Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг в области семеноводства

Бұйрық · № 4-2/416 · қабылданған 06.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-92880/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг в области семеноводства Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-2/416 ·06.05.2015
13.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг в области семеноводства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-2/416 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг в области семеноводства
Атауы (қаз.)
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-2/416
Қабылданған күні
06.05.2015
Көрсетілген редакция
13.05.2021 92880_525698.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011777
ЭКБ идентификаторы
92880
Редакция идентификаторы
92880_525698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:08

0 Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1

2

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 27 мамыр

1 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
1-қосымша
«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

2 «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
2-қосымша
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

3 «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезiнде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап – бiр жылға дейiн;

мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап:
дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – 3 жылға дейін;
азықтық дақылдар бойынша – 6 жылға дейін;
жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша – 12 жылға дейін;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес.
Өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Мемкомиссия сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінім ұсынады:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктiң шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтiнiш, екі данада;

2

2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының шаруашылыққа жарамдылығына сынау және бағалау жүргізу кезiнде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

3 3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша), екі данада;

4 4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

5 5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродукциялық бөліктерінің және сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің фотографиялары;

6 6) өтініш беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқық мұрагерлері мен делдалдар үшін);

7 7) сынауға берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекция сорттары үшін);

8 8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгiлерi.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемкомиссияға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын Мемкомиссияның кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі растайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы сортқа сынау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) сортқа сынау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі

№ 4-2/602 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, арызды/шағымды қабылдаған адамның аты-жөні және тегі, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13

13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде;

2 2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

3.1 Селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш

«Ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнің шаруашылыққа
жарамдылығын мемлекеттік
сынау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
(010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, «Іскер» бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)
Өтініш нөмірі
Тіркелген күні
Селекциялық жетістіктің шаруашылыққа
жарамдылығын сынауға арналған өтініш
Өтiнiш берушi(лер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi/заңдытұлғаның
атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы____________________________________
__________________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ____________________
Селекциялык жетiстiк оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу
үлесі, %-бен _______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы)______________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсы­ны­лып отыр­ған ата­уы
_______________________________________________________________­_­_­_­__
Се­лек­ци­я­лық нө­мі­рі
_______________________________________________________________­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­__
Ав­тор(лар) (егер, ав­тор(лар) өтiнiш бе­ру­шi(лер) бо­лып та­был­ма­са)
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Үй­і­нің ме­кен­жайы
Қа­ты­су үле­сі, %
Мен­де­гі (біз­де­гі) бар ақ­па­рат бой­ын­ша бас­қа ав­тор­ла­ры жоқ
Ал­дың­ғы өтiнi­ш­тер
Тiр­кел­ген
Өтiнiш нө­мiрi
Ке­зе­ні
Қан­дай ата­у­мен
елі
кү­ні
Қор­ғау­ға бе­ру­ге
Ша­ру­а­шы­лық­қа жа­рам­ды­лы­ғын сы­на­у­ға
Мен (бiз) бiрiн­шi өтiнi­ш­те берiл­ген ма­те­ри­ал осы сорт­ты бiл­дiретiнiн және осы өтiнiш­ке сәй­кес ке­ле­ті­нін мәлiм­дей­мiн(мiз)
Ори­ги­на­тор ұсы­нып отыр­ған сы­нау (пай­да­ла­ну) са­ла­ла­ры
Мен (бiз) се­лек­ци­я­лық жетiстiк­тiң ша­ру­а­шы­лық­қа жа­рам­ды­лы­ғы­на мем­ле­кет­тiк сы­нау жүр­гі­зу­ді өтi­не­мiн(мiз).
Мен (бiз) мен­де (бiз­де) бар мәлi­мет­тер бой­ын­ша өтiнi­штi қа­ра­у­ға қа­жет­тi және осы өтiнiш пен қо­сым­ша­ға ен­гiзiл­ген ақ­па­рат түп­кi­лік­ті және дұ­рыс екен­дi­гiн мәлiм­дей­мiн(мiз).
Мен (бiз) үл­гiлер­дiң тиiсiн­ше алын­ғанды­ғын және сорт­тың ре­пре­зен­та­тив­ті ірік­тел­ге­нін көр­се­те­ті­нін рас­тай­мын(мыз).
Мен (бiз) Мем­ле­кет­тік ко­мис­сия мен оның ин­спек­ту­ра­ла­ры­ның на­ряд­та­ры бой­ын­ша ша­ру­а­шы­лық­қа жа­рам­ды­лы­ғы­на сы­нау жүр­гi­зу үшiн тұқым­ның қа­жет­тi мөл­шерiн, сон­дай-ақ сақ­та­у­ға сорт­тың эта­лон­дық үл­гiсiн өте­усiз бе­ру­ге мiн­дет­те­не­мiн(міз).
Өтiнiш бе­ру­шiнiң (бе­ру­ші­лер­дiң) қо­лы (қол­да­ры)
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
Мөр (бар бол­са) ор­ны

Қолданыстағы