Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в области промышленности и экспортного контроля

Бұйрық · № 619 · қабылданған 28.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92660/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в области промышленности и экспортного контроля Күшін жойған Бұйрық ·№ 619 ·28.05.2015
08.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в области промышленности и экспортного контроля

Күшін жойған Бұйрық ·№ 619 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в области промышленности и экспортного контроля
Атауы (қаз.)
Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
619
Қабылданған күні
28.05.2015
Көрсетілген редакция
08.09.2020 92660_481640.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011630
ЭКБ идентификаторы
92660
Редакция идентификаторы
92660_481640
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:53

0 Өнеркәсiп және экспорттық бақылау

саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

7 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

8 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

9 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

10 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңатехнологиялар министрiнің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 102 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде 2014 жылы 30 сәуірде № 9370 болып тіркелген және 2014 жылы 15 мамырда «Әділет»ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылы 12 маусымда № 52 (2479) "Заң газеті" газетінде жариаланған) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 619 бұйрығына
1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) бекітілген «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz
«Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электронды.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекеттің) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алуы болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1 1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда
2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам)
1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды;

2 2) қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда
1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының Стандартқа сәйкестігін қарайды, қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам)
1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.

3 3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда
2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды және қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам)
1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі:

1 1) басшының бұрыштамасы;

2 2) жауапты орындаушыны тағайындау;

3 3) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;

4 4) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімді рәсімдеу;

5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттің) бірізділігінің сипаттауы:

1 1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының қарауына беруі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысының орындауына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысын тағайындауы
1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары топтамасының толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жолдайды;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауабын 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ресімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) сағат ішінде келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) сағат ішінде келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне 1 (бір) сағат ішінде қол қояды.

2 2) қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарының қарастыруына тапсыруы
1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы
1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысын тағайындауы
1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары топтамасының толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жолдайды;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оны алмастыратын адамның) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы 1 (бір) сағат ішінде;

3 3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда
2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды және қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам)
1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы.

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігін сипаттау:

1-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
4-рәсім – электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ) жіберу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – құжаттардың электрондық нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсім – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тіркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтерді өңдеу;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта рәсімдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігін сипаттамау:

1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының құпиясөзін енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсім – порталмен көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсім – қызметті электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейін бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседі;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем фактісін ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты, сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – сұрауды куәлландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтанбасының (бұдан әрі – ЭСҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауын өңдеу;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресімдеу үшін шарттарына, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
10-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.
Көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара
іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2 және 3-қосымшаларда берілген.

1.1 «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасы

«Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды (азаматтықты
қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-әрекеттерінің блок-сызбасы

1.2 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара
іс-әрекеттерінің диаграммасы

1.3 Көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара
іс-әрекеттерінің диаграммасы

2 «Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
2-қосымша
«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы көрсетеді.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11636 болып тіркелген) «Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан – әрі Стандарт) 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, көрсетілетін қызмет алушы заңды тұлға қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 12 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, көрсетілетін қызмет алушы қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезде:

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 1 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшысының) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды ресімдеуі, қайта ресімдеуді және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, қайта ресімдеу.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольдi енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны жасау;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеруі;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

2.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

2.2 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

2.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

3 «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
3-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11636 болып тіркелген) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру қызметті алушы құжаттарының лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшысының) экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беруді ресімдеуі және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру қызметті алушы құжаттарының лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің сипаттамасы:

1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторландыру процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрау салуды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат берушарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;

2 2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 1 сағаттан аспайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1 1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;

2 2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.

12 12. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізді тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (авторлау рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталмен көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрауды куәлландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсатберу шартарына және талаптарына сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 3, 4-қосымшаларда берілген.

