Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости

Бұйрық · № 4-3/269 · қабылданған 30.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92590/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости Қолданыста Бұйрық ·№ 4-3/269 ·30.03.2015
17.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости

Қолданыста Бұйрық ·№ 4-3/269 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости
Атауы (қаз.)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4-3/269
Қабылданған күні
30.03.2015
Көрсетілген редакция
17.01.2023 92590_619474.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011710
ЭКБ идентификаторы
92590
Редакция идентификаторы
92590_619474
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:44

0 Тракторларды және олардың базасында

жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк
техникалық қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 19 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
2015 жылғы 12 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 8 мамыр

0 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/269 бұйрығымен
бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) иеленуші – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде машинаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы));

2

3 3) тiркеу құжаты – машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;

4

4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

5 5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

3

3. Осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған машиналарды қоспағанда иеленушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органында (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші)) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтуі тиіс.

4

4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерінің тиесілілігін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды (техниканың аталған түріне шығарушы зауыттың берген реттеуші құжаттамаларымен) және ақаулықтарды ескерту мақсатында жүргiзiледi.

5 5. Осы Қағидалардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін тіркеу пункттері ретінде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) түсініледі.

2 2-тарау. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi

6 6. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

7

7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ескере отырып, машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін (бұдан әрі – кесте) жасайды, онда машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізетін орны, күні және уақыты туралы мәліметтер қамтылады.
Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

8

8. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялау жолымен иеленушілерді (көрсетілетін қызметті алушыларды) машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

9 9. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі.

10

10. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қағаз түрінде не «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

11

11. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе маманы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оларды тіркейді және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушіге) жауапты инженер-инспекторын тағайындайтын жергілікті атқарушы органның басшысына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолдайды.
Құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, оларды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

12

12. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторы құжаттар келіп түскен күні оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркейді, иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ пайдалана отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама дайындайды және жібереді.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу пунктінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) машиналардың орналасқан жері бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тыңдалым нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізуге дайындығы туралы хабарламаны не уәжді бас тартуды ресімдейді.

13 13. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге дайын екендігі туралы хабарламаға немесе уәжді бас тартуға қол қояды.

Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) «жеке кабинетіне» жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

14 14. Машиналарды техникалық қарап-тексеру машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

15 15. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде:

1 1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

2 2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.

16 16. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып тексерiледi. Тiркемелердiң техникалық жай-күйi тракторлық поездың құрамында (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғаттағыштың ақаусыздығын бақылау үшін) тексеріледі.

17 17. Машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтiк техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.

18 18. Шығарылғанына 5 (бес) жылға дейінгі жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы 5 (бес) жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйі тексерілмей жүргізіледі.

19

19. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақауы бар» деген жазу жазылады, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.

20 20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 (екі) және одан да көп айдан астам мерзімге шыққан машиналар олардың уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.

21 21. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткен жеке тұлғалардың машиналары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеру журналына енгізеді.

22

22. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісін ресімдейді. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісі екі данада жасалады, оның біреуі заңды тұлғаның өкіліне беріледі, ал екіншісі тіркеу пунктінде қалады.

23 23. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

24 24. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) техникалық ақаулық анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды хабардар етеді.

Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

3 3-тарау. Шағымдану тәртібі

25

25. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

26 26. Иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

27 27. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

28 28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

28 28. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1 Өтініш

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi
, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды
жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты
мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің
мекенжайы (заңды мекенжайы))
Өтініш
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын.
Өтініш берушінің қолы _____________ 20__ _ жылғы « ___ » ___________________________________
20___ жылғы « ___ » _______ ____сағат____минутта қабылданды.
Инженер-инспектор ___________________________________________________ __________________
қолы
Техникалық қарап-тексеруден__________________20________ жылғы « ___ » ___________
(өтті/өтпеді)
________________________________________________________________________________________

