Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37-5
- Қабылданған күні
- 29.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2015 92901_337936.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SE003348
- ЭКБ идентификаторы
- 92901
- Редакция идентификаторы
- 92901_337936
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:54
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін
және мөлшерін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, «Халықты әлуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Мынадай тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
5
5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
мәслихатының 2015 жылғы
29 шілдедегі № 37-5 шешіміне
1-қосымша
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысы
___________________________________________
(жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)
ӨТІНІШ
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
туған күні __________________________________________________________
мүгедектігі _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың № _____ ___ жылғы ____ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тағайындауға құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1 ________________________________ 2 ________________________________
3 ________________________________ 4 ________________________________
5 ________________________________ 6 ________________________________
7 ________________________________ 8 ________________________________
9 ________________________________ 10 _______________________________
Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындауға
қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Құжаттарды қабылдады:
_________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
20__ ж. «___» ____________
____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
20__ ж. « ___» ___________
10 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
мәслихатының 2015 жылғы
29 шілдедегі № 37-5 шешіміне
2-қосымша
АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________ берілді,
(оқитын және тәрбиеленетін баланың Т.А.Ә.)
ол шын мәнінде __________________________________ № ______ мектептің
(мектептің атауын көрсету)
«___» сыныбында жеке оқу жоспары бойынша үйде оқиды.
Анықтама талап еткен жеріне ұсыну үшін берілді.
_______________________ № __ мектеп директоры
(мектептің атауын көрсету)
Т.А.Ә.__________________
(аты-жөні және қолы)
М.О.