Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в Щербактинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в Щербактинском районе
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 204/7
- Қабылданған күні
- 15.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2015 92518_291994.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PM004640
- ЭКБ идентификаторы
- 92518
- Редакция идентификаторы
- 92518_291994
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0 Шарбақты ауданында мүгедектерді
қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті
шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны аумақтық әділет органында заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде аудандық «Трибуна» және «Маралды» газеттерінде ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5 Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердін мөлшері
Шарбақты ауданының
2015 жылғы «15» шілде
№ 204/7 қаулысымен
бекітілді
Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердін мөлшері
№
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасылар оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Әр түрлі спорт түрлерінен аудан құрама командасы, облыстық жарыстарға сапалы дайындалу үшін
Тегін,
уақытымен
6
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
7
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
8
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында қолданылады.