Об утверждении перечня участков недр, подлежащих выставлению на конкурс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня участков недр, подлежащих выставлению на конкурс
- Атауы (қаз.)
- Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 23.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 92876_47158.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011871
- ЭКБ идентификаторы
- 92876
- Редакция идентификаторы
- 92876_47158
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:59
0 Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануы;
3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 шілдегі
№ 495 бұйрығымен
бекітілген
Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі
№
Пайдалы қазбалар түрі
Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің атауы
Орналасқан жері
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрі
Облысы
Географиялық координаттары солтүстік ендігі және шығыс бойлығы.
1
2
3
4
5
6
Көмірсутегі шикізаты
1.
Көмір-сутегі шикізаты
Имашев кен орны
Атырау
46°40'54" 48°032'05"
46°42'52" 48°41'36"
46°37'20" 48°42'00"
46°39'00" 48°33'50"
*ескертпе – 1 нүктеден 2 нүктеге дейін келісімшартты аумақ ҚР мен РФ арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы 2005 жылғы 18 қаңтардағы шартына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараларын бойлай өтеді.
Барлау