О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 628
- Қабылданған күні
- 10.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 92829_88117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000628
- ЭКБ идентификаторы
- 92829
- Редакция идентификаторы
- 92829_88117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:45
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 628 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 408-құжат).
2 2. «Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1043 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.,
№ 41, 448-құжат).
3 3. «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
27 маусымдағы № 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2007 ж., № 22, 249-құжат).
4 4. «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 263-құжат).
5 5. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 301-құжат).
6 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы
№ 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 631 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 323-құжат).
7 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 557 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 225-құжат).
8 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерің 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).
9 9. «Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 587-құжат).
10 10. «Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 10-құжат).
11 11. «Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 524 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,
№ 45, 611-құжат).
12 12. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 609 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, № 672-құжат).
13 13. «Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, № 757-құжат).
14 14. «Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 шілдедегі
№ 945 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,
№ 63, 870-құжат).
15 15. «Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,
№ 74, 1085-құжат)
16 16. «Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1105-құжат).
17 17. «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1107-құжат).
18 18. «Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
№ 15, 262-құжат).
19 19. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 261 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
№ 22, 353-құжат).
20 20. «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 468-құжат).
21
21. «Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 711 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 607-құжат).
22 22. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысының
2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 850-құжат).
23 23. «Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1287 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
№ 68, 913-құжат).
24
24. «Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
№ 78, 1036-құжат).