О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 439
- Қабылданған күні
- 26.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2015 92882_31802.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011655
- ЭКБ идентификаторы
- 92882
- Редакция идентификаторы
- 92882_31802
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:21
0 Қазақстан Республикасына
мұнай өнімдерін жеткізудің
кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. 2015 жылдың 27 шілдесінен бастап 27 тамызды қоса Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына темір жол көлігімен дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) әкелуге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________А. Исекешев
«_______» __________________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________________ Е. Досаев
«_______» _______________ 2015 жыл