару-жарақпен, оқ-дәрілермен және жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
2 сағат
Практикалық
сабақ
11.
Атыстың негіздері мен қағидалары
2 сағат
Дәріс
12.
Автоматқа техникалық қызмет көрсету және атуға дайындау
1 сағат
Практикалық
сабақ
5. Инженерлік даярлық
13.
Бекіністі инженерлік жабдықтау және бүркемелеу
1 сағат
Дәріс
14.
Автоматтан, оқшашардан және гранатаатқыштан атуға арналған жеке және екі адамдық жертаса жабдықтау
2 сағат
Практикалық
сабақ
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары
15.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары туралы түсінік. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жалпыәскери жарғылардың мәні. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
1 сағат
Дәріс
16.
Әскери атақтар, айырым белгілері. Рота тәуліктік нарядының тағайындалуы, құрамы және қару-жарағы. Тәуліктік нарядтың міндеттері
1 сағат
Дәріс
7. Әскери топография
17.
Жергілікті жерлерде картасыз бейімделу және азимут бойынша қозғалу
2 сағат
Практикалық
сабақ
Барлығы:
25 сағат

Қолданыстағы