Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 «Бюджеттік жүйе туралы» және 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-1 «Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу мен қарыз туралы» зандарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар тізбесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) Қызылорда қаласының жылу, энергия көздері мен тұрғын үйлері секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кеніштерінің газын пайдалануға көшіру жобасы;
Тармақша 2
2) Қызылорда қаласы бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салу жобасы;
Тармақша 3
3) Облыс әкімінің тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;
Тармақша 4
4) Облыс әкімінің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қызметін тұрақтандыру, реттеу және дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;
Тармақ 2
2. Жобаларды қаржыландыру қөздерінің бірі болып Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 131-П "2001 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органының қарыз алуының жиынтық лимиті шегінде облыс әкімінің тартып отырған қарыз қаражаттары белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсін.