Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира

Бұйрық · № 18-03/577 · қабылданған 26.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92583/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/577 ·26.06.2015
11.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/577 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/577
Қабылданған күні
26.06.2015
Көрсетілген редакция
11.09.2025 92583_785086.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011800
ЭКБ идентификаторы
92583
Редакция идентификаторы
92583_785086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:21

0 Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 мардағы
№ 18-03/577 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды,
оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы

1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның кадастры мен мониторингi (бұдан әрi – есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттiк басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлiлігі мен мекендейтiн ортасын сақтау мақсаттарында жүргiзiледi. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтiн ортасы, саны, жүйелi түрде байқаулардың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректердi қамтиды.

3 3. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық нысанда жүргiзедi.

Есепке алу, оның кадастры мен мониторингін жүргiзу үшiн мәлiметтер жинауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және мәліметтерді уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне бередi.

4 4. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингi жануарлардың топтары: сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, омыртқасыздар бойынша жүргiзiледi.

5 5. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингiн жүргізу аң аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша жүзеге асырылады.

2 Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу тәртібі

1 Параграф - бап 1. Жануарлар дүниесін есепке алуды жүргізу

6 6. Жануарлар түрлерін есепке алуды жануарлар дүниесi объектілерінің мекендеу ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар белгіленген тәртіппен бекітіп берілген аңшылық шаруашылығы субъектілері, аумақтық бөлімшелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.

7 7. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар түрлерін есепке алуды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

8 8. Жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу республика аумағы бойынша олардың таралуы (мекендеу орындары мен алқаптары), олардың саны және ықтимал пайдалану көлемі туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.

9 9. Жануарлар дүниесін есепке алу деректері Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

2 Параграф – бап 2. Жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу

10 10. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры электрондық нысандажабайы жануарлар түрлерінің таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн қамтиды.

11 11. Жануарлар дүниесiнiң кадастры аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша жүргізіледі.

12

12. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу кадастрлық кітап нысанында және деректерді ақпараттық интеграция құралдары арқылы электрондық түрде беру жүргізіледі.

13 13. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі барлық мекемелер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың

1 қаңтарындағы жағдай бойынша кадастрлық құжаттамаға ағымдағы өзгерістер туралы мәліметтерді енгізіп тұрады.
Есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне кадастрлық құжаттама беріледі.

14 14. Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажет жыл сайынғы құжаттаманың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

15 15. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

16

3 Параграф – бап 3. Жануарлар дүниесінің мониторингін жүргiзу

17

17. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, физикалық жай-күйін, олардың мекендейтiн ортасының құрылымын, сапасын және алаңын жүйелi түрде бақылау жүйесiн бiлдiредi. Мониторинг экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтау, жануарлар дүниесiн теңдестiрiлген дәрежеде және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, теріс процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсаттарында жүргiзiледi.

1 Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманың тізбесі

Жануарлар дүниесін
мемлекеттік есепке алуды,
оның кадастры мен мониторингін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманың тізбесі
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Индекс: АШ-1
Жиілігі: жылдық.
Есептік кезең: 20___жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.
Ұсынылады: жануарлар дүниесін пайдаланушылар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін.
1-кесте
Жабайы жануарлар мен құстардың санын есепке алу деректері (дарақ)
Ата­уы (аң­шы­лық пай­да­ла­ну­шы­лар, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар)
Есеп­ке алу қам­ты­л­ған алаң
(мың га)
Жа­ну­ар­дың тү­рі
Есеп­ке алу ала­ңын­да­ғы жа­байы жа­ну­ар­лар­дың са­ны (да­ра­ғы)
Жа­ну­ар­лар­дың бар­лық са­ны (да­рақ­тар­дың экс­тра­по­ля­ци­я­сы­нан кей­ін)
Бар­лы­ғы
(да­рақ)
Ата­лық­тар(да­рақ)
Ана­лық­тар(да­рақ)
Тө­лі
(да­рақ)
Бар­лы­ғы
(да­рақ)
Ата­лық­тар
(да­рақ)
Ана­лық­тар
(да­рақ)
Тө­лі
(да­рақ)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
2-кесте
Су айдындарындағы суда жүзетін құстардың санын есепке алу деректері (дарақ)
Аң­шы­лық пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
Ба­рыл­да­уық
Шү­ре­гей­лер
Сүң­гу­ір­лер
Бас­қа да өзен үй­рек­те­рі
Бар­лық үй­рек
Қас­қал­дақ­тар
Қаз­дар
1
2
3
4
5
6
7
8
3-кесте
Бос аңшылық алқаптарда аңшылық жануарлар түрлерінің санын есепке алу көрсеткіштері (дарақ)
Жа­ну­ар тү­рі
Жер­лер­дің ала­ңы, бар­лы­ғы
(мың га)
Тра­лым тү­рі
(мың га)
Та­ра­лым ала­ңы­нан есеп­ке алын­ған алаң
(мың га)
Та­ра­лым ала­ңы­нан есеп­ке алу %-ы
Есеп­ке алу­дың көр­сет­кіш­те­рі
Экс­тра­по­ля­ция көр­сет­кіш­те­рі
1000 га тығ­ы­зды­ғы
(да­рақ)
Бар­лы­ғы
(да­рақ)
Ата­лық­тар
(да­рақ)
Ана­лық­тар
(да­рақ)
Тө­лі (да­рақ)
Бар­лы­ғы
(да­рақ)
Ата­лық­тар
(да­рақ)
Ана­лық­тар
(да­рақ)
Тө­лі
(да­рақ)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
4-кесте
Су айдындарындағы аңшылық құстар түрлерінің қоныс аудару ерекшеліктері (дарақ)

1 1) көктемгі ұшу

Құс тү­рі
Ұшу ба­ры­сы бай­қал­ған кү­ні
Жап­пай ұшу кү­ні
Ұшу­дың аяқ­та­лу кү­ні
Ста­ци­о­нар­лық қа­да­ға­ла­уда­ғы есеп­ке алу са­ны
та­ңер­тең
кеш­ке
бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
7
2) күзгі ұшу
Р/с

Құс тү­рі­нің топ­та­ры
Күз­гі ұшу ба­стал­ған күн
Ұшу мер­зі­мі
Ұшу­дың аяқ­та­луы
Ұшып өт­кен құ­стар­дың са­ны
1
2
3
4
5
6
5-кесте
Жабайы жануарларды жерсіндіру, жұмсалған қаражат шығындар (дарақ)
Р/с

Аң­шы­лық пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
Атау
(аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­ры, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар)
Жер­сін­ді­рі­л­ген
аң­дар
құ­стар
са­ны
(да­рақ)
шы­ғы­стар
(мың тең­ге)
са­ны
(да­рақ)
шы­ғы­стар
(мың тең­ге)
1
2
3
4
5
6
7
6-кесте
Жабайы жануарларды олжалау туралы мәліметтер (дарақ)
Р/с

Аң­шы­лық пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
Жа­ну­ар­лар тү­рі
(жы­ны­сы-жа­сы бой­ын­ша топ­тар)
Бе­кі­ті­л­ген ли­мит (кво­та)
Ол­жан­ға­ны
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­лан­ға­ны үшін түс­кен тө­лем­дер
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке жол­дан­ды
(мың тең­ге)
Қа­тыс­қан аң­шы­лар
түр­ле­рі бой­ын­ша бар­лы­ғы
со­ның ішін­де ше­тел тур аң­шы­лы­ғы­нан
бар­лы­ғы
(мың тең­ге)
со­ның ішін­де ше­тел тур аң­шы­лы­ғы­нан (мың тең­ге)
аза­мат­тар
ше­тел аза­мат­та­ры
1
2
3
4
5
6
8
9
10
11
12
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы
Наименование _____________________________
Мекенжайы
Адрес________________________
______________________________
Телефоны
Телефон ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы адрес электронной почты _______________________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
_____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғалардан қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами
частного предпринимательства)
_______________________

1.0 Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Әкімшілік деректерді
жинақтауға арналған
нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманы ұсыну болып табылады.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесі кадастрында жабайы жануарлар түрлерінің таралуы, биологиялық жай-күйі, саны, сипаты және шаруашылық пайдаланудың қарқындылығы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесі қамтылады.
Жануарлар дүниесінің кадастры аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша жүргізіледі.
Жануарлар дүниесі кадастрының құжаттамасы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша кадастрлық кітап нысанында жүргізіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі барлық мекемелер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадастрлық құжаттамаға ағымдағы өзгерістер туралы мәліметтерді енгізеді.
Есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне кадастрлық құжаттаманы ұсынады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

2 2. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында аңшылық пайдаланушылардың, аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы көрсетіледі.

3 3. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында есепке алумен қамтылған алаңның атауы (мың гектар) көрсетіледі.

4 4. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында жануардың түрі көрсетіледі.

5 5. Нысанның 1-кестесінің 4, 5, 6, 7-бағандарында есепке алу алаңындағы дарақтардағы жынысы мен жасы бойынша жабайы тұяқты жануарлардың жалпы саны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 1-кестесінің 8, 9, 10, 11-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша дарақтардағы (жануарларды экстраполяциялағаннан кейін) жалпы саны көрсетіледі.

7 7. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.

8 8. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында есепке алынған сұр барылдауық саны көрсетіледі.

9 9. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында есепке алынған шүрегей саны көрсетіледі.

10 10. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында ескерілген сүңгуірлердің саны көрсетіледі.

11 11. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында ескерілген өзге де өзен үйректерінің саны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында 2, 3, 4, 5-бағандардың қосындысына тең есепке алынған үйректердің жалпы саны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында есепке алынған қасқалдақ саны көрсетіледі.

14 14. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында ескерілген қаздардың саны көрсетіледі.

15 15. Нысанның 3-кестесінің 1-бағанында жануар түрінің атауы көрсетіледі.

16 16. Нысанның 3-кестесінің 2-бағанында есепке алумен қамтылған алаңның атауы (мың гектар) көрсетіледі.

17 17. Нысанның 3-кестесінің 3-бағанында мыңдаған гектар аумақтың ауданы көрсетіледі.

18 18. Нысанның 3-кестесінің 4-бағанында ареал ауданынан (мың гектар) есепке алу алаңы көрсетіледі

19 19. Нысанның 3-кестесінің 5-бағанында диапазонның жалпы ауданынан есепке алу жүргізілген пайызбен аудан көрсетіледі.

20 20. Нысанның 3-кестесінің 6, 7 және 8-бағандарында жабайы тұяқты жануарларды жынысы мен жасы бойынша есепке алу көрсеткіштері көрсетіледі.

21 21. Нысанның 3-кестесінің 10, 11, 12 және 13-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша есепке алу көрсеткіштері көрсетіледі.

22 22. Нысанның 3-кестесінің 14-бағанында популяция тығыздығы 1000 гектарға көрсетіледі.

23 23. Нысанның 4 1) кестесінің 1-бағанында көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде ескерілген су айдындарындағы аңшылық құстардың түрі көрсетіледі.

24 24. Нысанның 4-кестесінің 2-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың алғашқы пайда болған күні көрсетіледі.

25 25. Нысанның 4-кестесінің 3-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың жаппай ұшып өту күні көрсетіледі.

26 26. Нысанның 4-кестесінің 4-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың ұшып өтуінің аяқталу күні көрсетіледі.

27 27. Нысанның 4-кестесінің 5-бағанында 1) тұрақты бақылау пункттерінен таңертеңгі уақытта көктемгі ұшудағы құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.

28 28. Нысанның 4 1) кестесінің 6-бағанында тұрақты бақылау пункттерінен кешкі уақытта көктемгі ұшудағы құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.

29 29. Нысанның 4-кестесінің 7-бағанында 5 және 6-бағандарда көрсетілген құстар санының сомасына тең көктемгі аралықтағы құстардың жалпы саны көрсетіледі.

30 30. Нысанның 4 2) кестесінің 2-бағанында күзгі аралықта көші-қон кезеңінде ескерілген құстардың түрі көрсетіледі.

31 31. Нысанның 4 2) кестесінің 3-бағанында күзгі аралықта қоныс аудару кезеңінде есепке алынатын құстардың алғашқы пайда болған күні көрсетіледі.

32 32. Нысанның 4-кестесінің 4-бағанында 2) күзгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың жаппай ұшып өту күні көрсетіледі.

33 33. Нысанның 4-кестесінің 5-бағанында 2) күзгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың ұшып өтуінің аяқталу күні көрсетіледі.

34 34. Нысанның 4 2) - кестесінің 6-бағанында тұрақты бақылау пункттерінен ұшып өтетін құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.

35 35. Нысанның 5-кестесінің 2-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.

36 36. Нысанның 5-кестесінің 3-бағанында аңшылық пайдаланушылардың, аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы көрсетіледі.

37 37. Нысанның 5-кестесінің 4, 5, 6, 7-бағандарында жабайы жануарлар мен құстарды қоныстандыру, жұмсалған қаражаттың көрсеткіштері көрсетіледі.

38 38. Нысанның 6-кестесінің 2-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.

39 39. Нысанның 6-кестесінің 3-бағанында жануарлардың жынысы мен жасына қарай түрлері көрсетіледі.

40 40. Нысанның 6-кестесінің 4-бағанында бекітілген лимит (квота) көрсетіледі.

41 41. Нысанның 6-кестесінің 5-бағанында түрлер бойынша өндірілген жабайы жануарлардың саны көрсетіледі.

42 42. Нысанның 6-кестесінің 6-бағанында шетелдік аңшылықтан алынған жабайы жануарлардың саны көрсетіледі.

43 43. Нысанның 6-кестесінің 8-бағанында жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін түскен төлемдер (мың теңге) көрсетіледі.

44 44. Нысанның 6-кестесінің 9-бағанында жануарлар дүниесін шетелдік аңшылықтан пайдаланғаны үшін түскен төлемдер (мың теңге) көрсетіледі.

45 45. Нысанның 6-кестесінің 10-бағанында республикалық бюджетке жіберілген саны көрсетіледі (мың теңге).

46 46. Нысанның 6-кестесінің 11-бағанында қатысушы аңшылардың (азаматтардың) саны көрсетіледі.

47 47. Нысанның 6-кестесінің 12-бағанында қатысушы аңшылардың (шетел азаматтарының) саны көрсетіледі.

Есептің соңында оның толтырылған күні, аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі және орындаушының және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолдары қойылады.

2 Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы

Жануарлар дүниесін
мемлекеттік есепке алуды,
оның кадастры мен мониторингін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Индекс: АШ-2
Жиілігі: жылдық.
Есептік кезең: 20___жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.
Ұсынылады: жануарлар дүниесін пайдаланушылар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша.
Министрлік, ведомство __________________________________________
Облыстық аумақтық инспекция____________________________________
Аңшылық шаруашылығы_________________________________________
Пайдаланушы___________________________________________________
Пошта мекенжайы ________________________________________________
БСН (ЖСН) ______________________________________________________
Басталды: 20 _ _ жылғы «» жағдай бойынша
Аяқталды: 20 _ _ жылғы «» жағдай бойынша
_ _ _ Парақта
Үнемі сақтаңыз
1-бөлім
Аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін негіз
1-бөлімде аңшылық шаруашылығының атауы, пайдаланушының атауы, аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аңшылық шаруашылығының паспорты көрсетіледі.
2-бөлім
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны және оларды бағалау (дарақ)
Жануардың түрі _________________________________________________
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де:
Ата­лық­тар
(да­рақ)
Ана­лық­тар
(да­рақ)
Төл­де­рі
(да­рақ)
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау кү­ні
са­ны
ба­ға­лау кү­ні
са­ны
ба­ға­лау кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
20___ ж.
20___ ж.

1 1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;

2 2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.

