Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля

Бұйрық · № 7-1/467 · қабылданған 22.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92565/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля Күшін жойған Бұйрық ·№ 7-1/467 ·22.05.2015
26.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля

Күшін жойған Бұйрық ·№ 7-1/467 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля
Атауы (қаз.)
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-1/467
Қабылданған күні
22.05.2015
Көрсетілген редакция
26.12.2019 92565_440127.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011701
ЭКБ идентификаторы
92565
Редакция идентификаторы
92565_440127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:00

0 Өндірістік бақылау

бөлімшелерінің ветеринариялық
дәрігерлеріне қойылатын
талаптарды бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е.Досаев
18 маусым 2015 жыл

8 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 7-1/467 бұйрығымен
бекітілген
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Осы талаптарда мынадай ұғым пайдаланылады:

өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.

2 2. Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар

3 3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын объектілердің өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне мынадай талаптар қойылады:

1 1) ветеринария мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптік бiлiм;

2 2) жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен еңбек қатынасы;

3 3) Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын білу.

Қолданыстағы