Қолданыстағы ред. 25.12.2000

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы от 25.12.2000 г. № 379 (Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы)

0

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 «Бюджеттік жүйе туралы» және 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-1 «Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу мен қарыз туралы» зандарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар тізбесі бекітілсін:

1

1) Қызылорда қаласының жылу, энергия көздері мен тұрғын үйлері секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кеніштерінің газын пайдалануға көшіру жобасы;

2

2) Қызылорда қаласы бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салу жобасы;

3

3) Облыс әкімінің тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

4

4) Облыс әкімінің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қызметін тұрақтандыру, реттеу және дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

2

2. Жобаларды қаржыландыру қөздерінің бірі болып Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 131-П "2001 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органының қарыз алуының жиынтық лимиті шегінде облыс әкімінің тартып отырған қарыз қаражаттары белгіленсін.

3

3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсін.