Об утверждении формы отчетности по выдаче удостоверений охотника
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы отчетности по выдаче удостоверений охотника
- Атауы (қаз.)
- Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-03/404
- Қабылданған күні
- 30.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2015 92568_39721.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011735
- ЭКБ идентификаторы
- 92568
- Редакция идентификаторы
- 92568_39721
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:11
0 Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысанын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысаны бекітілсін.
2 2. «Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы
26 наурыздағы № 25-03-02/122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513 болып тіркелген, 2012 жылы
26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы сәуірдегі
№ бұйрығымен бекітілген
№ 18-03/404 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік
Р/с №
Аңшы куәлігі кімге берілді, тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тестілеу хаттамасы (күні, нөмірі)
Берілген сертификаты (нөмірі, күні, қолдану мерзімі)
1
2
3
4