О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Мунайлинского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Кейбір Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/374
- Қабылданған күні
- 23.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2021 92916_532606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MG002804
- ЭКБ идентификаторы
- 92916
- Редакция идентификаторы
- 92916_532606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:00
0 Кейбір Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Кейбір Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Маңғыстау селосы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-45 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2009 жылғы 19 маусымда жарияланған):
тақырыбында және 1-тармағында «селосы» деген сөз «ауылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
1-қосымшасында:
«селосын» деген сөз «ауылын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшасында:
«селосы» деген сөз «ауылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) «Маңғыстау селосы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/162 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-46 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2009 жылғы 19 маусымда жарияланған):
тақырыбында және 1-тармағында «селосы» деген сөз «ауылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
1-қосымшасында:
«селосын» деген сөз «ауылын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшасында:
«селосы» деген сөз «ауылы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2 2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
____________ Ә. Өтегенов
«____»____________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ М. Төлемісов
«___»___________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
________________ Ж.Джалтармаева
«___»___________ 2015 жыл