Об утверждении формы свидетельства патентного поверенного
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы свидетельства патентного поверенного
- Атауы (қаз.)
- Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 08.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2015 92687_60190.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011814
- ЭКБ идентификаторы
- 92687
- Редакция идентификаторы
- 92687_60190
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:12
0 Патенттік сенім білдірілген өкіл
куәлігінің нысанын бекіту туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 08 шілдедегі
№ 383 бұйрығымен
бекітілген
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
ПАТЕНТТІК СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛДІҢ
КУӘЛІГІ
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелген (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда) ______________________________________________________________
______________________________________________________________берілді.
Тіркеу туралы жазба Патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміне
20 __ жығы «__» ______________ № ___________ енгізілді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің орынбасары