О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 439
- Қабылданған күні
- 26.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2015 92882_31802.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011655
- ЭКБ идентификаторы
- 92882
- Редакция идентификаторы
- 92882_31802
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:21
0 Қазақстан Республикасына
мұнай өнімдерін жеткізудің
кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2015 жылдың 27 шілдесінен бастап 27 тамызды қоса Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына темір жол көлігімен дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) әкелуге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________А. Исекешев
«_______» __________________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________________ Е. Досаев
«_______» _______________ 2015 жыл