Об утверждении Положения государственного учреждения «Актауский городской отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Актауский городской отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 781
- Қабылданған күні
- 18.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2016 92539_Some(105393).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MA002790
- ЭКБ идентификаторы
- 92539
- Редакция идентификаторы
- 92539_Some(105393)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:33
0 «Ақтау қалалық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын – үй инспекциясы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Е. Таңатов):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Б.Қ.Ізғалиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 781 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген ретте тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Бөлімнің мынадай ведомствалары бар:
1 1) Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны;
2 2) Ақтау қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтау тұрғын үй» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны.
3
3. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5 5. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6
6. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 үй, қала әкімдігі ғимараты.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10 10. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақтау қаласының әкімдігі болып табылады.
11 11. Осы Ереже «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13
13. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14
14. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2 2. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15 15. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: - қала тұрғындарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау.
16 16. Міндеттері:
қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларын басқару мен реттеуде біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу.
17 17. Функциялары:
1 1) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында шаруашылық қызметін үйлестіру, қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;
2 2) мемлекеттік тұрғын-үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
3 3) тұрғын-үй қорының түгендемесін жүргізу;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін, соның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алу шараларын жүргізу және соған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру;
6 6) жерлеу орындарын ұстау шараларын жүзеге асырады және тексіздерді жерлеу;
7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, апат туғызушы және тозған тұрғын үйді құлату жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
8 8) коммуналдық тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын әзірлейді және оның орындалуын бақылау;
9 9) тұрғын үй қорын есепке алу және жекешелендіруді жүргізу;
10 10) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазалау, дренажды жүйелердің, кәріз, жылу және электр желілері нысандарын қайта жаңарту бағдарламаларын әзірлейді;
11 11) қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
12 12) бөлімге азаматтардан келіп түсетін ұсыныстарды, шағымдарды, өтініштерді уақытында және сапалы қарайды;
13 13) Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің талаптарын, бөлім туралы Ережені және «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының нұсқауларын орындайды;
14 14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тексеру жұмыстарын жүргізеді;
15 15) тексеріс кезінде тексеріліп жатқан объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
16 16) тексеру нәтижесі бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер сақталуын қамтамасыз етеді;
17 17) тұрғын үй қорын сақтау ережелерінің талаптарын бұзғандығы жөнінде акт жасақтау;
18 18) тұрғын үй қорын сақтау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың міндетті орындалуы үшін тапсыру;
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18 18. Құқықтары мен міндеттері:
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1 1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпаратты сұрауға және алуға;
2 2) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны есепке ала отырып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты құжаттармен кедергісіз танысу;
3 3) қаржы жылына сәйкес, қалалық бюджетті қалыптастыру мәселелері туралы мәжілістерге қатысу;
4 4) Әкім және әкімдіктің актілерін әкімдік отырысында қарау мақсатында жобаларын дайындау, анықтамалар жасау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша ақпараттар мен баяндамалар жасау;
5 5) тексеріс жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрауға, тексеру нысанына қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
6 6) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану барысында мемлекеттің құқығы мен мүддесін сақтау;
7 7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
8 8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
9 9) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
10 10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
11 11) меншік түріне қарамастан тұрғын үй қорын пайдалану;
12 12) тұрғын үй жайларын пайдалану, ортақ пайдаланатын орындарды, басқыш алаңдарды, кіреберістерді санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес пайдалану;
13 13) қызметтік куәлігін ұсынған жағдайда тексеріс жүргізілетін объектіге кедергісіз баруға;
14 14) сотта талапкер және жауапкер болуға;
15 15) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі міндетті:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2 2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3 3. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19 19. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның
функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20 20. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21 21. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1 1) «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
2 2) «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3 3) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4 4) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
5 5) өз құзыретінің шегінде «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6 6) мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың бос басшы лауазымына конкурс өткізген кезде, қала әкімдігінің конкурс комиссиясы жұмысына қатысуға құқығы бар;
7 7) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
8 8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, шарт жасайды және сенімхат береді.
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына
Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4 4. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi
22 22. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген
мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23 23. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.