Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства Алматинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства Алматинской области
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысының кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 02.07.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2016 92900_112179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0003336
- ЭКБ идентификаторы
- 92900
- Редакция идентификаторы
- 92900_112179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:15
0 Алматы облысының кәсіпкерлік
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса бекітілсін:
1 1) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3 3) «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4 4) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серік Мелісұлы Тұрдалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 289 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер
бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы –20 (жиырма) минуттан аспайды. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2 2) құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны анықтау. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, жобалардың тізбесін дайындау және құру, жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау. Ұзақтығы – 12 (он екі) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау;
4 4) жобаларды қарау және Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасын рәсімдеу. Ұзақтығы – 12 (он екі) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасы;
5 5) көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесін беру. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
28 Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберінде кредиттер
бойынша сыйақы мөлшерлемесіне
субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
29 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 289 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесі болып табылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы – 1 (бір) сағаттан аспайды. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2 2) құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны анықтау. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, жобалардың тізбесін дайындау және құру, жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау. Ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау;
4 4) жобаларды қарау және Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасын рәсімдеу. Ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасы;
5 5) көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесін беру. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
48 «Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберінде кредиттер
бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру»
49 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 289 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: грантты беру туралы шарт.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2 2) құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны анықтау. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – жауапты орындаушыны анықтау.
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, жобалардың тізбесін дайындау және құру, гранттар бойынша комиссияға тізбені жолдау. Ұзақтығы – 15 (он бес) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – гранттар бойынша комиссияға тізбені жолдау.
4 4) жобаларды қарау және грантты беру туралы шартты рәсімдеу. Ұзақтығы – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – грантты беру туралы шарт;
5 5) грантты беру туралы шартты көрсетілетін қызметті алушыға беру. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
68 «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы шеңберінде гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру»
69 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 289 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2 2) құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны анықтау. Ұзақтығы - 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – жауапты орындаушыны анықтау;
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, жобалардың тізбесін дайындау және құру, жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау. Ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – жобалардың тізбесін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдау;
4 4) жобаларды қарау және Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасын рәсімдеу. Ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасы;
5 5) көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының көшірмесін беру. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.
88 «Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберінде өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»