3.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының ) бірізділік анықтамасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының ) бірізділік анықтамасы

3.2 Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

3.3 Көрсетiлетін қызметті берушi мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Көрсетiлетін қызметті берушi мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

3.4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

4 «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
4-қосымша
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау . Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер нәтижесін беру оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, көрсетілетін қызмет алушы заңды тұлға қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді, тиісті мемлекеттік органдардың уақытында жауап бермеген жағдайда өтініштің мәртебесі жауап берілгенге дейін «тоқтатыла тұруға» ауыстырылады, Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабының 3 тармағының екінші бөліміне сәйкес;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 2 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, көрсетілетін қызмет алушы заңды тұлға қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 1 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, қайта ресімдеу.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольдi енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны жасау;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеруі;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

4.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу,сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

4.2 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

4.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету
кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

5 «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
5-қосымша
«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау және минералды шикізатты экспорттау үшін лицензия беру кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды импорттау үшін және ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын экспорттау (импорттау) үшін лицензия беру кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, жекелеген тауарлар түрлерін экспорттау үшін лицензия беру кезінде 1 жұмыс күн мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау және минералды шикізатты экспорттау үшін лицензия беру кезінде 1 жұмыс күн мерзімінде (өтінішті тіркеу мемлекетік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды импорттау үшін лицензия беру кезінде 2 жұмыс күн мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын экспорттау (импорттау) үшін лицензия беру кезінде 7 жұмыс күн мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшысының) лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшаларын ресімдеуі және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензияны беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау және минералды шикізатты экспорттау үшін лицензия беру кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды импорттау үшін және ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын экспорттау (импорттау) үшін лицензия беру кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, жекелеген тауарлар түрлерін экспорттау үшін лицензия беру кезінде 1 жұмыс күн мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау және минералды шикізатты экспорттау үшін лицензия беру кезінде 1 жұмыс күн мерзімінде (өтінішті тіркеу мемлекетік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды импорттау үшін лицензия беру кезінде 2 жұмыс күн мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын экспорттау (импорттау) үшін лицензия беру кезінде 7 жұмыс күн мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензия беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольдi енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны жасау;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті алушының сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде (түпнұсқа құжатардың PDF форматында) бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеруі;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

5.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

5.2 Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

5.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету
кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

6 «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетінатқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
6-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) лицензияны беру, көрсетілетін қызмет алушы заңды тұлға қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 27 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензияны беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 1 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіз болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеуі және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) лицензияны беру, көрсетілетін қызмет алушы заңды тұлға қайта құрылу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 27 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензияны беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) ұсынған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін қарайды:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 1 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольдi енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (іске қосу процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

6.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

6.2 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

6.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

7 «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
7-қосымша
«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру «электронды үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 6 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің маманымен тіркеу және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшысының) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 6 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (іске қосылу рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және біліктіліктеріне сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

7.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

7.2 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

7.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

8 «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
8-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 26 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсатты ресімдеуі және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 26 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің сипаттамасы:

1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторландыру процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;

2 2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1 1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;

2 2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.

12 12. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (іске қосылу рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (іске қосу процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталмен көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартарына және талаптарына сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 3, 4-қосымшаларда келтірілген.

8.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

8.2 Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

8.3 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

8.4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

9 «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
9-қосымша
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электронды үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 4 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;

2 2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;

3

3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

4

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 4 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;

5 5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымшаға сәйкес қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің сипаттамасы:

1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторлау процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрау салуды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;

2 2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1 1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;

2 2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.

12 12. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізді тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (авторлау рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (іске қосу процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру шартарына және талаптарына сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 3, 4-қосымшаларда келтірілген.

9.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

9.2 Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

9.3 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

9.4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде
тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

10 «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 619 бұйрығына
10-қосымша
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) мемлекеттік органдармен келісу талап етпейтін қорытындыны қоспағанда тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 3 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:

Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік органдармен келіскен жағдайда, 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;

2 2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;

3 3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытындыны ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) Басқарма басшысы;

4 4) бас сарапшысы (сарапшы).

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:

1 1) мемлекеттік органдармен келісу талап етпейтін қорытындыны қоспағанда тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 3 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;

2 2) мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік органдармен келіскен жағдайда, 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.

1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логині мен паролін енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм –көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.

2 2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті алушының сұрау нысанына қажеттi құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеруі;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.

10.1 Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы

10.2 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан
ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

10.3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

Қолданыстағы