Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в Щербактинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в Щербактинском районе
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 204/7
- Қабылданған күні
- 15.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2015 92518_291994.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PM004640
- ЭКБ идентификаторы
- 92518
- Редакция идентификаторы
- 92518_291994
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0 Шарбақты ауданында мүгедектерді
қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті
шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2 2. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны аумақтық әділет органында заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде аудандық «Трибуна» және «Маралды» газеттерінде ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5 Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердін мөлшері
Шарбақты ауданының
2015 жылғы «15» шілде
№ 204/7 қаулысымен
бекітілді
Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердін мөлшері
№
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасылар оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Әр түрлі спорт түрлерінен аудан құрама командасы, облыстық жарыстарға сапалы дайындалу үшін
Тегін,
уақытымен
6
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
7
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
8
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында қолданылады.