Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 31.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2016 92894_72303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VO004107
- ЭКБ идентификаторы
- 92894
- Редакция идентификаторы
- 92894_72303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:51
0 Көкпекті ауданының шалғайдағы елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемасы мен тәртібін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «31 » шілдедегі
№ 186 қаулысына
1 қосымша
Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
№
Тура бағыт
Кері бағыт
1
Қарамойыл ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «А.С. Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «А.С. Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қарамойыл ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтытағы алаң.
2
Ақсу ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «М. Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Ақсу ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
3
Үшкөмей ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «М. Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Үшкөмей ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
4
Қарамойыл ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қарамойыл ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
5
Жансары ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің. алдындағы алаң
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Жансары ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
6
Жанажол ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Октябрь мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Октябрь мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Жанажол ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;
7
Қойтас ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Октябрь мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Октябрь мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қойтас ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
8
Көкпекті ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Көкпекті ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
9
Көкпекті ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Көкпекті ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
10
Самар ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Самар бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Самар бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Самар ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
11
Мелитополь ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Мелитополь ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
12
Песчанка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Палатцы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Палатцы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Песчанка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
13
Өрнек ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Өрнек ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
14
Қызылжұлдыз ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қызылжұлдыз ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
15
Черноярка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Черноярка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
16
Каменка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Каменка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
17
Өрнек ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Өрнек ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
18
Қарғалы ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қарғалы ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
19
Новостройка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Ново-Тимофеевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Ново-Тимофеевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Новостройка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
20
Сулеймен ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Сулеймен ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
21
Нура ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Нура ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
22
Московка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Мариногорка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Мариногорка орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Московка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
23
Қайынды ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Пантелеймоновка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Пантелеймоновка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қайынды ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
24
Ақтас ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң; Көкпекті ауданы әкімдігінің «Куйбышев атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Көкпекті ауданы әкімдігінің «Куйбышев атындағы негізгі
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Ақтас ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
4 Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «31» шілдедегі
№ 186 қаулысына
2 қосымша
Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1 1. Балаларды тасымалдау тәртібі
1 1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
2 2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдау заңнамасының талаптарын сақтаумен, өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
3 3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
5 5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайтын уақытша кедергiлердiң пайда болуы), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлуі тиiс.
6 6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
7 7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
8 8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
9 9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
1 1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2 2) жүру маршрутын өзгертуге;
3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4 4) автобуста балалар болған кезiнде, оның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
10 10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
11 11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
12 12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
13 13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
14 14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
15 15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
1 1) салонда тұруына және жүруiне;
2 2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3 3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4 4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5 5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6 6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7 7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8 8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9 9) есiктердi ашуына;
10 10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
16
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.