Об определении юридического лица, осуществляющего функции оператора системы экстренного вызова при авариях и катастрофах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении юридического лица, осуществляющего функции оператора системы экстренного вызова при авариях и катастрофах
- Атауы (қаз.)
- Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 513
- Қабылданған күні
- 28.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2017 92875_234505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011809
- ЭКБ идентификаторы
- 92875
- Редакция идентификаторы
- 92875_234505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:15
0 Авариялар мен апаттар кезіндегі
шұғыл шақыру жүйесі операторының
функцияларын жүзеге асыратын заңды
тұлғаны айқындау туралы
«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 11 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 1 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
_______________ К. Қасымов
2015 жылғы 12 мамыр