Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Өзге акт · № 379 · қабылданған 25.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-9251/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы Қолданыста 25.12.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Қолданыста Өзге акт № 379 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
379
Қабылданған күні
25.12.2000
Көрсетілген редакция
25.12.2000 · қолданыстағы 9251_295791.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000541_
ЭКБ идентификаторы
9251
Редакция идентификаторы
9251_295791
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:05
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 «Бюджеттік жүйе туралы» және 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-1 «Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу мен қарыз туралы» зандарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар тізбесі бекітілсін:

1) Қызылорда қаласының жылу, энергия көздері мен тұрғын үйлері секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кеніштерінің газын пайдалануға көшіру жобасы;

2) Қызылорда қаласы бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салу жобасы;

3) Облыс әкімінің тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

4) Облыс әкімінің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қызметін тұрақтандыру, реттеу және дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

2. Жобаларды қаржыландыру қөздерінің бірі болып Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 131-П "2001 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органының қарыз алуының жиынтық лимиті шегінде облыс әкімінің тартып отырған қарыз қаражаттары белгіленсін.

3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсін.