Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 258
- Қабылданған күні
- 23.07.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2024 I92939_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DI003342
- ЭКБ идентификаторы
- 92939
- Редакция идентификаторы
- I92939_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:59
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы
пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас
бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдар және интернаттық
ұйымдарды бітіруші кәмелетке
толмағандар үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Есболған Есенбайұлы Тұрсынбаевқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.