2 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық қарап-
тексеруден өткiзу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге өті­нім­де­рін қа­был­дау:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (бұ­дан әрі – пор­тал).
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зім­де­рі:
Ма­ши­на­лар­дың ті­ке­лей ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша өті­нім тір­кел­ген сәт­тен ба­стап 10 (он) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
Ма­ши­на­лар тір­кеу пунк­тіне бе­рі­л­ген жағ­дай­да – өті­ніш тір­кел­ген сәт­тен ба­стап 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Тір­кеу құ­жа­ты­на (тех­ни­ка­лық пас­порт­қа) ин­же­нер-ин­спек­тор­дың қо­лы­мен және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған «Ақау бар» не «Ақа­у­сыз» де­ген жа­з­ба ен­гі­зу неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру - са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сіне жү­гін­ген кез­де:
1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) тiр­кеу құ­жа­ты.
пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
1) элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) тір­кеу құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге тап­сыр­ған кез­де – қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын оның кө­шір­ме­сін­де­гі құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­ле оты­рып, қой­ы­л­ған бел­гі рас­тай­ды;
пор­тал ар­қы­лы тап­сыр­ған кез­де – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­ра­ным­ның қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­ді.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 19-1-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту оның ішін­де
элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің жай-күйі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да;
2) пор­тал­да;
3) ти­іс­ті қыз­мет бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер Қа­ғи­да­лар өзгер­ген күн­нен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты өзек­тен­ді­ре­ді және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жі­бе­ре­ді.
Үшін­ші тұ­лға­лар­дың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу шар­тта­ры:
Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет­тен», сон­дай-ақ субъ­ек­ті­нің пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы бір рет­тік па­роль­ді жі­бе­ру неме­се пор­тал­дың ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған, мә­лі­мет­те­рі сұ­ра­ты­лып отыр­ған тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­ра­ны­мы.

3 Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы
бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық қарап-
тексеруден өткiзу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы
Р/с

Қа­рап-тек­се­ру  жүр­гiзiл­ген күнi
Ма­ши­на­ның ата­уы және мар­ка­сы
Нө­мiр­лерi
Мем­ле­кет­тік тір­кеу
нө­мі­рі
бел­гiсi
Иесiнiң  аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Тех­ни­ка­лық жай-күйi  ту­ра­лы қо­ры­тын­ды  (ақа­уы бар, ақа­у­сыз)
Ма­ши­на ие­ле­ну­ші­нің қо­лы
Шас­си­дің
неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі­нің
(VIN ко­ды)
қоз-ғалт-қыш-тың
1
2
3
4
5
6
7
8
9

4 Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылық, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі
20__ жылғы «___» ________
Мен,________________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы инженер-инспекторының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
____________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________ бiрге
(қарап-тексеруге қатысушы адамдардың аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
____________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
теңгерімінде тұрған машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткiздiм.
Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу кезiнде мыналар анықтады:
1. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге _________ бірлік (саны)
мынадай машиналар ұсынылды:
Р/с

Ма­ши­на­ның ата­уы
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Шы­ға­ру­шы за­уыт­тың рет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ма­ши­на­лар­дың мем­ле­кет­тiк тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ден өт­кен­дi­гi ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
ма­ши­на­ның (ра­ма­сы­ның)
қоз­ғалт­қы­штың
1
2
3
4
5
6
7
Техникалық қарап-тексеруден _____________________________ бірлік машина өттi.
(саны)
Техникалық қарап-тексеруден_____________________ бірлік машина өтпедi, оның
(саны)
iшiнде мынадай себептермен:
техникалық ақауы бар _____________________________________________ бірлік;
(саны)
конструкциясы нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес
келмейді ________________________________________________________ бірлік:
(саны)
мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейді_______________________ бірлік.
2. ___________ машина мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынылмады:
(саны)
Р/с №
Ма­ши­на­ның мар­ка­сы
Мем­ле­кет­тiк тiр­кеу нө­мі­рі бел­гiсi
Ма­ши­на­лар­ды мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ге ұсын­бау се­беп­терi
1
2
3
4
Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________________
(қолы аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi адам) _________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Инженер-инспектор __________________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Машина иеленуші немесе
оған уәкілеттік берілген адам:
___________________________________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)

Қолданыстағы