Жануардың әрбір түріне жеке-жеке кесте толтырылады.
3-бөлім
Аң аулау объектiлерi болып табылатын құстар түрлерiнiң саны және оларды бағалау (дарақ)
Суда жүзетін құс
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де
ба­рыл­да­уық
қаз­дар
үй­рек­тер
са­ры­а­ла
қаз
бас­қа­ла­ры
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
20___ ж.
20___ ж.
20___ ж.
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Орман жабайы құсы және орман құсы
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
са­ңы­рау құр
құр
сұр құр
жыл­қы­шы
бас­қа­ла­ры
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
20___ ж.
20___ ж.
20___ ж.
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Егістік және дала құсы
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
қыр­ғауыл
сұр ке­кі­лік
бө­дене
түр­кеп­тер-лер
бас­қа­ла­ры
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
20___ г.
20___ г.
20___ г.
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Батпақ және шабындық құсы
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
шал­шық­шы­лар
тар­тар
бозқан­шыр
су­тар­тар
бас­қа­ла­ры
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
20___ ж.
20___ ж.
20___ ж.
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Басқа құстар
Өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
сұқ­сыр
үл­кен су­құз­ғын
Ақ­құ­тан­дар
үл­кен көл­бұ­қа
бас­қа­ла­ры
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
са­ны
ба­ға­лау құ­ны
20___ ж.
20___ ж.
20___ ж.
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы
Наименование ________________________
Мекенжайы
Адрес____________________ _________________________
Телефоны
Телефон ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайыАдрес электронной почты
____________________________________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
____________________________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами
частного предпринимательства)
_______________________

2.0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

2 2. Нысанның 2-бөлімінің 1-бағанында өзгерістер енгізілген күн көрсетіледі.

3 3. Нысанның 2-бөлімінің 2, 3-бағандарында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.

4 4. Нысанның 2-бөлімінің 4, 5-бағандарында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.

5 5. Нысанның 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7,8, 9-бағандарында дарақтардағы жынысы мен жасы бойынша аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 1-кестесінің 8, 9, 10, 11-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша дарақтардағы (жануарларды экстраполяциялағаннан кейін) жалпы саны көрсетіледі.

7 7. Нысанның 3-бөлімінің 1-бағанында өзгерістер енгізілген күн көрсетіледі.

8 8. Нысанның 3-бөлімінің 2-бағанында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.

9 9. Нысанның 3-бөлімінің 3, 4-бағандарында бағандарда көрсетілген аңшылық объектілері болып табылатын құс түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі 5, 6, 7, 8, 9,10, 11, 12,13.

10 10. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында ескерілген барылдауық саны мен бағалау құны көрсетіледі.

11 11. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған қаздардың саны мен бағалау құны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған үйрек саны мен бағалау құны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған италақаз саны мен бағалау құны көрсетіледі.

14 14. Нысанның 3-бөлімінің 13-бағанында құстардың басқа түрлерінің бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.

15 15. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған көк сүңгуір саны мен бағалау құны көрсетіледі.

16 16. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған қызғыш саны мен бағалау құны көрсетіледі.

17 17. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған қызылбас сүңгуір саны мен бағалау құны көрсетіледі.

18 18. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған жылқышы саны мен бағалау құны көрсетіледі.

19 19. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған қырғауылдардың саны мен бағалау құны көрсетіледі.

20 20. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған сусылдақ саны мен бағалау құны көрсетіледі.

21 21. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған бөдене саны мен бағалау құны көрсетіледі.

22 22. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған тұр кептер саны мен бағалау құны көрсетіледі.

23 23. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған балшықшы саны мен бағалау құны көрсетіледі.

24 24. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған су тартар саны мен бағалау құны көрсетіледі.

25 25. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған коростель саны мен бағалау құны көрсетіледі.

26 26. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған қызыл қасқа су тартар саны мен бағалау құны көрсетіледі.

27 27. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған сарыалақаз саны мен бағалау құны көрсетіледі.

28 28. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған су құзғын саны мен бағалау құны көрсетіледі.

29 29. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған тырна саны мен бағалау құны көрсетіледі.

30 30. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында еске алынған үлпілдек саны мен бағалау құны көрсетіледі.

Есептің соңында оның толтырылған күні, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі және орындаушының және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолдары қойылады.
.

Қолданыстағы