Об утверждении Положения о деятельности внешкольных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о деятельности внешкольных организаций
- Атауы (қаз.)
- Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 849
- Қабылданған күні
- 21.06.2001
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2013 AI9271_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000849_
- ЭКБ идентификаторы
- 9271
- Редакция идентификаторы
- AI9271_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:43
0 Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже бекітілсін.
2 2. "Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 523-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже Yкiметтiң жеке кесiмiмен бекiтiледi.";
8-тармақтағы "мектептен тыс ұйымдарға" деген сөздер алынып тасталсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
4 Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 22 маусымдағы
N 849 қаулысымен
бекiтiлген
Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы осы Ереже мектептен тыс ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйым) қызметiн белгiлейдi.
2 2. Ұйым өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және Ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
3 3. Ұйымдарда азаматтардың, қоғамның мемлекеттiң бiлiмдiк және мәдени қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында бiлiм берудiң қосымша дамыту бағдарламалары iске асырылады.
4 4. Мемлекеттiк Ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi мемлекет қамтамасыз етедi.
5 5. Ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1 1) балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсiптiк бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету;
2 2) балаларды қоғам өмiрiне бейiмдеу;
3 3) олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;
4 4) өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
6
6. Ұйымдарға балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студиялары; жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен базалары; балалар музыка, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; ынта-ықыластары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер; балалар парктерi, стадиондар, галереялар және басқа да ұйымдар жатады.
6-1 6-1. Мектептен тыс ұйымның әрбiр түрi қызметiнiң тәртiбін Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
📌 Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N 1208 қаулысымен.
2 2. Қызметтi ұйымдастыру
7 7. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
8 8. Ұйымның бiлiм беру қызметi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
9 9. Мемлекеттiк Ұйымның педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген жеңiлдiктерге құқылы.
10 10. Ұйым "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес бес жылда бiр рет мемлекеттiк аттестаттаудан өтедi.
3 3. Қызметiнiң негiздерi
11 11. Ұйым өз бетiнше Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзiнде өз қызметiнің бiлiм беру бағдарламасын әзiрлейдi.
📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N 1208 қаулысымен.